Ивановка ауылдық округі әкімі аппаратымен өткізілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс- шаралар туралы
Жемқорлықты құқық бұзушылық жағдайларын болдырмау мақсатымен сыбайлас жемқорлықпен күрес профилактикасы бойынша қолданылатын шаралар - ол ең алдымен жемқорлыққа байланысты көз қарасты өзгертуге, жемқорлық көріністерінің барлық түрлерін тудыратын жағдайларды жою үшін әрекет жасауға бағытталған шаралар.
Мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар өздерінің құзыреттері шегінде заңнамаға сәйкес жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Осыған байланысты Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты құқық бұзушылықты алдын алу мақсатымен, құқық бұзушылық профилактикасы және оны алдын алу бойынша үнемі жұмыс атқарып тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік және орыс тілдерінде стендте сенім телефондарын көрсетумен орналасқан, сонымен қатар тоқсан сайын «Колос» және «Аққайың» газеттерінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының бұзылу фактілерін хабарлау үшін мекеменің телефоны, азаматтарды жеке мәселелер бойынша округ әкімімен қабылдау кестесі, веб-сайттың мекен-жайы және әкім аппаратының электронды поштасы жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу жүргізуі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасы қолданусыз жузеге асырылады. Айсайын ауылдық округі әкімі аппараты бойынша бюджеттік қаражатының жұмсауының мониторингі өткізіледі, бюджеттік қаражаты игеруі бақылауда.
Аудандық қаржы бөліміне барлық есеп уақытында беріледі.
Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін бақылау тізілімі азаматтар үшін қол жетімді жерде орналастырылды.Жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын, ескертулерін және шағымдарын жинау үшін жәшік орнатылды.
Мемлекеттік қызметшілердің табысы туралы декларациялар уақытында және расты тапсырылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес азаматтардың өтініштерін қабылдау және есепке алу ұйымдастырылды, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап дейінгі кезеңде барлығы 15 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке қабылдауда - 12 өтініш. Келіп түскен 14 өтініш қаралды, 1 өтініш заңнамада белгіленген мерзімде басқа мемлекеттік органға жіберілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын орындау үшін Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі іс-шаралар жүргізеді.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қаралу үстінде.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби әрекеттерінде Заң нормаларын және жемқорлықпен күрес бойынша шараларды жүзеге асыруда өздерінің басты міндеттері деп санайтындары:
-азаматтық қоғамда мемлекеттік билігіне сенімді арттыру;
- қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты одан әрі арттыру;
-жемқорлық фактілері туралы ақпараттарға билік органдардың және лауазымды тұлғалардың жедел әрекет етуі.
2025 жылдың есеп беру кезеңінде Ивановка ауылдық кітапханасында “Сыбайлас жемқорлық туралы білесің бе” және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті насихаттайтын « Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баршаның ісі» бейнеролик әзірленді және дайындалды. Ивановка орта мектебінде оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» атты сурет байқауы өтті.
Осылайша, ауылдық округ әкімі аппараты құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың сенімін нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.