«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі аппараты» КММ қызметі туралы есеп

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі аппараты» КММ қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер

  1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты"КММ.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны: "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бойынша 2024 жылы барлығы 6 бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, бұл:

  1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
  2. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру";
  3. "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату";
  4. "Жер учаскесін алуға кезекке қою";
  5. "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу";
  6. "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту".

Барлық 6 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6 мемлекеттік қызмет бойынша Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес бекітілген стандарттар бар.

2024 жыл ішінде әкім аппаратымен 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, Мемлекеттік қызмет www.elicense.kz.

 Мемлекеттік қызмет:

 "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

             Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс    

            1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында әкім аппаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, құжаттар тізбесі) орналастырылды, халыққа қолжетімді жерде өтініш үлгілері, брошюралар орналастырылды.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары әкім аппаратының ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn-ivanov/activities/directions?lang=ru"Мемлекеттік қызмет көрсету" бөлімінде.

           3) Халыққа қызмет көрсету жағдайларын жасау жөнінде шаралар қабылданады. Әкім аппараты қажетті компьютерлік ұйымдастыру техникасымен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі бойынша көрнекі ақпараты бар стендтер ресімделген, мүмкіндіктері шектеулі Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар үшін жағдайлар жасалған, пандус орнатылған, шақыру түймесі орнатылған.                  

Округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуы үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жабдықталған, әкім аппаратының мамандары округ азаматтарына қандай да бір мемлекеттік қызметті алуда көмек көрсетеді, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу аса сұранысқа ие болып табылады.

2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2024 жыл бойы тоқсан сайын "электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету"тақырыбында

 Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді; тоқсан сайын 2024 жыл ішінде округ азаматтарымен Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша жұмыс дағдыларына оқыту жүргізілді; көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіре отырып, брошюралар тарату бойынша акциялар өткізілді,

2024 жылы барлығы 750 ақпараттық брошюралар таратылды. Тоқсан сайын әлеуметтік желіде неғұрлым өзекті Мемлекеттік қызметтер бойынша интернет –конференциялар, "Мемлекеттік қызметтер" тақырыбында Құқықтық жалпыға бірдей оқыту, онлайн форматта өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша оқыту семинарлары өткізіледі, 2024 жылы барлығы 155 Мемлекеттік қызмет дербес алынды.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері: мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер келіп түсетін E-licens автоматтандырылған базасы орнатылған.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар: бекітілген кестеге сәйкес округ әкімі аппараты мамандарының Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізуі. Халықты "электрондық үкімет" порталын пайдалану дағдыларына оқытуда консультациялық көмек, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқыту семинарлары өткізілді, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша брошюра құрылды.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Ивановка ауылдық округі әкімінің өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оқыту семинарларын, құқықтық жаппай оқытуды өткізуге жауапты лауазымды тұлға бекітілді.

          4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
          1. Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп ай сайын ұсынылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері жүргізілген жоқ.
  3. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары: БАҚ-та, ауылдық округ әкімі аппаратының интернет-ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты одан әрі хабардар ету, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру.

 

 

Дата публикации
26 марта 2025