2025-2027 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

                Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының   6-бабына сәйкес,  Солтүстік Қазақстан облысы  Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға  мынадай  көлемдерде бекітілсін:

1-тармақ жаңа  редакцияда жазылсын:

1) кірістер – 367287,4 мың теңге:

   салықтық  түсімдер – 9955 мың теңге;

          салықтық емес   түсімдер – 255  мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          трансферттер  түсімі – 357077,4 мың теңге;

          2) шығындар – 368925,4 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу –0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді  өтеу -  0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1638 мың теңге;

          5-1) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1638 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1638 мың теңге.

  1. 2025  жылға арналған ауылдық округ бюджетінің  кірістері Қазақстан Республикасы  Бюджет  кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

         дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

         қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

         2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

         3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

         4) мыналардан:

         тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

         өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

         5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

         аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

         аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;

         елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;

         6) бірыңғай жер салыгы;

         7) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

          2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

          3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

      4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

       3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.

  1. Аудан бюджетінен   ауылдық округ бюджетіне табысталған бюджеттік субвенция   сомасы 53204  мың теңге белгіленсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

       1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы  мәслихатының                       2024 жылғы  30  желтоқсандағы № 23-4 «2025-2027 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімі;

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы  мәслихатының                       2025 жылғы  27  наурыздағы №24-14  «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 23-4 «2025-2027 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімі.

  1. Осы  шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Солтүстік Қазақстан облысы                                     

    Аққайың ауданы мәслихатының      

                     төрағасы                                       

              ________  Е. Жәкенов

 

Приложение к решению 1,2,3
Дата публикации
06 мая 2025