«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы
18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимал агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізудің Үлгі қағидаларына сәйкес:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
3. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау нысаны, сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік ережесінің
8 тармағында көрсетілген бағыты анықталсын.
4. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне сыртқы талдаудың жалпы мерзімі осы өкім қол қойылған уақыттан бастап үш жұмыс күннен артық емес деп анықталсын.
5. Талдау өткізу кезеңі 2023 жылдың 01 маусымынан 2024 жылдың 01 маусымына дейін.
6. Жұмыс тобына сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау аяқталғаннан соң үш жұмыс күні ішінде Григорьевка ауылдық округінің әкіміне талқылау үшін келісілген талдау анықтамасы ұсынылсын.
7. Осы өкімнің орындалуын бақылау бас маманы Ә.Т. Кәминеваға жүктелсін.
8. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
М. Жәкімсалова
Григорьевка ауылдық округі әкімінің
2024 жылғы 05 маусымдағы
№ 21-ө өкіміне қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы
Әлия Төлегенқызы бас маман
Кәминева
Әсел Бекболатқызы
Хадисова бас маман
Гульфира Сеікқызы Солтүстік Қазақстан облысы
Бекмуратова Аққайың ауданда 2015-2025
жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясын сыртқы
талдау және бағалау
жөніндегі арнайы мониторинг
тобының мүшесі