GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
07 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:

- қаржы, бюджетті атқару;

Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.

Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 8 қазанынан                      2026 жылғы 9 қазанына дейін.

 

14 сентября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы бақылау және қадағалау органдары есебінің Бірыңғай күні

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00 (қатысушыларды тіркеу сағат 14:30 басталады) Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қатысуға облыс кәсіпкерлері шақырылады.

Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың алдын алуды талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.

Бірыңғай есеп беру күні Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (үлкен зал) мекенжайы бойынша өткізіледі. Облыс аудандарының кәсіпкерлері аудандық әкімдіктерде Бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қатыса алады.

Іс-шараға қатысу бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).

 

 

 

 

09 сентября 2026
Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру кеңесі өткізілді.

Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру кеңесі өткізілді.

 

Кеңес барысында қызметтік этиканы сақтау, қызметтік автокөлікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға жол бермеу, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлық мәселелері қаралды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі туралы тиісті түсініктемелер берілді.

04 сентября 2026
"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы 2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін хабарлайды. Талданатын кезең 2025 жылғы 01 шілдеден бастап 2026 жылғы 01 қыркүйекке дейін.

28 апреля 2026
Аққайың ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

 

Махаббат Төлегенқызы Дүйсембаева

 

Аққайың ауданы әкімінің орынбасары — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi

 

Мекенжайы: СҚО, Аққайың ауданы, Смирново а., Народная көш. 50

 

Байланыс телефондары:

8 (71532) 2-24-80, 87018536909

 

Электрондық пошта: m.dyusembaeva@sko.gov.kz

 

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды қабылдау кестесі: әр сәрсенбі сағ. 16.00 ден 18.00 дейін

Мемлекеттік көрселетін қызметтер
15 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

          Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

                                                                                                               Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

 

 

 

20 января 2026
«Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» оны іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын құжат жобасы

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағына сәйкес, стратегиялық экологиялық бағалауды (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ЭТРМ) төмендегі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:

 

– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатының жобасы (оның негізгі бағыттары және іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын);

– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатын іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;

– «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралагаш, Астраханка, Власовка, Ивановка, Киялы, Полтавка, Рублевка, Токуши, Трудовое, Черкасское, Шағалалы елді мекендерінің “Даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)”» құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсерлердің жалпы сипаттамасы.

 

СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «KazGeoSaulet» ЖШС.

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

СЭБ-ті әзірлеуге жауапты: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі».

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 

Қоғамдықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Бас жоспарды (Генпланды) іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, қандай әсерлер және не себепті Сіз оларды елеулі деп санайсыз?
  2. Бас жоспарды бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халық денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және не себепті?
  3. СЭБ бойынша есепте Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын ақпараттың барлығы қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және не себепті?
  4. Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2024–2040 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 25 қаңтар).

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық форматта Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

 

Міндетті түрде сіздің құжаттарыңыздың Кеңседе қабылданғанын +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

 

СЭБ материалдары Министрліктің сайтында орналастырылған: «Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі.

06 ноября 2025
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.

 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:

- экономика, қаржы, бюджеттік жоспарлау;

Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.

Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 07 қарашасынан  2025 жылғы 13 қарашасына дейін

 

 

18 июля 2025
Қазақстан Республикасындағы кәріз құдықтарындағы қауіпсіз жұмыс

Қазақстан Республикасындағы кәріз құдықтарындағы қауіпсіз жұмыс

 

Кәріз құдықтарындағы жұмыс елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық жүйелерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, мұндай жұмыстар бірқатар қауіптермен, соның ішінде жарақат алу, улану және басқа да жазатайым оқиғалармен байланысты болады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін  кәріз құдықтарында жұмыс істеу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

Кәріз құдықтарында жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары

Қызметкерлерді оқыту және нұсқау беру: Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқама жүргізу, қызметкерлерді ықтимал қауіптермен және мінез-құлық ережелерімен таныстыру қажет. Оқыту жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, құдыққа түсу және шығудың дұрыс әдістерін және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерді қамтуы тиіс.

Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану: Қызметкерлер сапалы ЖҚҚ-мен:

- тыныс алу органдарын қорғау үшін респираторлармен немесе газқағарлармен;

- берік материалдардан жасалған қолғаптармен;

- сырғанамайтын табаны бар қорғаныс киімдері мен етіктермен;

- қорғаныш көзілдіріктермен немесе маскалармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ауа күйін тексеру:

Құдыққа кірер алдында газ анализаторымен оттегінің деңгейін (19,5% - дан төмен емес) және зиянды газдардың (метан, күкіртсутек) болуын тексеру қажет. Қауіпті концентрациялар анықталған жағдайда жұмыстар себептер жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы тиіс.

Желдету және жарықтандыру:

Желдеткіштер немесе табиғи әдістер арқылы ұңғыманың тұрақты желдетілуін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ жарақаттанудың алдын алу үшін жұмыс аймағының жақсы жарықтандырылуын қамтамасыз ету қажет.

Сенімді бекіту және сақтандыру:

 Құдыққа түсу және одан шығу үшін мықты баспалдақтарды пайдалану қажет. Құлауды болдырмау үшін жұмысшылар қауіпсіздік белдіктерімен немесе арқандармен бекітілуі тиіс.

Командада жұмыс істеу:

Ешқашан жұмысты жалғыз атқармаңыз. Командада қажет болған жағдайда көмек көрсететін немесе жедел жәрдем шақыруға дайын кем дегенде бір адам болуы керек.

Жоспарлау және бақылау:

Жұмыстар барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Көмекке жедел қоңырау шалу үшін байланыс құралдары болуы тиіс.

Жұмыстан кейінгі гигиена:

Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды жуу, жұмыс киімін ауыстыру және дезинфекциялау сияқты гигиеналық процедураларды сақтау маңызды.

Кәріз құдықтарындағы қауіпсіз жұмыс - қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың және коммуналдық жүйелердің тиімді жұмыс істеуінің кепілі. Белгіленген ережелерді сақтау, қазіргі заманғы қорғау құралдарын пайдалану және тұрақты бақылау жүргізу тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының аумағында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.

17 июля 2025
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы жариялайды.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:

- экономика, қаржы, бюджеттік жоспарлау;

Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.

Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 18 шілдесінен  2025 жылғы 24 шілдесіне дейін

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы