Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
16 қазанда Халықаралық нан күні атап өтіледі. Бұл мереке нанның қадір-қасиетін, диқан еңбегіне деген құрметті және ауыл шаруашылығының ел игілігін арттырудағы маңызын еске салады.
Айыртау ауданы – ежелден егіншілік дәстүрі қалыптасқан, астық өсіруге бейім өңір. Әрбір масақтың артында туған жерге деген сүйіспеншілік, кәсіби шеберлік пен тынымсыз еңбек тұр. Ауданымыздың диқандары жыл сайын елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және туған өлкеміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді.
Биыл ауданда дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17,8 центнерді құрады. Бұл жетістіктер – ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және туған жерге деген адалдығының нәтижесі.
Барша диқандарға, аграрлық сала қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне табанды еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Әр жыл мол өнім мен берекеге толы болсын! Әр шаңырақта нан мен ырыс-несібе молайып, елдің тұрмысы жақсара берсін! Ауыл еңбеккерлерінің еңбегі әрдайым лайықты бағаланып, құрметке бөлене берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке, елімізге тыныштық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Құрметпен, Айыртау ауданының әкімі М.Меңдібаев
2026 жылғы 13 қазанда Айыртау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы
15 қазанда аудандық мәдениет үйінде Айыртау ауданы мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Бұл кездесу халық қалаулыларына жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы, маңызды мәселелерді шешуге атсалысуы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін білдірілген алғыстың көрінісі болды.
Іс-шарада Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев құттықтау сөз сөйлеп, нәтижелі қызметі, халықтың мүддесін қорғауы және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді қатысқаны үшін депутаттарға алғыс хаттар табыстады.
VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс кезеңінде 50 сессия өткізіліп, 507 шешім қабылданды. Оның ішінде 286 нормативтік құқықтық акт бар. Сессияларда бюджет, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, халықты әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, жылыту маусымы және су тасқынының алдын алу мәселелері қаралды.
Аудан әкімінің алғыс хаттарымен Гүлмира Әбілқайырова, Әсет Қожахметов, Наталья Голимбовская, Наурызбек Қабдушев, Айгерім Омарова, Саят Жақсылықов, Ирина Бурковская, Самат Қосжанов және Бақытбек Дүйсенов марапатталды.
Салтанатты іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Тұралынов, Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Әбілқайырова және «Ключи GCK» ЖШС директоры Самат Қосжанов та сөз сөйледі.
Жиын барысында депутаттарға атқарған жұмыстары, бастамашылдығы және аудан тұрғындарының мәселелеріне бейжай қарамағаны үшін алғыс айтылды. Депутат болу — халықтың мүддесін білдіру ғана емес, сонымен қатар туған өлкенің болашағы үшін жауапкершілік арқалау.
Салтанатты кездесу Айыртау ауданының игілігі жолындағы алдағы қызметтеріне сәттілік, зор денсаулық және амандық тілеген ізгі ниеттермен аяқталды.
2026 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Кәрімжанмен бірлесіп, аталған Департаменттің Имантау ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізген жоспардан тыс тексеруінің қорытындысы бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар қаралып, олардың туындау себептері талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылданды.
Семинарға Айыртау ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспектор, сондай-ақ аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары қатысты.
Бүгін Саумалкөл ауылында тағы бір қуанышты оқиға – «Юлдашев» ЖК-ға қарасты Food City көтерме-бөлшек сауда дүкенінің салтанатты ашылуы өтті.
Сауда нүктесі теміржол вокзалы орналасқан шағын ауданда бой көтерген.
Бұған дейін Юлдашевтер отбасы жергілікті кәсіпкерден жалға алып келген ғимаратқа жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде сауда орны кеңейтіліп, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды. Енді мұнда ұсынылатын тауарлардың ассортименті де едәуір артты. Сатып алушылар бұл жерден тек жаңа піскен көкөністер мен жемістерді ғана емес, сонымен қатар ұн, макарон өнімдері, жарма, өсімдік майы, ірімшік, шұжық өнімдері, кәмпиттер, көк шөптер, сусындар және басқа да азық-түлік тауарларын сатып ала алады.
Дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімде символикалық лентаны қию құрметі аудан әкімі Мейрам Жақсылықұлы Мендыбаевқа және отбасы басшысы, кәсіптің негізін қалаушы Исмаилжан Базарбекұлы Юлдашевке берілді.
Айта кетейік, Юлдашевтер отбасы Саумалкөл ауылында сауда саласында 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді.
Дүкеннің ашылу салтанатында саумалкөлдіктерге арнап мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға палау, бауырсақ, кәмпиттер және басқа да дәмді тағамдар ұсынылды.
Бүгін Айыртау ауданында аудан әкімі Мейрам Меңдібаевтың қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Осы шарадан фотосәттерді ұсынамыз.
5 қазан күні Саумалкөл ауылында ауданның инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға — жаңа сауда нысанының ресми ашылуы өтті. Теміржол вокзалы шағынауданында «Караван» отбасылық супермаркеті өз есігін айқара ашып, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды орынға айналмақ.
Жаңа сауда нысанын салу үшін кәсіпкер Салимжан Аскерович Жуманов «Нұрлы Тау» компаниясын тартты. Саумалкөл тұрғындарының көз алдында теміржол вокзалы шағынауданында жаңа ғимарат бой көтеріп, аумағы абаттандырылып, автокөліктерге арналған кең автотұрақ жасалды.
Жаңа сауда павильонының жалпы аумағы 1720 шаршы метрді құрайды. Бастапқыда мұнда «Светофор» көтерме-бөлшек сауда дүкенін орналастыру жоспарланған болатын. Алайда кейін жоспар өзгерді. Нысанның ұзақ уақыт бос тұруына жол берілмеді, өйткені Саумалкөлдің бұл шағынауында даму мүмкіндігі жоғары. Сондықтан дүкенге келушілер ағыны мол болады деп күтілуде.
Қыркүйек айының соңында ғимаратқа жаңа жалға алушылар — Нұрсұлтан Қасымов басқаратын «Караван» дүкені орналасты. Ал бүгін, 5 қазанда, ғимараттың бірінші қабатындағы аумағы 860 шаршы метрді құрайтын заманауи отбасылық супермаркеттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Дүкеннің ашылу салтанатында Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталып, «Смешные цены», «Караван» секілді заманауи сауда нысандарының ашылуы салауатты бәсекелестікті қалыптастырып, сатып алушылар үшін қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Мейрам Жақсылықұлы Салимжан Жумановқа салған инвестициясы мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарды қолдау айлығы аясында аға буын өкілдерін жылы лебізімен құттықтады.
Кәсіпкер С.А. Жумановқа, Қасымовтар отбасына және жерлестеріне Айыртау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Шәріпұлы Туралинов ізгі тілегін білдірді.
Кәсіпкер Салимжан Жуманов өз сөзінде жаңа сауда-ойын-сауық кешені бүкіл шағынауданның дамуына қуатты серпін беретінін атап өтті. Себебі мұнда сауда аймағымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған орындар да қарастырылған.
Атап айтқанда, ғимараттың екінші қабатында Мадина Баймендина басқаратын «Вalaland» балалар орталығы жұмыс істеп тұр. Аудан әкімі нысанды аралау барысында орталықтың жұмысымен және алдағы жоспарларымен танысты.
Одан кейін дәстүр бойынша ақсақал Аскер Жуманов бата беріп, «Шашу» рәсімі өткізілді. Артынша лента қиылып, дүкеннің ресми түрде жұмысын бастауына символдық түрде жол ашылды.
Алғашқы келушілер жаңа супермаркеттің ауқымын жоғары бағалады. «Караван» дүкенінің сөрелерінде азық-түлік, кондитерлік өнімдер, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сусындар, тұрмыстық химия тауарлары, сондай-ақ ойыншықтар мен үйге қажетті бұйымдардың кең ассортименті ұсынылған. Бұл — күнделікті дастархан мен үй шаруашылығына қажетті барлық затты бір жерден сатып алуға мүмкіндік беретін әмбебап отбасылық дүкен.
Сауда орталығының жалға алушылары дүкеннің ашылу күнін шын мәнінде мерекелік шараға айналдыруға тырысты. Қасымовтар отбасы қонақтарға далада үлкен қазанда дайындалған хош иісті палау ұсынды. Ал 25 000 теңгеден астам сомаға сауда жасаған сатып алушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Жаңа нысанның тағы бір маңызды артықшылығы — заманауи санитарлық-гигиеналық тораптардың болуы. Бұл аудан орталығы үшін өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі.
Осылайша, кәсіпкерлердің қолдауы мен белсенді қатысуының арқасында жаңа нысандар ашылып, аудан орталығының одан әрі дамуына жол ашылуда. Сонымен қатар тұрғындар үшін маңызды мәселелер де өз шешімін тауып келеді.