
Мен, БАҚТИЯР ДУЛАТҰЛЫ ҚАБДРАШИТОВ, 1996 жылы желтоқсан айында Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Дауқара ауылында дүниеге келдім.
2018 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Агрономия"мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын 2017 жылы Сырымбет ауылында "Сырымбет-1" ЖШС-де бастадым.
2020 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін "СҚО қайыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" КММ агрономия және инженерлік-техникалық инфрақұрылым секторының меңгерушісі болып жұмыс істеймін.
Жылдан жылға ерекше назар аударуды қажет ететін проблемалар пайда болады. Бұл біздің өміріміздің үздіксіз процесі. Басшының проблемаларды шешуге қаншалықты адал көзқарасы ауылдық округ әкімінің жұмысын жақсы сипаттайды.
Казанка ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде сөз сөйлеп, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда округтің дамуына үлкен үлес қосып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін арттырып, округ тұрғындарын ұзақ уақыт толғандыратын көптеген мәселелерді шешкім келеді.
Менің сайлауалды бағдарламамда үздіксіз жұмыс жүргізу қажет болатын негізгі бағыттар жасалды, атап айтқанда:
Бүгінгі таңда Казанка ауылдық округінің ауылдарында тиісті назар аударуды қажет ететін бірқатар шешілмеген проблемалар бар деп санаймын. Менің жұмысым үшін басымдық-азаматтардың өтініштері, олардың ауылдық округтің өміріне қатысты пікірлері. Сіздердің қолдауларыңызбен, белсенді өмірлік ұстанымдарыңызбен және туған өлкеңізге бей-жай қарамай отырып, біз бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.