Меню

Страницы

Статья

Казанка ауылдық округінің әкіміне кандидат МАРАЛБЕК ДӘУЛЕТ-КӨШЕҰЛЫ АҚМОЛДИННІҢ сайлауалды бағдарламасы

1980 жылы 16 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданы Комаровка ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Азаматы. Білімі-Жоғары, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген, еңбек жолын 1999 жылы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы ЕС164/8 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі ретінде бастаған,12 жылдан астам Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы ЕС 164/4,1, 6 жедел бөлімінің бастығы лауазымында болған, 2018 жылдан 2021 жылға дейін Айыртау ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау басқармасында заңгер болып жұмыс істеген.

Құрметті Казанка ауылдық округінің сайлаушылары!

Өзін-өзі ұсыну жолымен, Казанка ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде шығуға шешім қабылдай отырып, мен әлеуметтік мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға және жұмыста барлық дағдыларым мен білімдерімді қолдануға ниеттімін.

Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді шешуді қамтиды:

Ауылдық округте бүгінгі күні бар, бірақ одан әрі дамуды қажет ететін экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық (ауылда жаңа шындыққа жақын қызмет түрлерін ашу).

Мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізу болып табылатын негізгі мақсаттар. Жалпы, жайлы өмір сүру ортасын құру.Ауылдық округтің аумағында тұрып, медициналық пункттерінде жұмыс істеу үшін медицина кадрларын тарту.

Ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру.

Саумалкөл–Новоукраинка-Қаратал-Казанка автожолын жөндеуге, сондай - ақ Каменный Брод - Всеволодовка-Казанка автомобиль жолын жөндеуге қол жеткізу.

шағын бизнесті дамытуға ықпал ететін және қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау;

ауылда талап етілетін қызметтерді ұсынатын жеке кәсіпкерлерді қолдауды қамтамасыз ету;

қиын өмірлік жағдайға тап болған қарт азаматтарды қолдау;

көше жарықтандыру желісін дамыту, кентішілік жолдарды жөндеу, көпшілік демалатын орындарды абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету.

Ауылдық округ тұрғындарының салауатты өмір салты мен мәдени демалысын қолдау.

Халықтың белсенді қолдауы мен сенімінің арқасында осы бағдарламаны табанды түрде іске асыруға дайынмын. Менің қызметімнің қалған бағыттары ауыл тұрғындары менің алдыма қоятын проблемалық мәселелер есебінен кеңейтілетін болады.

Дата публикации
12 апреля 2022
Дата обновления
12 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы