
Сәуле Төлешқызы Мұханбетжанова 1992 жылы сәуір айында Көкшетау облысы Володар ауданы Володарское ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық академияны "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша аяқтады.
Сауле Төлешқызы өзінің еңбек жолын Саумалкөл ауылында "Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ ЭЕМ операторы болып бастады.
Қазіргі уақытта "СҚО Айыртау ауданы әкімінің аппараты"КММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша құрылымдық бөлімшенің басшысы болып жұмыс істейді.
Құрметті Казанка ауылдық округінің сайлаушылары! Казанка ауылдық округінің әкімі лауазымына ұсыныла отырып, мен өзім үшін округ тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, инфрақұрылымды дамыту үшін қажетті жұмыстың негізгі бағыттарын анықтадым.
Бүгінгі таңда әрбір ауылдық округтің орын алған проблемалары жергілікті атқарушы органдар тарапынан жауапты тәсілді талап етеді. Өз күшімді лайықты бағалай отырып, мен ауылдарға пайда әкеле алатыныма, олардың дамуына және округ тұрғындарының проблемаларын шешуге ықпал ете алатыныма сенімдімін.
Менің сайлауалды бағдарламамда мен, менің ойымша, үлкен жұмыс жүргізу қажет болатын негізгі бағыттарды айқындадым:
Өз тарапымнан сайлаушылардың үміттерін барынша ақтауға, мемлекеттік саясатты іске асыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін өз күшімді, білімім мен дағдыларымды қолдануға тырысамын деп уәде беремін. Мен ең жақсы нәтижеге тек сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз арқылы қол жеткізе аламын.