Дүниежүзілік сайлау күніне орай жас сайлаушылар — Саумалкөл а. Агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Дүниежүзілік сайлау күні азаматтардың сайлауға қатысуға жалпы құқығын еске түсіреді және әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы білімдерін кеңейтуге, сайлаушылардың дауыс беруге қатысуына ықпал етуге бағытталған.
Айыртау аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Ә. Мерғасымов 2021 жылы алғашқы рет төте сайлау жағдайында өткен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы туралы, комиссия хатшысы Г. С. Смағұлова “Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі: тарих және қазіргі заман” тақырыбында баяндама жасады.