Меню

Страницы

Статья

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Басшысы — Қалымов Данияр Мұхтарұлы

1987 жылы 15 желтоқсанда туылған. Жоғары бiлiмi — экономикалық, 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бiтiрдi.

Еңбек жолын «БТА Қазақстан» ЖЗҚ АҚ 2007 жылдың маусымында оператор ретiнде бастады.

2008-2009 ж.ж. — ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнде.

2010-2013 жж. — «ЖЗҚ ГНПФ» АҚСаумалкольАП басқармасының бастығы.

2013-2015 — «Еуразиялық банк» АҚ Саумалколь СО қаржылық кеңесшiсi.

2015 сәуiр — қазiргi уақытқа дейiн «Атамекен» Кәсiпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалының директоры

Үйленген, 3 баласы бар.

Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы

Кәсiпкерлiктi қолдау орталығының кеңесшiлерi:

Сұлтан Меруерт Мұратқызы, тел: 87757151851

Рахпанов Нурлан Уралович, тел: 87019069070

Координатор:

Сұлтан Жанатлек Серікұлы, тел: 87027741277

Бизнес-жаттырықтырушы:

Ергалиев Рауан Ерсинович, тел: 87783643342

Байланыс мәлiметтер:

СҚО кәсiпкерлер Палатасы Айыртау ауданының филиалы

Басшысы Калымов Д.М. тел. 87011734600

Мекенжайы: Айыртауауданы, Саумалколь с., Достық к. 35 А

Тел.: 8 (71533) 79033.

E.mail: d.kalymov@atameken.kz

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы Айыртау ауданың филиалы — «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2014 жылғы ақпан айынан бастап жұмысқа кiрiскен Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасының өңiрлiк бөлiмi болып табылады.

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы — бизнес пен өкiметтiң тиiмдi серiктестiктiң негiзiнде дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсiпкерлiк субъектiлерiн бiрiктiретiн коммерциялық емес, өзiн-өзi басқаратын ұйым.

СҚО КП филиалының қызметi кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау, кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, бизнестiң өкiметпен келiссөз үдерiсiн нығайту, нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу үдерiсiне кәсiпкерлердi тартуға бағытталғын.

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы Айыртау ауданың филиалы келесi негiзгi бағыттар бойынша өз қызметiн жүзеге асырады:

  • бизнес субъектiлерi мен мемлекеттiк органдар арасындағы тиiмдi әрекеттестiктi ұйымдастыру;
  • кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, әкiмшiлiк едергiлерiн азайту;
  • өңiрлiк кәсiпкерлердi шоғырландыру;
  • адами капитал сапасының өсуi жiне әлеуметтiк серiктестiктiң дамытуы;
  • кәсiпкерлiк бастамаларын жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдай жасау, ақпараттық әдiстемелiк қолдау жасау.

Қарапайым заттар экономикасы

«Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы: бизнестiң барынша атсалысуы және бюрократияға жол бермеу

«Атамекен» алаңында «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасының алғашқы отырысы өттi.

Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрi Роман Склярдың төрағалығымен өттi. Жиынға бейне-конференция арқылы өңiрдегi Жобалық алқалардың өкiлдерi қатысты.

Жиынды ашқан Абылай Мырзахметов басым жобаларды жеңiлдiкпен несиелеу бағдарламасына қатысу шарттары жайында кәсiпкерлердi жан-жақты ақпараттандыру қажеттiлiгi туралы мәлiмдедi.

«Бизнестiң барынша осы жобаға атсалысуы бiз үшiн маңызды. Сондықтан осы бағытқа басымдық беру қажет. «Атамекен» өңiрлерде бағдарламаны түсiндiру, несиелеу мөлшерлемелерi және субсидиялау шарттарын талқылау бойынша жұмысты бастап кеттi. Елбасы тапсырмасы бойынша мұндай жұмыс алғаш рет жүргiзiлiп жатыр, сондықтан бизнеске барынша ақпаратты жеткiзу, ал бизнестiң бағдарламаға белсендi атсалысуы өте маңызды», — дедi Абылай Мырзахметов.

Бағдарламаны жүзеге асыруда бюрократияға жол бермеу керек, деп мәлiмдедi ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрi Роман Скляр.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, бiз жеңiл өнеркәсiп тауарлары, жиһаз өнеркәсiбi және құрылыс материалдар өндiрiсi бойынша Жол карталарын әзiрледiк. Қазiр машина жасау саласының жол картасын құру бойынша жұмыс жүрiп жатыр. Әкiмдiктер мен бағдарламаға қатысушылар арасында қандай да бiр түсiнiспеушiлiк пен кедергiлерге жол бермей, оларды алдын алып, осы жобалық алқада шешiп отыруды ұсынамын. Ол үшiн бiз бизнес өкiлдерiмен апта сайын кездесiп, күн тәртiбiндегi барлық мәселелердi тiкелей талқылайтын боламыз. Жобалық алқаның шешiмi — соңғы шешiм екенiн түсiну керек», — дедi Роман Скляр.

Өңiрлердегi өкiлдердiң хабарлауынша, кәсiпкерлер де Бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытуда. Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсiптiк кешен, туризм, жеңiл өнеркәсiбi және жиһаз өнеркәсiбi салаларынан бағдарламаға қатысуға 24 кәсiпорын өтiнiм бердi, 2 жоба банктiң мақұлдауын өтiп жатыр. Шымкентте Жобалық алқаның бiр апталық жұмысының нәтижесiнде кәсiпорындардан жалпы сомасы 39 млрд теңгеге 39 өтiнiм келiп түстi. Оның iшiнде 26 өтiнiм жобаны әзiрлеу кезеңiнде, 4 жоба банк қарауына жiберiлдi, 4 жоба — бизнес-жоспар құру кезеңiнде.

Естерiңiзге салсақ, облыс деңгейiндегi жобалық алқалар Өңiрлiк кәсiпкерлер палаталары жанында әкiмдiктер, банктер, «Даму» қорының филиалдары, бизнес-қоғамдастықтардың қатысуымен жұмыс iстеп жатыр.

Бағдарламаға қатысуға ниет танытқан кәсiпорындар арасында сауалнама жүргiзу — Жобалық алқа жұмысының маңызды кезеңi болмақ. Сауалнама банктер өтiнiшiн мақұлдамаған компанияларды анықтауға және саладағы өзектi мәселелердi бiлуге мүмкiндiк бередi.

«Әр апта сайын ақпаратты жинақтап, бизнеспен талқылайтын боламыз. Кәсiпорындарға қолданыстағы бағдарламалар аясында қолдау шараларын түсiндiремiз. Жұмыс сапарымен өңiрлерге барып, кәсiпкерлермен кездестiк. Бизнес өсiп, кеңейгiсi келедi, алайда екiншi деңгейлi банктердiң кепiлдiкке қатысты талабы әлi де өзектi. Кәсiпкерлердiң жобалары толық жүзеге асқанша барынша сүйемелдеп отыруға мүмкiндiк те бар», — дедi «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрайымы Дана Жүнiсова.

Кәсiпкерлер Бағдарламаға қатысты ақпаратты, сондай-ақ қажеттi кеңестi Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы жанында құрылған Жобалық алқадан алуына болады.

Естерiңiзге салсақ, биыл Елбасының тапсырмасымен халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикiзат және бастапқы өңдеу өнiмдер өндiрiсiн қолдауға Үкiметтен 600 млрд теңге бөлiндi. Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсiбi, агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мен қолдауға бағытталады.

Айта кетелiк, Бағдарлама аясында дайын өнiм өндiрiсiне ғана емес, сондай-ақ қажеттi шикiзат және бастапқы өндеу өнiмдерiн шығаруға қолдау көрсетiледi.

Қазiргi таңда Бағдарлама жұмысына екiншi деңгейлi 9 банк қосылды. Қаржыландыруға қол жеткiзу үшiн кәсiпкер банкке өтiнiм жiберiп, бизнес жобаны бағалау және мақұлдау процедураларынан өтiп, «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қорына жүгiнуi қажет.

Бизнеске сервистiк қолдау көрсету

2014 жылдан бастап ҚР Үкiметiнiң қаулысына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасы тегiн негiзде бизнеске сервистiк қолдау көрсету оператор қызметiн атқарады.

Сервистiк қолдау ШОБ үшiн қажеттi консультациялар мен тегiн негiзде бизнестi ашу және жүргiзу бойынша қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.

Сервистiк қолдау көрсету шеңберiнде СҚО КП және оның аудан филиалдарында келесi қызметтердi алуға болады:

  • Бухгалтерлiк және салықтық есептi жүргiзуге, сондай-ақ статистикалық есептiлiктi жасауға байланысты консультациялар;
  • кедендiк рәсiмдер, оның iшiнде кеден заңнамасы саласындағы консультациялар;
  • Менеджмент жүйелерiн енгiзу бойынша консультация беру және бүкiл процестi толық сүйемелдеу;
  • заң консультациялар (кәсiпорынды тiркеу, қайта тiркеу және тарату, шарт жобаларын әзiрлеу)
  • маркетинг сұрақтары бойынша қызметтер (құндық саясаытын дайындау, мемлекеттiк сатып алулардың нәтижелерiн және жоспарларын талдау)
  • кәсiпкерлiк қызметiн қаржыландыру көздерi мен қаржыландыру ресурстары туралы ақпарат;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялар )интернет-ресурстарды әзiрлеу мен қолдау, электрондық есеп тапсыру бағдарламасын орнату мен қызмет көрсету)
  • мемлекеттiк сатып алулар саласындағы консультациялар.

«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша бизнестi жүргiзу негiздерiн үйрету

14 наурыздан бастап «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерi оқытылады. Сiздердi оқуға шақырамыз (жұмыспен қамту орталығына тiркеу талап етiлмейдi) және өз iсiн бастауға ниет бiлдiрген өз бетiнше жұмыс iстейтiн адамдар, сондай-ақ өз бизнесiн кеңейтуге мүдделi кәсiпкерлер.

Бағдарламаға қатысу үшiн кәсiпкерлер палатасының облыстық филиалдарында өткiзiлетiн тестiлеуден өту қажет, оған сәйкес топқа iрiктеу жүргiзiледi. Кәсiпкерлер палатасы филиалдарына/ауылдық округ әкiмiне хабарласқысы келетiндер өтiнiш пен сауалнаманы толтырады. Өз бетiмен құжаттар қажет: жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, мекен-жай туралы ақпарат.

Оқыту мерзiмi — 1 ай. Қатысушылар стипендия алады. Қосымша ақпарат алу үшiн: Саумалколь селосы Достық к-сi, 35 А, тел.: 79-033, Айыртау ауданы кәсiпкерлер палатасының филиалына хабарласыңыз.

2018 жылға Айыртау ауданы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқыту кестесi

Өткізу орны 1-ағым (этап) 2-ағым (этап) 3-ағым (этап)

Айыртау ауданы Саумалколь селосы,

Достық көшесі 35 А

Тестирование:

с 11.03.2019 г. по 12.03.2019 г.

Тестирование:

с 22.04.2019 г. по 23.04.2018 г.

Тестирование:

с 03.06.2019 г. по 04.06.2019 г.

Этап обучения:

с 14.03.2019 г. по 15.04.2019 г.

Этап обучения:

с 25.04.2019 г. по 27.05.2019 г.

Этап обучения:

с 06.06.2019 г. по 03.07.2019 г.

 

Филиалдар

1. Айыртау аудандық филиалы

Саумалкөл а., Достық к.35 А
тел. 8 (71533) 79033
Филиал директоры Калымов Данияр Мухтарович

2. Аққайын аудандық филиалы

Смирново а., Пушкин к., 56,
тел.: 8 (71532) 79056
Филиал директоры Аитов Руслан Хасанович

3. Ақжар аудандық филиалы

Талшық а., Целинная к., 18,
тел: 8 (71546) 79126
Филиал директоры Ахметов Хасен Кабиденович

4. Есiл аудандық филиалы

Явленка а,, Ибраев к., 11,
тел: 8 (71543) 79092
Филиал директоры Пьянков Евгений Владимирович

5. Жамбыл аудандық филиалы

Пресновка а., Дружба к., 1 А,
тел: 8 (71544) 79015
Филиал директоры Абильмажинов Олжас Джамбулович

6. М. Жұмабаев аудандық филиалы

Булаево қ., Озерная к., 1 А,
тел: 8 (71531) 79055
Филиал директорыШаримов Нуржанат Сабирович

7. Қызылжар аудандық филиалы

Бескөл а., Комаров к., 2,
тел: 8 (71538) 79071
Филиал директоры Нурмуканов Аскар Запкенович

8. Мамлют аудандық филиалы

Адрес: г. Мамлютка, ул. Школьная, 41,
тел: 8(71541) 79016
Филиал директоры Василенко Нина Николаевна

9. Ғ. Мүсрепов аудандық филиалы

Новоишимское а, Аблай Хан к., 11,
тел: 8 (71535) 79153
Филиал директоры Ахметов Марат Кайыржанович

10. Тайынша аудандық филиалы

Тайынша қ., Астана к., 167
тел: 8 (71536) 79207
Филиал директоры Чен Юрий Алексеевич

11. Тимирязево аудандық филиалы

Тимирязево а., Молодежная к., 31
тел: 8 (71537) 79052
Филиал директоры: Мухамеджанов Ерлан Бейсембаевич

12. Уәлиханов аудандық филиалы

Кiшкенекөл а., Гагарин к., 84 А
тел: 8 (71542) 79068
Филиал директоры: Ахметов Батырхан Серикович

13. Шал ақын аудандық филиалы

Сергеевка қ., Желтоқсан к., 25-1
тел: 8 (71534) 79008
Филиал директоры: Жаксыбаев Мухамеджан Куанышевич

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлау – 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы