Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат

Азаматтық сектормен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаны қабылдау кестесі

№ Фото Лауазымы А.Ә.Ж. Мемлекеттік органның атауы Қабылдау күндері/сағаты Байланыс деректері
1. Гулмира Армияқызы Абулкаирова Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Солтүстік Қазақстан облысы «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» Апта сайын сәрсенбі сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін

21-6-41

airtay-akimat@sko.kz 

Қоғамдық даму министрлiгi 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшiн өтiнiмдердi қабылдайды

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлiгi үкiметтiк емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесi бағыттар бойынша конкурс өткiзу туралы хабарлайды:

  • бiлiм беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткiзу;
  • азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын насихаттау;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  • отбасылық-демографиялық және гендерлiк мәселелердi шешуге жәрдемдесу;
  • халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  • жетiм балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
  • халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;
  • азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау;
  • мәдениет пен өнердi дамыту;
  • тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  • қоғамдық келiсiмдi және ұлттық бiрлiктi нығайту;
  • өздерiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету кезiнде пробация қызметтерiне жәрдемдесу;
  • мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу;
  • азаматтық қоғамды дамытуға, оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тiркелген және Үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорына мәлiметтер ұсынған үкiметтiк емес ұйымдар қатыса алады.

Бiр үкiметтiк емес ұйым бiр номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейiн үш жыл iшiнде оны алу үшiн қайта ұсынуға жол берiлмейдi.

Бiр номинация бойынша сыйлықақы бiр немесе бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерге берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлiнедi.

Сыйлықақыны алу үшiн өтiнiмдi ұсынуға арналған тiзбе мыналарды қамтиды:

  1. өтiнiш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқаратын адам қол қойған үкiметтiк емес ұйымның ресми бланкiсiнде);
  2. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үмiткердiң сауалнамасы;
  3. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үмiткердiң қызметi туралы сипаттама (растайтын материалдармен бiрге);
  4. соңғы 3 (үш) жыл iшiнде ұсынылған бағыт бойынша iске асырылған жобаларды және бiрлескен жұмыс барысында қол жеткiзiлген нәтижелердi растау мақсатында байланыс деректерi көрсетiлген қоғамдастық (үкiметтiк емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң ұсынымдары (екiден кем емес);
  5. үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнiң (анықтаманың) көшiрмелерi;
  6. банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшiн үкiметтiк емес ұйымдарды ұсыну жөнiндегi өтiнiмдер Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлiгiнiң Азаматтық қоғам комитетiне қағаз және электронды жеткiзгiштерде (СD-дискiлерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесi мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы 8, «Министрлiктер үйi» ғимаратының 15-кiреберiсiндегi 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.

Естерiңiзге саламыз, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне коммерциялық емес ұйымдардың қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңның қабылдануымен сыйлықақы алуға ұсынуға үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiгi кеңейдi.

Бұрын сыйлықақы алуға ұсынғаннан кейiн үш жыл iшiнде конкурсқа қатысуға шектеу болатын.

Заң қабылданғаннан кейiн өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бiрақ жеңiмпаз болып табылмаған үкiметтiк емес ұйымдар, келесi жылдары да сыйлықақы алуға ұсынуға мүмкiндiк алады.

Қағидаға келесi сiлтеме бойынша орналасқан https://diakom.gov.kz/kk/content/buyryktar.

Дата публикации
30 марта 2021
Дата обновления
30 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлау – 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы