Меню

Страницы

Статья

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Мекеменiң атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы»коммуналдық мемлекеттiк мекемесi
Мекен-жайы: Саумалкөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесi, 42 үйi
Байланыс телефондары: 21-391 директор; 20-159 тел. факс; 22-077 жұмыспен қамту мамандары.

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезектi болдырмаудың баламасы бар

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектiң нелiктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегi ресми парақшасында жазды.

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, фронт-офистердегi қызмет көрсету сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы үнемi ескерiлiп отырады, корпорацияның әлеуметтiк желiлердегi ресми аккаунттарына келiп түсетiн өтiнiштер де бейжай қалмайды. Соңғы уақытта ХҚО-ларда үкен кезектiң туындауы да азаматтарды мазалайтын көрiнедi. «Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың қарасы екi есе өседi. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезектi демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тiркеуге тұрып, көлiктерiн сатып, жаңасын алуымен байланысты», — дейдi Ә. Балташева.

Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушiлердiң күрт өсуi мемлекетiмiздiң әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем берiп, олар үшiн әлеуметтiк бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсендi жүргiзуiмен де байланысты деп атап өттi басқарма төрайымы. Себебi жеңiлдiктердi қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшiн бiрқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшiн де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.

Сондай-ақ басқарма төрайымы елiмiздiң барлық мамандандырылған ХҚО-ларында туындаған кезек мәселесiне де тоқталып өттi. Оның айтуынша, ҚР IIМ-нiң енгiзген жаңашылдықтары 1 шiлдеден бастап көлiк иелерiн әбiгерге түсiрiп, қызметтердiң дер кезiнде көрсетiлуiне кедергi келтiрдi. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiндегi ақау кезектiң туындауына алып келген. «Өз тарапымыздан бұл мәселенi шешу үшiн бiрқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейiн жұмыс iстеп, құжатты қабылдаушы мамандардың санын арттырдық, сондай-ақ автоХҚО-дан қала бағытына жүретiн тегiн автобустар ұйымдастырдық. Бүгiнде ондағы қызмет қалыпқа түсiп, жұмыс барысы реттелдi» — делiнген басқарма төрайымының фейсбуктегi ресми парақшасында.

Әсемгүл Серiкқызы бұл ретте мемлекеттiк қызметтердiң 71 пайызының электрондық форматқа өткенiн тiлге тиек етiп, азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды. Ол керектi анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенiмiн бiлдiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
баспасөз қызметi

Ақпараттық хабарлама

Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы елiмiздiң барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттiк стандартта көрсетiлген талаптарға сай, қалыпты тәртiпте көрсетiлiп жатқанын хабарлайды. Бүгiнде қызмет алушылардың көптiгi Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көлiктердi алып-сататындардың көптiгi мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөлiктерiн сонда қайта рәсiмдеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға баратынымен байланысты.

ҚР IIМ 1 шiлдеден бастап мәлiметтердiң алмасуын қамтамасыз ететiн жаңа веб-модулдi iске қосуына байланысты, мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiнде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушiлердiң өтiнiштерi дер кезiнде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.

Бұл ретте мемлекеттiк корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезектi тарату үшiн қосымша қызметкерлердi тартып, «соңғы клиентке» дейiн жұмыс iстедi. Халық ыңғайлығы үшiн egov.kz порталы арқылы қызметтi онлайн алуға көмектесетiн кеңесшi мамандар жұмылдырылды.

Айта кетейiк, көлiктердi қайта тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн алу қызметтерi бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шiлденiң 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетiлдi, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесiлi.

2018 жылы Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырушылар тiзiмi (ZIP 10 Kb)

Айыртау ауданы бойынша 2018 жылға жастар практикасына жұмыс берушiлер тiзiмi (ZIP 13 Kb)

2019 жылға әлеуметтiк жұмыс орындарын құруға өтiнiм берген ұйымдардың тiзбесi, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс шарттарын, төленетiн еңбекақы мөлшерiн және оларды қаржыландыру көздерi (ZIP 18 Kb)

2019 жылға жастар практикасын ұйымдастыруға өтiнiм берген ұйымдардың тiзбесi, бiлiм беру ұйымдары түлектерiнiң қатарынан тартылатын жұмыссыздардың саны, олардың еңбек жағдайын және еңбегiне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерi (ZIP 11 Kb)

2018 жылы аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырушылар тiзiмi (ZIP 11 Kb)

2019 жылға қоғамдық жұмыстар үшiн жұмыс орындарын құрушы жұмыс берушiлердiң тiзiмi (ZIP 12 Kb)

2018 жылға қоғамдық жұмыстар үшiн жұмыс орындарын құрушы жұмыс берушiлердiң тiзiмi (ZIP 12 Kb)

Айыртау ауданында 2017 жылы қоныс аудару барысы туралы Zip (13 Kb)

«2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылға жоспарлар және жүзеге асыру туралы 01.07.2017 ж. ақпарат Zip (14.1 Kb)

2017 жылғы қазан арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң шығу кестесi

Қазан

№ Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі

Константиновский а/о,

Аканбурлык а.

251 120

2017 ж. 12.10

2017 ж. 23.10

2 Акимат сельского округа 10:00 ч. Черненко Т.В. Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. SsongYong – 389AN15  

Камсактинский а/о,

Светлое а.

428 100 2017 ж. 18.10 2017 ж. 24.10 2 Акимат сельского округа 10:00 ч. Рыжова В.Г.  
  Барлығы 2 елді мекен 679 220   8            

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру» тақырыбына мақала

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұданәрі – Басқарма) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруді жүзегеасырады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес рұқсаттыбергеніжәне (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы алынады.

Экономикалық қызмет түрлеріне және тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаттарына байланысты шетелдік жұмыс күшінтартуғарұқсаттыбергеніжәне (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 137-ден 250 АЕК-ке дейін шаманы құрайды.

Рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде беріледі.

2018 жылға квотаны қалыптастыру үшіншетелдік жұмыс күшін тартуға ниет білдірген жұмыс берушілер 1 тамызға дейін Басқармаға алдағы жылға шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті ұсынады.

Жұмыс берушілердің қажеттілігін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды, ол жұмыс берушілердің алдағы жылға сұратып отырған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыру туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешімі жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.

Қосымша сұрақтар бойынша 8(715-2) 46-37-43 телефонға хабарласуға болады, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sko.kz, басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.

Хабарландыру

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасына қатысушылардан шағын отбасылық жатақханадан пәтер алуға өтiнiштер қабылдау басталады»

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберiнде Саумалкөл ауылында Гоголь көшесi, 5 а мекен-жайында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасына қатысушылар үшiн шағын отбасылық жатақхананы қалпына келтiру аяқталды. Жатақхана 45 пәтерге есепке алынған: 23 екi бөлмелi және 22 бiр бөлмелi, оның iшiнде екi бөлмелi 1 пәтер мүмкiндiгi шектеулi жандарға бейiмделген.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Бағдарламаға қатысушылардан шағын отбасылық жатақханадан пәтер алуға өтiнiштер қабылданады.

Жатақханадағы пәтерлер жастарға, оның iшiнде некеде тұрғандарға келесi жағдайларда берiледi:

  • 29 жасқа дейiн;
  • қолданыстағы еңбек шарты немесе әлеуметтiк шарттың болуы;
  • тұрғын-үй құрылыс сақтандыру жүйесiнде болуы керек.

Өтiнiштердi қабылдау Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы Уәлиханов көшесi, 42 үй, 2- қабатта жүргiзiледi (сағат 9.00 ден 18.30 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00 ден 14.30 дейiн).

Өтiнiшке қоса Бағдарламаға қатысушының және оның отбасының келесi құжаттары қоса берiледi:

  • жеке куәлiгiнiң көшiрмесi (Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерiнiң,16 жасқа дейiнгi балалардың туу туралы куәлiгi);
  • неке туралы куәлiктiң көшiрмесi (бар болған жағдайда);
  • әлеуметтiк келiсiм шарт (Бағдарламаға қатысушының);
  • жылжымайтын мүлiктiң жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтама (Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерiнiң).

Ақпарат Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң (airtau.sko.kz) сайтында, сонымен қатар аудандық «Айыртау таңы» және «Айыртауские зори» газеттерiнде жарияланды.

Негiзгi қызметтерi:

  1. Халықтың өз бетiнше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және аз табыспен қамтылғандарға Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (әрi қарай — Бағдарлама) бағдарламасына қатысу мәселелерi бойынша ақпараттық — түсiнiктеме жұмысы мен кеңес беру қызметiн өткiзу;
  2. Бағдарламаға қатысушылар үмiткерлерiне толық қажеттi құжаттарды дайындауға көмек көрсету;
  3. Бағдарламаға қатысуға үмiткерлер құжатын қабылдау және тiркеу;
  4. Әлеуметтiк қолдауға мәжбүр дәрежесiне орай Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын iрiктеу және санаттар бойынша бөлу;
  5. Бағдарламның әлеуеттi қатысушыларына бейiмделу психологиялық қолдау қызметiн көрсету;
  6. Бағдарлама қатысушыларымен әлеуметтiк келiсiм шартқа отыру, олардың қабылдаған мiндеттерiн орындауына мониторинг жүргiзу;
  7. Бағдарлама қатысушыларының кәсiби даярлау, қайта дайындық және бiлiктiлiктi жоғарлатуды ұйымдастыру;
  8. Бағдарламаның жеке қатысушыларын оқыту туралы жұмыс берушiмен келiсiм шарт жасасу және оларды кейiнгi жұмыспен қамтылу;
  9. Оқу аяқтаған немесе тиiстi кәсiби бiлiмi бар Бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналыстыруға жәрдемдесу:
    • инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру аясында құрылатын уақытша жұмыс орнына;
    • жұмыс берушiнiң бос орнына;
    • жалақы төлемiн қаржыландыру шартымен әлеуметтiк жұмыс орнына;
    • жастар тәжiрибесiне.
  10. Өз жұмыс ашуға ниет бiлдiрген Бағдарлама қатысушыларын шағын несиелеу мүмкiндiгiн шағын несиелеу/несиелiк бiрлестiкте қарау үшiн әлеуеттi тiзiмiн құру және беру;
  11. Құрылысқа немесе инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта жаңғыртуға сұраныс тiзiмiн құру және оны инфрақұрылымды дамыту бойынша уәкiлеттi органға жiберу;
  12. Экономикалық өсуi төмен ауылдардан өз еркiмен көшкiсi келген әлеуеттi Бағдарлама қатысушыларының тiзiмiн құру;
  13. Экономикалық өсуi жоғары елдi мекенде және экономикалық өсу орталығында жұмыс күшi қанағаттандыру үшiн қосымша еңбек қорын тарту қажеттiлiгiн, ұйымдар қажеттiлiгiн анықтау;
  14. Бағдарлама қатысушыларын өз еркiмен көшуге жәрдемдесу және оларға Бағдарлама аясында көзделген мемлекеттiк қолдауды ұсыну;
  15. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында құрылған мемлекеттiк тұрғын үй қорынан Бағдарлама қатысушыларына жалға тұрғын үй алуға көмектесу;
  16. Бағдарлама қатысушыларыа Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекiтiлген әлеуметтiк көмек көрсету түрлерiн, аудан деңгейiнде қарастырылатын басқа да мемлекеттiк көмек алуға жәрдемдесу;
  17. Жалпы халықтық ағымды бос орын деректер қорлары мен Бағдарлама қатысушыларының болжамды жұмыс орнының, әлеуметтiк келiсiм шарттарын орындау барысында оларға қатысты мемлекеттiк қолдау шараларын жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  18. Аймақтық немесе аудандық (қалалық) комиссияда қарауына Бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерi бойынша мматериалдар дайындау;
  19. Аудан деңгейiнде Бағдарламаны жүзеге асыруына мониторинг жасау, жергiлiктi атқарушы органдарға аналитикалық және статистикалық ақпаратты дайындау және ұсыну;
  20. Қолданыстағы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте азаматтардың, жұмыс берушiлердiң және бiлiм ұйымдарынан арыз бен өтiнiшiн қарау.

ЖК «Матбаев»

Матбаев Ришат Амангелдiұлы 18.09.1968 ж.т. СҚО Айыртау ауданы Саумалкөл селосы тел. 87011249754.

Р.А. Матбаев Айыртау ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгiнген кезде жеке кәсiпкер болатын, автокөлiк жөндеу бойынша өзiнiң жеке техникалық қызмет көрсету станциясы болды. Жеке iсiн одан әрi кеңейту мақсатында жабдықтар сатып алу үшiн Жұмыспен қамту орталығына несие алуға жүгiнген болатын. Жұмыспен қамту орталығы бағыты бойынша ағымдағы жылдың сәуiр айында Петропавл қаласында кәсiпкерлiк негiзiнде оқуды аяқтап сертификат алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» ұсынған бизнес жобасы мақұлданып 3 млн.теңге сомасында несие алды. Алған ақшаға қажеттi жабдықтар: автокөлiктердi автоматтандырылған режимде тез әрi сапалы жөндеуге жағдай туғызатын қайшылы созу штапелiн және электрондық өлшеу жүйесiн сатып алды. Бизнес-жобаға сәйкес 2 қосымша жұмыс орны ашылды.

Р.А. Матбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттiк қолдаудың арқасында автокөлiк жөндеу бойынша тез әрi сапалы қызмет көрсетуге мүмкiндiк беретiн заманауи жабдық сатып алып жеке бизнесiн кеңейткенiне дән риза.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру туралы Айыртау ауданы бойынша 2016 жылдың 1 қазаны жағдайына ақпарат Zip (8 Kb)

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат

2014 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы

2011-2013 жж. аралығында Бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы

Дата публикации
19 марта 2021
Дата обновления
19 марта 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы