Айыртау ауданының мәдениет мекемелерiнiң жағдайы және дамуы туралы ақпарат
Мәдениет мекемелерінің 2013 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмыстары жайлы ақпарат
Қазіргі таңда мәдениет мекемелерінің саны — 41, оның ішінде 22 нысана мемлекет иелігінде: бұлар 22 кітапхана, 8 — клуб, 2 — мұражай.
2013 жылы «Мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесін қаржыландыру — 7561,0 мың теңге құрады, 9 ай бойынша орындалуы 5792,0 мың теңге.
2013 жылғы АМҮ қаржыландыру көлемі 29201,0 мың теңге құрады.
2013 жылдың 9-айының есебі бойынша мемлекеттік клуб мекемелерін аудандық бюджеттен қаржыландыру 22900,6 мың теңге. 2013 жылдың 9-айында АМҮ аудандық бюджеттен қаржыландыру 22900,0 мың тенгені құрады. Субсудия облыстық бюджеттен қарастырылған жоқ.
Аудандық мәдениет үйіннің материалдық базасын нығайтуға 21315,0 мың теңге бөлінді. Оған бағасы 21315,0 мың теңгеге тігін машинасы, Сырымбет селолық клубының халықтық «Ажар» би тобына саны — 8 сахналық көйлектер және аяқ киім, Бірлестік домбыра ансамбліне саны — 19 және АМҮ әншілеріне 2 костюм сатып алынды. Барлығы 1088,0 тенге жұмсалды. Көше жағындағы кіреберіс табалдырыққа жүргізілген ағымды жөндеу 495,0 тенгені құрады.
2013 жылы Арықбалық СМҮ қазандық және шатырды жөндеуге 72,0 мың теңге жұмсалды Көрермендер залын жылытып жөндеуге 156,0 мың теңге жұмсалды. Бюджетті нақтылау барысында шілде айында сахналық киімге 500,0 мың теңге қарастырылды Қазіргі уақытта сахна шілтері ілінген. 2013 жылдың шілдесінен бастап келісім бойынша ғимаратқа қызмет көрсетуші жұмысшы қабылданды.
Аудандық мәдениет Үйінде компьютер саны — 3, ғаламторға 1 қосылған. Арықбалықта компьютер саны — 1, ғаламторға қосылмаған.
2013 жылдың 3 тоқсаны бойынша клуб мекемелерінің ақылы қызметінен 1194,0 мың теңге түскен. Оның ішінде:
- АМҮ — 1182,0 мың теңге
- Арықбалық СМҮ — 10,0 мың теңге
- Шүкірлік СК — 2,0 тенге.
2013 жылғы мемлекеттік кітапханаларды қаржыландыру 26439,0 мың теңгені құрады, 9 айдағы орындалуы — 20628,0 мың теңгені құрады.
МТБ нығайтуға 600,0 тенге бөлінді, оның ішінде: 470,0 мың тенгесіне Сырымбет, Арықбалық селолық кітапханаларына арнайы кітапханалық жиһаз, 130,0 мың теңгеге аудандық кітапхананың оқу залына компьютер алынды.
2013 жылдың 9 айының есебі бойынша мәдениет мекемелерінің құрамында өзгеріс жоқ.
2013 жылы Горный поселкасындағы селолық клубты мемлекеттік жүйеге қайтару жоспарлануда.
Клуб мекемелері 9 ай ішінде 803 көпшілік шара өткізген, оған — 69831 адам қатысқан.
Кітап қорының саны — 274056 дана, оның ішінде 51804 данасы қазақ тілінде. Жыл басына бері 3108 дана кітап түскен, оның 2599 данасы қазақ тілінде.
Оқырмандар саны — 12227, келушілер саны — 131093, өткізілген кітапханалық шаралар саны 522 оған қатысқандар саны — 9385 адам.
Аудан мұражайлары 9 айдың есебу бойынша 15 шара өткізген, саяхаттар саны — 70, 12 — көрме, 9385 адам қатысқан 14 — баяндама өткізген.
2013 жылы 13 облыстық байқауларға қатысты:
СҚО мәдениет басқармасы өткізген байқаулар:
- айтыскерлер байқауы — 2 орын;
- киіз үйлер байқауы — 2 орын;
- ди-джеейлер байқауы «Жас кезіңде биле» — 3 орын;
- халық әндерін орындаушылар байқауы — 3 орын;
- «Сағындырған халық әндері-ай» байқауы — 3 орын;
- Ш. Қалдаяқов әнлерінің байқауы «Менің Қазақстаным» — 3 орын;
- Жұмақ жерің Қызылжар байқауы — 3 орын;
- Мамыр жұлдыздары байқауы — 3 орын.
СҚО тілдерді дамыту басқармасы өткізген байқаулар:
- «Тіл шебері» байқауы — 3 орын;
- «Абай оқулары» байқауы — 2 орын;
- «Тіл барлық білімнің кілті» байқауы — oрын;
- «Тілдарын» байқауы — 3 орын;
- «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы — 3 орын.
Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Өтеулина
2012 жылы бойынша мәдениет мекеменің өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат