






















































Ағымдағы кезеңде мәдениет мекемелерiнде 1631 iс-шара өткiзiлiп, 100 мыңнан аса адамға қызмет етiлдi.
Қаңтар айында ҚР ның Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнде жолдау талқыланды. Бөлiм басшысы Г.Д. Өтеулина ұлт көшбасшысының жаңа жолдауының негiзгi бағыттарымен таныстыра келiп, ағымдағы жолдау — барлық қазақстандықтар үшiн нақты iстерге апаратын бағдарлама екенiн айта кеттi. Сонымен қоса, Қазақстан Президентiнiң ақыл-ойы мен салиқалы саясатының арқасында лайықты жолмен келе жатқанымызды айта кеттi. Басқа мемлекеттерде болып жатқан ұлтаралық соқтығыстар және әскери қақтығыстарға қарағанда бiздiң елiмiз Тәуелсiздiк жылдарында төзiмдiлiктiң жоғары деңгейiн сақтай бiлдi. Қазақстан экономикасымен бiрге, халықтың тұрмыс деңгейi өстi. Талқылауда бiлiм саласы жайлы сөз қозғалып, жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарт және кадрлар жайлы талқыланды. Үш тiлдi еркiн бiлу –қазақстандықтардың болашағы екенiн айта кеттi. Қазiргi уақытта 7 мың тұрақты терминдер қазақ тiлiне аударылды. 2025 жылдан бастап, латын әлiпбиiн қолданысқа енгiзу керектiгiн айтты. Орыс тiлiн бiлу маңызды және жаңартылған оқытуда қазақ сыныптарында орыс тiлi бiрiншi сыныптан оқылады. Бiздiң қоғамымыздың идеалы өзiнiң салт-дәстүрiн, мәдениетiн, тiлiн, тарихын бiлетiн және шет тiлдi меңгерген қазақстандық болу керек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дәл осындай мағынаны көздейдi. Талқылауға қатысқан қызметкерлер Президентiмiздiң жолдауын толықтай қолдайтындарын бiлдiрiп, бiрауыздан болашаққа сенiммен апаратынына сенiмдерiн бiлдiрдi.
Арықбалық селолық кiтапханасында «Президенттен жаңа курс» деген тақырыппен көрме ұйымдастырылған. Президенттiң жаңа жолдауын талқылау сағаты «Послание — очередной шаг развития» деп аталды. Iс-шараға мәдениет қызметшiлерi, кiтапханашылар және 11 сынып оқушылары қатысты. Кiтапханашы Н.В. Пичугина өзiнiң сөзiнде жолдаудың 10 негiзгi мiндеттерi жайлы түсiндiрiп өттi. Кiтапханашы И.З. Сабыр Президенттiң жолдаудағы бiлiм берудегi және медицинадағы атап өткен жаңа басымдықтар жайлы айтты. Кiтапхана меңгерушiсi О. Сущенко «Рухани жаңғыру» елбасының алдымызға қойған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кiтапханада қандай жұмыстар жүргiзiлiп жатқанымен хабардар еттi.
Антоновка селолық кiтапханасында 5-7 сыныптар арасында «Свет Вифлиемской звезды» атты қысқыертеңгiлiк өттi. Кiтапханашы мерекенiң шығу тарихынын айтып, өлеңдер оқылып, қызықты жарыс ұйымдастырды. Балалар ән айтып, өлеңдер оқып, ойындар ойнап, көңiл көтердi.
Арықбалық селосында Ескi Жаңа жылды қарсы алу жақсы дәстүрге айналды. 30 градустық аязға қарамастан ел тұрғындары жаңа жылдық көңiл-күймен өздерiнiң шығармашылық шеберлiктерiн көрсете бiлдi. Кеш мерекелiк отшашумен аяқталып, жақсы көңiл-күймен, керемет әсермен ауылдастар үйлерiне қайтты.
14 ақпан күнi аудандық Мәдениет үйiнде қысты шығарып салу мерекесi өттi. Керемет көңiл-күймен келген неше түрлi киiм киген халық залды жарқын бояулармен жандырып жiбердi. Мерекелiк дәстүр бойынша тойды бастаушы сайқымазақтарды қонақтар қошеметпен қарсы алды. Өз шығармашылықтарынан туындаған әзiл әндер, жалынды әуендер, вокалдық және жеке композицияда орындалған 20-дан астам концерттiк номерлер бiр демде, көздi ашып жұмғанша өте шықты. Көңiлдi думанмен қыс маусымын салтанатты түрде шығарып салды.
Қаланың қорғаушыларының батылдығы мен қайсарлығы, оның тұрғындарының табандылықтарын жадында ұстау мақсатында осы күн Әскери даңқ күнi болды. Жыл сайын кiтапханаларда Ленинградтың блокададан босатылуына арналған еске алу iс-шаралары өткiзiледi.Мәдениет үйiнiң көрме залында мәдениет қызметкерлерi, кiтапхана қызметкерлерi жергiлiктi Ардагерлер Кеңесiнiң мүшелерiмен бiрге блокадашы С.Г. Шакуроваға және №1 СОМ-нiң 7-8 сынып оқушыларына арнап «Стоек и бессмертен Ленинград, он не сломлен, он не покорится» дөңгелек үстел өткiздi. Iс-шарада Ленинградта бомб мен снарядтың астында бiр тiлiм нан алу үшiн кезекте тұрғанжас батырлар жайлы, аштықтан, суықтан көше бойы өлiп жатқан адамдар туралы ащы да, аянышты әңгiмелер айтылды.Сондай қиын қыстау заманға қарамастан кiтапханалар жұмыстарын тоқтатпай, ақын жазушылармен кездесу үшiн оқырмандар келiп, оларға «900 дней мужества», «Дорога жизни» деген фильмдер көрсетiлiп, сонымен қатар «Герои минувшей войны» атты кiтап көрмесiнiң тұсауын кесiлдi.
Нижнеборлық селолық кiтапхансында «Блокада. День Памяти» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi. Тарих пәнiнiң мұғалiмi Шарыпов И.С. қатысушаларды Ленинград үшiн шайқастың тарихи кезеңдерiмен таныстырды.Нижнеборлық селолық округының ардагерi Л.И. Тулубаева сол оқиғаның iшiнде болған туыстарының айтқандары жайлы айтып бердi. Iс-шараның соңында Самусейко Л.И. жастарға патриоттық сезiмдi ояту мақсатында осындай iс-шаралар көбiрек өту керегi жайлы ұсыныс бiлдiрдi.
Өзбекстан мен Қазақстанның арасында өткен келiссөзде 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы өтетiн болса, Өзбекстанда Қазақстан жылы болады деп шешiлген. Аудандық кiтапханда 6-7 сынып оқушыларына арналған «Традиции и обычаи узбекского народа» атты тарихи-танымдық сағат өттi.Көркем безендiрiлген оқырман залында жүргiзушi кiтапханашылар балаларды Өзбекстан елiнiң тарихымен, салт-дәстүрiмен таныстырды. Өзбек халқының әндерi тыңдалып, «Угадай фильм» бейне-жарысы өткiзiлдi. «Тамыры терең туыстық» деген тақырыпқа Өзбекстанның бай тарихы мен мәдениет мұрасын ашатын кiтап көрмесi безендiрiлдi.
Айыртау селолық кiтапханасында ақпанның 6-сы күнi кең ауқымды оқырмандар үшiн мерзiмдi басылымдардың материалдарын қолданып «Год Узбекестана в Казахстане» атты әнгiмелесу өткiзiлдi. «2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы өтедi» деген көрме безендiрiлдi.
Константиновка селолық кiтапхансында «Психология вовлечения молодежи в экстремистские организации» атты ақпараттық сағаты өттi. 35 адамнан тұратын 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектепте өткен iс-шарада «терроризм», «экстремизм» деген ұғымдардың мағынасын ашып,осындай жағдайға түсiп қалған жастар туралы бейнефильм көрсетiлдi. «Мое отношение к религии» деген тақырыпқа топтарда сауалнама жүргiзiлсе, «Поддаетесь ли Вы чужому влиянию» деген тақырыпқа тест алынды.
Аудандық Мәдениет үйiнiң оқырман залында аудандық кiтапхана мен мәдениет үйiнiң бiрлесуiмен №1 Саумалкөл орта мектебiнiң 8-9 сыныптар оқушыларының қатысуымен « Сталининград: 200 дней мужества и стойкости» атты тақырыптық кеш өткiзiлiп, кеште жүргiзушiлер шайқас тарихын, оның хронологиялық кестесiн слайда көрсетiп, ашып бердi. «Что можно прочитать о Сланинградской битве» атты кiтап көрмесi безендiрiлдi.
Арықбалық селолық окугiнде «прощенное воскресениенiң» соңғы күнi славяндар халық мерекесi Масленицаны тойлауды дәстүрге айналдырды. Ал, Масленица мерекесiнiң дәстүрлi тағамы құймақты селолық округ, дәрiгерлiк амбулатория, мектеп мұғалiмдерi, мәдениет үйiнiң және кiтапхана қызметкерлерi тұрғындарға тегiн таратты. Шеңбер пiшiндес құймақ күн бейнесiн кескiндеп, көктем мен жылылықтың символын, мерекенiң бұлжымас белгiсiн айшықтап тұрғандай көрiндi. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсiмiн де көпшiлiк қызыға тамашалады. Жиналған қауым халық мерекесiн көңiлдi өткiзiп, ойындарға, конкурстарға қатысып, спорттық жарыстарда күш сынасып, жақсы әсер алды.
Ауған соғысында қаза болғандарды еске алу мақсатында15 ақпан күнi «НұрОтан» филиалының ғимаратында мәдениет үйiмен бiрлесiп «Ауғаныстан-жазылмаған жара» атты батылдық сағаты өткiзiлдi. Iс-шараға жауынгер-интернационалист Гичко Сергей Дмитриевич, мемлекеттiк қызметкерлер және ауданның мектеп оқушылары шақырылды. Жүргiзушiлер Афганистанда болған соғыстың тарихын айтып, «Хроника Афганистана» фильмiн көрдi. Ардагерлер бастарынан кешкен сол сұм соғыстың ауыр күндерiн естерiне түсiрiп, отырған жастарға айтып бердi. «Афганистан: время выбрало нас» кiтап көрмесiн ұйымдастырылды. Iс-шараны әскери тақырыпқа әдемi әуендермен аяқтады.
Шалқар селолық кiтапханасында оқырмандар үшiн «Ауған күнделiгi» атты көрме безендiрiлдi.Жастардың бойларына патриоттық сезiмiн ұялату мақсатында 11 сынып оқушыларының арасында «Солдат войны не выберает» атты еске алу сағаты ұйымдастырылды. Маслов Паша Ауғаныстан туралы өлең оқып, отырған көрермендердiң көңiлiн босатты. Iс-шара барысында Розембаумның бiрнеше әндерi орындалды.
Новосветловка селолық кiтапханасында «Афганистан наша память и боль» тақырыбына Ауған соғысының суреттерiмен буклет безендiрiлдi. Жоғары сынып оқушыларының арасында мыңдаған жерлестерiмiздiң өмiрiн алып кеткен жерлестерiмiздi мәңгiлiк есте сақтау мақсатында батылдық сағаты өткiзiлдi.
14 ақпан мәдениет үйiнiң көрме залында ардагерлер Кеңесiмен бiрлесiп «Руская старинная,румяная да блинная» атты әдеби-музыкалық кеш өттi. Кешке Саумалкөл елiнiң зейнеткерлерi шақырылды. Жүргiзушiлер мерекенiң шығу тарихы, салт-дәстүрi туралы айтып бердi. Ардагерлер хоры халық әндерiн нақышына келтiрiп орындап, отырғандардың көңiлiн көтердi. Iс-шара барысында масленица мерекесiне орай бiрнеше слайд, бейне-роликтер көрсетiлдi.
Арықбалық селолық округi бұл мерекенi жыл сайын дәстүрлi түрде тойлайды. Биыл да қызметкерлер осы мейрамға жоғары дайындықпен келген. Мереке аясында әртүрлi конкурстар ойнатылды, командалар арнайы костюмдер киiп, славян халқына тән ас мәзiрiн дайындаған. Мерекелiк дастархандағы басты тағам әрине бұл — құймақ. Бұл күнде мiндеттi түрде құймақтың түр түрi пiсiрiледi. Масленицаның негiзгi символы да осы. Көктемдiк көңiлдi-таныстыру кезеңiнде қатысушылар ерекше костюмдерiмен, орыс частушкаларын шырқап, халықтың көңiлiн бiр серпiлтiп тастады.
Гусаковка орта мектебiнде «Широкая Масленица» фольклорлық мерекесi керемет деңгейде көңiлдi өттi. Мерекеге оқушылар ата-аналарымен қатысып, мерекенi жандырып жiбердi. Қонақтарды Масленица ханымның өзi орыстың ұлттық киiмiмен қарсы алып, жұртты таң қалдырды. Орыстың халық әндерi орындалып, балалар аса бiр қызығушылықпен сайыстарға қатысып, өздерiнiң шеберлiктерiн көрсете бiлдi. Мейiрiмге толы шарада мағыналы ойын-сауықтар өтiп, жиналған жұртшылық мерекелiк көңiл күйде болды. Ән, би жарыстары ұйымдастырылды. Дәстүрлi қуыршақ өртеу рәсiмi ұйымдастырылды, ел — жұрт бiр-бiрiне деген игi тiлектерiн бiлдiрiп, қыспен қоштасты.
3 наурыз мерекелiк безендендiрiлген аудан кiтапханасының оқырман залында Саумалкөл орта мектебiнiң оқушылары үшiн «8 наурыз ең асыл жандар мерекесi» атты Халықаралық әйелдер мерекесiне арналған ертеңгiлiк өттi. Бейнероликтен мерекенiң шығу тарихымен танысты. Мереке барысында «Нарядить сестренку», «Дефиле», «Отгадайте важные слова», «Галантность», «Сказочная походка», «Какая я красивая», «Самая очаровательная улыбка» сияқты сайыстарға белсене қатыса бiлдi. Нәзiк жандарға, көктем мезгiлiне арналған әндер орындалды. Ұлдар қыздарға гүл шоқтарын сыйлап, мерекемен құттықтап, өздерiнiң тiлектерiн айтты.
7 наурыз күнi аудандық Мәдениет үйiнде Халықаралық әйелдер мерексiне арналған салтанатты мереке өттi. Ақ көйлек киген қырық бұрылған бишiлер «Мен әйелмiн, әлемнiң анасымын» атты бимен мерекенi ашты. Ер жiгiттер нәзiк жандарға арналған жүрек жанды әндерiн айтып, гүл шоқтарын сыйлады. Концерт өте жоғары деңгейде өттi, барлық әйел жандары көтерiңкi көңiл күймен қайтты.
Жерлес ақынымыз Ақан серiнiн 175 жылдық мерей тойына орай Кеңашы ауылында мүсiннiң бауырайында салтанатты iс-шара өттi. Митингте «Арқа ажары» Ақмола облыстық газетiнiң директоры, жазушы-драматург жабал Ерғалиұлы және т.б. сөз сөйлейдi. Ү. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филормония және Солтүстiк Қазақстан облысы филормониясы құрмет көрсету мақсатында келдi.
16 наурыз аудандық Мәдениет үйiнде «Мисс Айыртау-2018» атты керемет iс-шара өттi. 9 айдай сұлу арулардан тұратын нағыз сұлулар өз өнерлерiн көрсетiп, жұртты таң қалдырды. Визит карточкасы, қол асты материалдардан жасалған қазақи ұлттық нақыштағы киiм презентациясымен дефиле және шығармашылық нөмiр. Бұлар ұйымдастырылған кезеңдер арқылы сайыскерлер өз дарындарын жан-жақты көрсете алды. Сайыскерлердi бағалап, жеңiмпазды таңдау үшiн әдiлқазылар алқасы тағайындалды. Қатысушылар сайыстың барлық кезеңдерiнен сүрiнбей өттi. Әрқайсысы қайталанбас, бiрегей өнер көрсеттi. Әдiл-қазылар кеңескенше көрермендердiң көңiлiн «Сәбiз» КВН командасы аулай бiлдi. Қазылар алқасы «Мисс Айыртау-2018» титулына ие бола алатындай лайықты өнерi көркiне сай сұлуды таңдай бiлдi.
20 наурыз күнi Құспек селолық кiтапханасында Наурыз мерекесiне орай «Весна начинается с Наурыза» деген меркелiк той өттi. Бұл мерекеге барлық ел тұрғындары шақырылды. Мереке дәстүрлi «шашумен» басталып, наурыз мерекесiне, туған жерге арналған неше түрлi әсем ән, мың бұралған бишiлердiң орындауында билер биленiп, бiрнеше ұлттық салт-дәстүрлер көрсетiлдi. Әсiресе Т. Мельникова, А. Шафорост, Р. Саусанованың орындаулары халықтың көңiлiнен шықты.
Шалқар селолық кiтапханасының кiтапханашылары орта буын оқушыларына «Менiң елiмнiң салт-дәстүрлерi» атты ақпараттық сағат өткiздi. Бұл iс-шараның мақсаты жас буынның бойында өз елiнiң салт-дәстүрiне деген құрмет ұялата бiлу. Оқушылар арасында кiм көп салт-дәстүр бiлетiнiн бiлу үшiн сайыс ұйымдастырылды.
Ұлық мейрамды тойлауды дәстүрге айналдырған аудан халқы 21 наурыз «Самұрық» алаңында таңсәрiден 5 киiз үй тiгiп, ошақ құрып, ас дайындауға кiрiстi. Елiмiздiң әр өңiрiнде тойланатын ұлы мереке барша Алашқа ортақ. Сондықтанда, ауданның жақсы жайсаңыда, қариясы мен ақ жаулықтылары бәрi де осында. Алаңға жиналған көпшiлiк бiр-бiрiмен көрiсiп, ақ тiлектерiн ағытты. Мереке театрлық қойылыммен басталып кеттi. Қазақтың ұлттық эпос, ертегiлерiнiң Қыдыр ата, Көктем, Жер ана және т.б. кейiпкерлерi мерекенi көркейтiп жiбердi. Аудан мен облыс орталығынан келген өнерпаздар тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып, әсем әндi әуелетеп, домбырадан күй төгiлдi.
Аудан аумағында қазақ иiсi шығып тұрды. Тiгiлген ақ бозүйлер мен құрылған алтыбақандарды айтпағанда, жастар арасында ұйымдастырылған қазақ халқының ұлттық ойындары көпшiлiктiң назарын аударды. Жеткiншектер боз кiлемде белдессе, екiншi жағында жастар гiр тасын көтеруден сынасты. Асығы алшысынан түсiп, ойын барысында алдына жан салмағандарда болды. Әз Наурызға дайындалған Наурыз көжеден көпшiлiк дәм татып, қыз жiгiттерден құралған жастар Алтыбақан тептi. Осылайша, екi күнге созылған дүбiрлi мерекенi думандатып өткiзген тұрғындар жылдан-жылға аман жетуге тiлектерiн арнады. Мейрамды одан әрi мың бұралған бишiлер мен жезтаңдай әншiлер жалғастырды.
Облыстық С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапқанасының ұйымдастыруымен өткен «Мағжан елi-Қызылжар» атты ақындар сайысында Дауқара орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Даулет Құрмаш 2018 жылдың 1наурыз-1 мамыр аралығында өткен аудандық турде жеңiмаз атанып, облыстан екiншi жүлделi орынға ие болды.
Ауданымызда жыл сайын ақпан және сәуiр айлар арасында көркем өнерпазадр сайысы өткiзiледi. Биыл 2000 адам қатысып, мықтының мықтылары ғана 4 сәуiр күнi «Серiлер жерi-жыр-әннiң елi» атты аудандық мәдениет үйiнде гала концертте өнер көрсеттi. Имантау селолық округ өнершiлерi Гран При Жүлдесiне лайық деп табылды. 13 сәуiр күнi ең таңдаулы номерлер осы залда облыстық әдiл-қазылар алдында өнер көрсетiп, облыстық конкурстен Айыртау ауданы үшiншi жүлделi орынға ие болды.
1 мамыр көктемнiң алғашқы таңы саумалкөлдiң төрт жағынан шыққан демонстраттар бағаны «Самұрық» алаңында бас түйiстiрдi. Алаңда әр халықтың тұрмыс, салт-дәстүрiн және ұлттық тағамдарын ұсынған этно-мәдениет орталықтары жарты киiз үйде көрсеттi. Селомыздың негiзгi сахнасында тұрғындарымызды шаңырақпен халық достығы биiмен қарсы алды. Артынша жұртшылық театрландырылған көрiнiстi, сондай-ақ, жергiлiктi өнерпаздардың дайындаған концертiн тамашалады.
Аудандық Мәдениет үйiнiң мұражайында №1 Саумалкөл орт мектебiнiң 3 сынып оқушыларымен «В единстве наша сила» атты әдеби-музыкалық ертеңгелiк өттi. Iс-шара ҚР-ның гимнiн орындаумен басталды. Жүргiзушiлер мерекенiң маңыздылығы туралы айта кетiп, «О единстве нации проживающих на территории Казахстана» деген бейне ролик көрсеттi. Оқушылар мерекеге белсене қатысып, ән айтып, өлеңдер оқып, домбырада ойнады. Викторина өткiзiп, балалар жұмбақ, сөзжұмбақтар шешiп мерекенiң қалай аяқталғанын байқамай қалды.
Арықбалық селолық кiтапханасында «Я горжусь тобой Казахстан» атты ақпараттық сағат өттi. Iс-шараға ардагер кеңесiнiң мүшелерi қатысып, ақындық композициясы туралы айтып барады. Республикамызда тұрып жатқан халықтар достығы жайлы, Қазақстан жайлы өлеңдер оқылды.
Жеңiс мейрамы қасиеттi де қастерлi мереке. Бұл жанқияр ерлiк пен еңселi елдiктiң өтемi. Бүгiнгi қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған заманның орнауына орасан үлесi бар ардагерлердi құрмет тұту бүгiнгi буынның басты парызы.
9 мамыр күнгi таңы айыртаулықтар үшiн аудан әкiмi бастаған әскери қызметкерлер, мекемелер, бөлiм басшылары, оқушылар, балабақша тәрбиенушiлерi және жиналған жұртшылық шайқаста шейiт болған боздақтардың ескерткiштерiне гүл шоқтарын қойып, бiр минут үнсiздiкпен еске алып, тағзым етуден басталды. Ұлы Отан соғысынан оралмаған, қан майданда мерт болған майдангерлер рухына салют берiлдi. Мереклiк шеру мен театрлық қойылым жиналған қауымның жүректерiн босатпай қоймады. Соғысқа дейiн және соғыстан кейiн болған оқиғалар бiрiнен соң бiрi жүректi тебiрентiп, өтiп жатты. 1941 жылдың 22 маусым күнi жайбарақат жатқан елдiң барлық жоспарларын көкке ұшырғаны жайлы, ата-аналаларын, жан жолдастарын, туған бауырларын зарлатып майданға кетiп бара жатқан жастар, әкелер, ұлдар, Алия Молдағұлованың қанды майданнан ата-анасына жiберген хаты, ұлы майданнан қайтпаған ананың 21 ғасыр балалаларына өсиетi сияқты көрiнiстер жиналғандардың көзiне жас ұялатты. «Мәңгi өлмес полк» шеруiне бiрi әкесiнiң, бiрi атасының, ендi бiрi бауырлары мен туған-туыстарының суреттерiн мақтанышпен ұстап, орталық көшелермен жаяу жүрiп өттi. Ұрпақтары батыр бабасы болғанын мақтан тұтады. Шараға қатысушылар бейбiт өмiр сыйлаған майдангерлерге: «Мың алғыс!» — деп ұрандатты. Қойылымның соңғы нүктесiн елордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойына арнап неше түрлi костюм киiп өткен әдемi көрiнiс тiптi көрсейтiп жiбердi. Барлық халық «Самұрық» алаңына асыға барып, мерекелiк концерттi тамашалауға асықты. Кешке халық мерекелiк дискотека және отшашуға жиналып керемет кеш өткiздi.
Халықаралық әдеби-поэзиялық және бейнелеу шығармашылығы сайысына орай аудандық кiтапханада «Мы гордимся Победой» атты мәнерлеп оқу сайысы өттi. Сайыс келешек ұрпақ бойына елiне, жерiне, тарихына деген құрмет, сүйiспеншiлiктерiн арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Салехард қаласының «Ценртализованная библитечная система» Мәдениеттi басқару және жастар саясатының Әкiмшiлiгiнiң дипломымен «Читаем о Великой Отечественной войне» наминациясымен Белоног Оксана марапатталды. Сондай-ақ осы сайыста «Рисунок в электронном виде» наминациясымен №2 мектеп-гимназияның оқушысы Перегудова Виктория жеңiмпаз атанып, дипломмен марапатталды. Сайыстың ең үлкен сайыскерi ардагерлер хорының мүшесi Хомутовская Зинаида Феликсовна соғыс тақырыбына оқыған поэзиядан жүлделi екiншi орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
«Нұр Отан» конференц-залында агротехникалық колледж студенттерiне «Память жертв политических репрессий» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi. Балалар репрессия кезiндегi тарихи оқиғаларды қызығып тыңдады. Қазақ орта мектебiнiң тарих пйнiнiң мұғалiмi З.Қ. Исқақова бекерден-бекер, жазықсыз кеткен жерлестерiмiз жайлы, легерьде өткен күндерi жайлы айтып бердi. Жастар саясыты жөнiндегi әкiм кеңесшiсi А.Б. Сейдахметов «Алаш» партиясының қайраткерлерi жайлы айтты. Соңында лагерьдегi азапты күндер айлы бейне-фильм көрсетiлiп, талқыға салды. Балалар соңынан кiтап көрмесiн тамашалады.
1 маусым «Балаларды қорғау» күнi «Құлагер» мұз алаңында өттi. Қолдарына неше түрлi шарлар ұстаған, жүректерi қуанышқа толы кiшентай бүлдiршiндердi жиналған қауымның зор қошеметттерiмен қарсы алды. Мерекенi ауданымыздың балабақшаларының ең кiшкентай бөбектерi бастады. Ал «Мәңгiлiк Ел» паркiнде «Города мастеров» өз жұмыстарын жүргiзiп жатты. «Авиасалон», «Вернисаж», «Павильон мыльных пузырей», т.б ойын-сауықтың неше түрлiлерi балаларды өте қызықтыра бiлдi.
Маусымның басында ҚР Рәмiздер күнiне арналған бiрнеше iс-шаралар өттi. Ең маңызды iс-шара ҚР-ның рәмiздерiне арналған калаңда өттi. Мемлекеттiк әнұранды орындаумен басталған шарада сөз алған аудан әкiмi Б.К.Исманов аудан тұрғындарын мемлекеттiк рәмiздер мерекесiне байланысты құттықтап: «Мемлекеттiк рәмiздердi қастерлеу, қасиетiн бiлу, оны жүрекке тоқу — отансүйгiштiктiң белгiсi. Қазақстанның әрбiр азаматы әнұранды жатқа айтып, елтаңбасының тарихын түсiнiп, көк туын мәңгi желбiретiп қойса, мiне, осы — ұлттық рәмiздерiмiзге деген орасан құрметтiң белгiсi болмақ. Өйткенi ұлттық айшықты таңбалар — кез келген елiн сүйген азаматтың намысын көтерiп, рухын асқақтататын мақтанышы.» екенiн айтты. Отан, елiне деген махаббатты бiлдiретiн ән-жырлар мерекенi одан әрi көркейтiп жiбердi.
Оқырмандар залында аудан оқырмандарына арналған «Мемлекеттiк рәмiздер-ұлт мақтанышы» атты танымдық сағат өттi. «Ел рәмiздерi-ел рухы» атты көрменi оқырмандар қызыға қарап жатты. Әсiресе ҚР-ның әнұраны кiрген кiтап-макет ерекше қызықтырды. Жерлестер сол макеттiң қасында естелiк үшiн фотоға түсiп жатты.
14 маусым күнi кезектi туристiк маусымнiң ашылу салтанаты өттi. Айыртаудың керемет табиғаты жыл сайын 30 мыңнан астам туристирдi қызықтырып келедi.
Салтанатты ашылу облыстан келген шығармашылық ұжымның мерекелiк концертiмен жалғасын тапты. Туристiк маусымның ашылуына орай қолданбалы өнер көрмесi безендендiрiлдi.
16 маусым Айыртау ауданында жерлес ақынымыз Ақан серiнiң 175 жылдық мерей тойына және ауданымызға 90 жыл толуына арналған ат жарыс ұйымдастырылды. Ипподромның алыс емес жерде құрылған алыстан көз тартатын ақшаңқан жарты киiз үйлер тiгiлiп, маңайы мерекелiк көңiл-күйдегi жамағатқа толды. Жарты киiз үйлерде қолданбалы өнер көрмелерi, сувенирлiк бұйымдар көздiң жауын алды. Артынша көптiң күткен ат жарысы басталды. Сайын даланы дүбiрлеткен жүйрiктердiң ұзын саны қырыққа жуықтаған. Иелерiнiң сенiмiнен шыққан тұлпарлар Астана, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарынан арнайы әкелiнген. Бұл ат спортына деген қызығушылық артқанын аңғартса керек. Ақан серiнiң Құлагерiнiң тұяғы тиген киелi жердегi ат жарыста тұлпарлар Аламан бәйге, Тоқ бәйге, Құнан бәйге жарыстарында мәре сызығын бiрiншi кесiп, бiрiнен соң бiрi иелерiн сый-сияпатқа кенелттi. Келесi кезекте Солтүстiк-Қазақстан облысынан келген артiстер тыңдармандар қауымын ән-жырмен сусындатты.
Астананың 20 жылдық мерей тойына арналған мереке ауданымыздың безендендiрiлген «Самұрық» алаңында өттi. Екi жаққа құрылған 10 жарты киiз үйлерде «Астана с первых дней» фото галереясы, кiтап көрмелерi, «Астана» атты қолданбалы өнер көрмесi, сәулет құрылысы макеттерi, аспаздық өнiмдер, сувенирлiк өнiмдер, суреттер көрмесi орын тапты. Мереке «Астана –болашақтың қаласы» атты хореографиялық қойылыммен басталды. Iс-шараның салтанатты бөлiмi ауданымыздың көркемөнерпаздар ұжымының дайындаған керемет мерекелiк концертiмен жалғасты.
13 шiлде ауданымыздың Мәдениет үйiнде Айыртау ауданының 90 жылдық мерей тойына арналған «Шаттан, менiң асыл өлкем!» атты екi талантты халықтық өнер ұжымдарының мерекелiк концерттерi өттi. Мерей иелерi ауданымыздың қоғам және мәдениет саласына еңбектерiн аямай келе жатқан ұжымдардың бiрi.«Ажар» ансамблiнде биге деген махаббаты ерекше дарындар өнер көрсетiп келедi. Олардың сахнадағы әр қимыл қозғалысына қарап, ұжымның болашағынан зор үмiт күтуге болады. Бүгiнгi концертте жас таланттар түрлi ұлттың биiн билеп, сахна көркiн аша түсiп, көрермен көңiлiнен шыға бiлдi. Ардагерлер хорының зейнет жасына жетсе де ауданымыздың қоғамдық-мәдени өмiрiнен шет қалмай, өнерлерiмен елеулi үлес қосып, өздерiнiң өнерлерiмен қуантып жүр. Бұл екi ұжым «Халықтық» атағын мақтанышпен алып келе жатқан бiздiң ауданымыздың мақтаныштары.
16 тамыз ауданның Мәдениет үйiнде « Ұлылар елi-серiлер жерi» деген атпен Ақан серiнiң 175 жылдық және Айыртау ауданының 90 жылдық мерей тойларына арналған республикалық ақындар айтыс өттi. Айыртау тұрғындары алдында бұл күн қара домбыраны серiк етiп, кестелi сөзбен өрнек өрген 12 айтыскер ақын өнер көрсеттi. Солтүстiк-Қазақстан облысының намысын ауданымыздың тумасы бiрнеше дүркiн облыстық сайыстардың жүлдегерi Мұхамед Қоңқаев қорғады. Талапты ақындар бүгiндерi көпшiлiктi алаңдатып отырған елдiк мәселелердi түйдек-түйдегiмен айтып жұртшылықты бiр серпiлттi. Жүзден жүйрiк ой иелерi маңызды тақырыптарға ойысып, ел-жер тағдырын одан қалса жер атауларына байланысты өз пiкiрлерiн бiлдiрiп, халықтың ықыласына бөлендi, бiрiн-бiрi әзiл-қалжыңмен қағытып, суырыпсалмалық қабiлеттерiн де сынады. 5 сағатқа созылған айтыс Қарағанды облысының айтыскерi Мақсат Ақановтың бас жүлде жеңiсiмен аяқталды.
25 тамыз күнi Ақан серiнiң 175 жылдық және Айыртау ауданының 90 жылдық мерей тойларына арналған Саумалкөл селосында бiрнеше iс-шаралар өттi. Мәдениет үйiнiң көрме залында айыртау жерiнiң тарихы жазылған, жерiмiздiң атын шығарған тұлғалар жайлы «Туған жер-тұңған шежiре» атты кiтаптың тұсаукесерi өттi. Осы күнi Достық көшесiн атақты жерлесiмiз Бәйкен Әшiмов көшесiне ауыстыру салтанаты өттi. Б.Ә. Әшiмов өмiрi өнегеге толы, iшкi мәдениетi аса жоғары, халқына қадiрлi, елiне сыйлы қазақтың шын мәнiндегi зиялысы болғандықтан көшеге жерлесiмiздiң аты берiлдi. Бұл кезде ипподромда алыстан көздiң жауын алатын киiз үйлерде қолданбалы өнер көрмелерi, елiмiздiң тарихы жайлы кiтап көрмелерi, сувенирлiк бұйымдар халықты қызықтырды. Қазақстанның жан-жағынан арнайы келген тұлпарлар, үш түрлi ат жарысқа дайындалған арнайы орындар барлығы бәйгеге дайын едi. Негiзгi сахнада ауданымыздың «Құрметтi азаматы» атағын беру және мерей тойдың медалiн тапсыру салтанаты жерлестердi ерекше тебiренттi. Марапаттаудан кейiн сахнада «Айыртау –алтын бесiгiм» атты мерекелiк концертте Солтүстiк Қазақстан облысының филормония артiстерi мен ауданымыздың көркемөнерпаздар ұжымы қонақтарды әсем ән-жырларымен сусындатты.
Аудандық кiтапхананың оқырмандар залында «Алтын жасты ардақтаймыз» атты мәдениет саласының ардагерлерiнiң қатысуымен комплимент кешi өттi. Мерекелiк бағдарлама 3 бөлiмнен құралды: кiрiспе, құттықтау және ойын — сауық. Мерекелiк дастархан басында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Гүлнар Дiлдәбекқызы Өтеулина мен аудандық кiтапхананың әдiскерi Елена Владимировна Клевно сөз сөйлеп, құттықтады. Кеш жүргiзушiлерi қонақтарды кiтапхананың заманауи жұмыс iстеу әдiстерiмен таныстырды. Атап айтқанда, коворкинг орталығы, РАББИС бағдарламасының жұмысы мен WEB сайтының ақпараттандыру нысандары. Аудандық Мәдениет үйiнiң қызметкерлерi ән-шашу сыйлап, өнер көрсеттi. Сонымен қатар «Даналық, жылулық пен мейiрiмдiлiк жасы» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды, көрмеде сұлулық пен жастық, денсаулық пен ұзақ өмiр сүрудiң негiздерiне бағытталған әдебиеттер легi орналастырылды.
2018 жылдың 11 қазанында аудандық Мәдениет үйiнде мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Г.Д. Өтеулина Айыртау ауданының мәдениет саласының қызметкерлерiмен мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл — ауқатының өсуi: табыс пен өмiр сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Мәдениет мекемелерiнiң қызметкерлерi Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаңа жолдауын үлкен ықыласпен қабылдап, халық пен Үкiмет алдына қойған мiндеттердiң өзектiлiгiн, маңыздылығын атап көрсете отырып, тек өзiне ғана емес, сонымен қатар қоғамға да бағдарламалық құжатты iске асыруда пайдалы болуға дайын екендiктерiн бiлдiрдi.
Аталмыш мерекенiң арқасында адамзат жер бетiнде мәңгiлiк пен рухани келiсiмде өмiр сүруде. Бұл Қазақстан Республикасындағы Рухани келiсiм күнi. Аудандық кiтапхананың оқырмандар залына Қайрош ата мешiтiнiң бас имамы Ш.А. Жанысов пен православие шiркеуiнiң попы Евгенийдiң қатысуымен «Төзiмдiлiк үшiн» рухани сағатына агротехникалық колледждiң студенттерi шақырылды. Еркiн және жайлы түрде өткен диалогта кiтапханашылар тыңдаушыларға бұл мерекенiң тарихын, оның қазақстандықтар үшiн қандай маңызды екенiн айтып бердi. Диалог барысында достық, адамгершiлiк, төзiмдiлiк, әдiлдiк, мейiрiмдiлiк және жаңашырлық қасиеттерi туралы сөз қозғалды. Студенттерге «Бәрiмiз бiрдеймiз — кемсiтудi бiлмеймiз» атты интелектуалды ойын ұсынылды. Iс шара барысында «Константа рухани келiсiм» бейнефильмi көрсетiлдi. Сонымен қатар «Рухани келiсiм — тұрақтылық негiзi» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.
«2025 жылға дейiн қазақ тiлi әлiпбиiн латын графикасына кезең-кезеңмен көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын» iске асыру шеңберiнде 2018 жылдың 7 қарашасында Айыртау ауданы тұрғындарының арасында «Қазақ тiлi емлесiнiң негiзгi ережелерi жобасы» бойынша ақпараттық түсiндiру, талқылау жұмыстары бойынша ауылдық округтер мен дербес бөлiмдердiң iс-жүргiзушiлерi, бiлiм беру мекемелерiнiң тiл мамандарының қатысуымен жұмыс тобы семинар өткiздi. Жұмыс тобының құрамында: тiлдердi дамыту жөнiндегi облыстық басқармасының бөлiм басшысы А. Сүлейменова, СҚМУ қазақ тiлi мен әдебиет кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж. Таласпаева, тiлдердi оқыту орталығы басшысының орынбасары О. Жанатов, «Қызылжар» қосымша бiлiм беру орталығының директоры Ж. Мұхамеджанов болды. Семинар аудандық Мәдениет үйiнде өттi.
14 қараша аудандық Мәдениет үйiнде «Мәңгiлiк елдiң — мәңгiлiк сарыны» атты қазақ халық әндерi мен халық композиторларының әндерiн орындаушылар байқауы өттi. Байқауға Дауқара ОМ оқушылары Қ. Динаш пен А. Балқаш; Карасевка ОМ мұғалiмi Әлия Жүсiпова; Антоновка ОМ мұғалiмi Әдемi Садуова; Бiрлестiк домбыра үйiрмесiнiң жетекшiсi — Г. Камалиева және Бiрлестiк Ом мұғалiмi Ж. Тұрлыбекова қатысты. Байқауға қатысушылар екi шығармадан орындап, вокалдық көрсеткiштерiмен бөлiстi. Әдiл-қазылар алқасының құрамында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Г.Д. Өтеулина; аудандық Мәдениет үйiнiң дыбыс режиссерi А.Ш. Көшекбаев; қосымша бiлiм беру орталығының оқытушысы М. Савченко; аудандық «Айыртау таңы» газетiнiң тiлшiсi А. Омарова болды. Байқау қорытындысы бойынша «Колосок» балабақшасының музыкалық жетекшiсi С. Жанысов жеңiмпаз атанды.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiне арналған салтанатты шара 28 қарашада Ақан серi аудандық мәдениет үйiнде өттi. Бағдарламаның басында ұсынылған би композициясы алғашқы қашырылымдардан егiлген нандарды алу үшiн өсiмдiк өсiру процесiн бейнеледi. Салтанатты жиынның соңы Петропавл қалалық Мәдениет үйiнiң «Экспромт» би ұжымы, Астана қаласының рэтро-тобы және Ақан серi атындағы Мәдениет үйiнiң көркемөнерпаздар ұжымының мерекеллiк концертiмен жалғасын тапты.
29 қарашада Акан серi атындағы аудандық Мәдениет үйiнде Тұнғыш президент күнi мерекеге арналған салтанатты шара болып өттi.
Мерекелiк шараның ресми бөлiгi аяқталған соң, Солтүстiк Қазақстан облыстық филармониясының әзiрлеген үлкен концерттiк бағдарламасы назарғаұсынылды. «Мәңгiлiк», «Туған жер» би топтары әр елдiң билерiе билесе, «Мэло-Микс» тобы «Ақ бұлақ» пен «Батырлар ұраны» әндерiн орындады. ҚР Президентiнiң Құрмет грамотасымен иегерлерi «Қызылжар» ансамблi жиналған халыққа мерекелiк көңiл-күй сыйлады. Медет Ибадуллаев пен Мұхит Ахметовтер орындаған әндер жас пен кәрiнiң көңiлiнен шыға бiлдi.
Тәуелсiздiк — барлық Қазақстандықтар үшiн аса қасиеттi құндылық тарихы терең, қасiреттi қатпарлы халқымыздың әлденеше ғасыр бұрын армандаған тәуелсiздiк туы бiзге сағындырып ғана емес, зарықтырып тидi. Көнекөз тирихқа көз жiберсек, бабалар арманы, батырлар қанымен келген Тәуелсiздiк Алла сыйлаған ұлы Бақыт.
Осы 16 желтоқсан күнi Саумалкөл ауылының орталық алаңында да ерекше салтанатпен аталып өттi. Таңнан орталық алаңға жиналған көпшiлiктiң назарына аудандық көркемөнерпаздар ұжымының , спорт сүйер қауым түрлi спорт ойындарының тамашалады.
Орталық алаңда өткен жәрменкеге де халық көп жиналды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң мұндай көп, бай түрлi күн сайын дүкен сөрелерiнен табыла бермесi анық.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттап, оны iске асыру мақсатында рухани азығымыз — халық әндерi мен қазақ халық композиторларының киелi мұрасын ел арасында кеңiнен насихаттап, оны келер ұрпаққа жеткiзу, жас дарын иелерiн анықтау, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн және ән өнерiне деген қызығушылығын арттыруда мақсатында 8 желтоқсанында аудандық Мәдениет үйiнде «Әнiм-жырым саған-Туған жер!» атты облыстық әншiлер байқауы өттi. Байқауға 12 ауданнан, Петропавл қаласынан 2 үмiткер қатысты. Айыртау аудан әкiмiнiң орынбасары Гулмира Армияқызы Әбiлқайырова үмiткерлерге ақ жол тiледi.
Байқау бағдарламасында өнерсүйер қауымның сүйiп тыңдайтын Ұлы дала композиторларының туған жерге деген сүйспеншiлiкке толы әндерi мен махаббат лирикасы шырқалды.
Жалпы мейiрiмдiлiк рухына толы байқауда әрбiр қатысушы өзiнiң кәсiби шеберлiгiн, дауыс ырғағының кеңдiгiнкөрсетуге тырысты. Байқау қатысушыларының арасындағы дұрыс бәсекелестiк, алуан түрлi әуен мен ырғақ, көз жауын алатын ұлттық киiмнiң бәрi — ән мерекесiнiңжоғары деңгейде өтуiне себепшi болды. Байқау әндерi ұлттық музыкалық аспаптардыңсүйемелдеуiндеорындалды.Байқау қорытындысы бойыншаБас жүлде — Марат Кенжеболатовке берiлген.
14 желтокүнi Ақан серi атындағы Мәдениет үйiнде Тәуелсiздiгiмiздiң 26 жылдығына орай мерекелiк кеш болып өттi. Нақты шара егемендiктiң белгiсi көк туды сағнаға шығарудан басталды. Тәуелсiздiк күнi елiмiздiң барлық азаматтары үшiн орны ерекше мереке деп бiлемiз, себебi, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күндi ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өттi. Салтанатты жиыннан кейiн Көкшетау, Петропавл және аудан көркемөнерпаздарының күшiмен концерт қойылды.
Жаңа жылдың ең әдемi ең қызықты дәстүрлерiнiң бiрi — шыршаларды безендiру. Тiптi ойлап қарасаңыз, шыршасыз қыстың ең басты мерекесiн елестету мүмкiн емес! Осы жалы 22 желтоқсан күнi аудан орталығы Саумалкөл ауылының орталық алаңында Жаңа жалдық шырша орнаталап, салтанатты iс-шара өткiзiлдi. Бұл жаңа жалдық iс-шараға Аяз ата мен Ақшақардан басқа Алдар Көсе, қар ханшайымы, мұзды Джек, жыл мезгiлдерiнiң атасы, әтеш пен ит сияқты ертегi әлемiнiң таңғажайып кейiпкерлерi қатысып, келген қауымға көптеген қызықтарды да көрсеттi. Аяз ата мен Ақшақар балалармен би билеп көңiлдi бiр жадыратты. Балалардың көзiнде қуаныш оты жарқырап, шын жүректен жаңа жыл мейрамын сезiндi. Әрбiр кiрген жаңа жылдың өзiнiң дайындап отырған қуанышы, бақыты, сайы болады.
Ең сүйiктi мерекелерiмiздiң бiрi көптен күткен жаңа жыл — бұл сиқырға толы, мейiрiмдi ертегiлер мен ғажайыптардан тұратын көңiлдi және рухани мереке. Жаңа жылдық ертеңгiлiк — Жаңа жыл мерекесiн қарсы алудың басты бөлiгi. Осыған орай аудандық кiтапхана қызметкерлерi мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйiндегi шыршаның қасында Саумалкөл №1 орта мектебiнiң оқушылары үшiн «Қош келдiң Жаңа жыл» атты ертеңгiлiк ұйымдастырды. Әсем безендiрiлген шыршаны, Аяз атамен оның немересiн балалар көтерiңкi көңiл күймен, ерекше қуанышпен қарсы алды. Сонымен қатар балаларды құттықтау үшiн жаңа жылдық ит те келiп жеттi, артынша қош айтысу үшiн Әтеш ортаға шығып құттықтап өз орнын итке тапсырды. Әрбiр Жаңа жыл мерекесi Жалмауыз Кемпiрсiз өтпейдi, ол да ортаға шығып балалармен көңiл көтердi. Ертегi кейiпкерлерi безендiрiлген шыршаның қасында балаларды қуантып, көңiлдерiн көтердi, жұмбақтар шештi, қызықты ойындар ойнады, тақпақтар айтылды.
27 желтоқсан күнi аудандық Мәдениет үйiнде ауданның ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен аудан ардагерлерiне арналып Жаңа жылдық мерекелiк кеш өткiзiлдi. Жаңа жылдық кеште Аяз ата мен Ақшақардың және аудандық көркемөнерпаздардың қатысуымен шағын мерекелiк қойылымдар қойылды. Аяз ата мен Ақшақар ән айтып, би билеген, өлең оқыған қарттарға сыйлықтар үлестiрiлдi. Шара барысында зейнеткерлер ән айтып, би билеп түрлi сайыстар ұйымдастырып, кештi көңiлдi өткiздi.
Аудамызда Жаңа жылды қарсы алу мерекесi өз деңгейiнде аталып өттi. 31 желтоқсан күнi орталық алаңда өттi. Барша жұрт асыға күтетiн айтулы мереке кең көлемдеөткiзiлдi. Ит жылын қарсы алуға арналған Жаңа жыл мерекесi Аяз ата, Ақшақар жыл иесi Иттiң театрландырылған қойылымнан бастау алды. Соңдай-ақ, мерекелiк кеш аудандық мәдениет үйiнiң қызметкерлерiнiң концерттiк бағдарламасымен жалғасты. Мерекелiк кеш соңы отшашуға ұласты.
Ақпанның 24-і Саумалкөл ауылының «Жастар» стадионында ауылдық спорттық «Север-2017» кезекті ойыны басталып кетті. Қысқы спортакиаданың ашылу салтанаты ту көтерген жігіттердің маршынан басталды. Облысымыздың 13 ауданынан келген командалар бірінен соң бірі шығып жатты, ал жүргізушілер өткен қысқы ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін мақтанышпен хабарлап тұрды. ХХІ «Север 2017» қысқы ойынның туын енгізу құрметі шаңғы ойындарының республикалық жарыстарының жүлдегерлері ағайынды Александр және Роман Кельштерге, қысқы республикалық ойындарының биатлон жүлдегері Зарина Тұрлыбековаға және де ҚР қысқы Президенттік көпжарыстың чемпионы Ксения Шайхразияваға бұйырды. Ал туды көтеру рәсімін тоғызқұмалақ ойынының чемпионы, облысымыздың тарихында қысқы керлинг ойынының бірінші чемпионы Денис Оберемко жасады.
Ойынның ашылу салтанатының жеке тақырыбы болған, еліміздің ең негізгі оқиғасы-халықаралық көрме «ЭКСПО-2017». «ЭКСПО Ханшайымы» аренаға облыстық қысқы ойын алауын көлік үстінде алып кірді. От жағу құрметі СССР-дің спорт мастері Миняйлованың шәкірті, 2012 жылдың шаңғы жарысының чемпионы, облыстық қысқы спартакиаданың бірнеше дүркін чемпионы Руслан Байпақовқа бұйырды.
Ұйымдастырушылардың ойлап тапқан жарық әсерлері, олимпиада тостағанына от жағу рәсімі мерекені ерекше жарқыратып жіберді. Мерекенің ашылуы әртүрлі костюм киген, киімдеріне жарықдиодты жапсырған қатысушылар өздерінің билерімен қатарлап тұра қалып, ЭКСПО әрпін құрып, символдық бес сақинаның суретін шығарды. Мерекеге қатысқандар мен қонақтар үшін мерекенің соңғы көрінісі «Алтын Адам» ұмытылмас әсер қалдырды. Алаңға үстеріне алтын түсті костюм киген 100 конькишілер шығып, би көрсеткені өте керемет көрініс болды.
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Арықбалық ауылдық мәдениет үйінде әйелдер командалары арасында жайдарман ойыны өтті. Көрермен залға дәрігерлерден құралған «Витаминка» командасын, орта метептің командасын және селолық мәдениет үйінен құрылған «Экстрим» құраманы зор қошеметпен қарсы алды. Жайдарман 5 тапсырмадан тұрды. Іс-шараны селолық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен дайындалған концерт бағдарламасы жалғастырды.
Аудандық кітапхананың оқырман залында 1 наурыз орта буын оқушыларына арналған « Қазақстан, біз саған ризамыз!» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға №1 Саумалкөл орта мектебінің оқушылары қатысты. Жүргізушілер осы мерекенің шығуы, нені бейнелейтіні туралы әсерлі түсіндіріп, іс-шараны оқушыларға слайд көрсетумен жалғастырды. Іс-шараны жүргізушілер оқушыларға «Ризамын!» парақтарын таратып, балалар бір-біріне алғыстарын білдірумен аяқтады.



2 наурыз ЕС164/8 мекемесінде сотталғандарға әлеуметтік бағдарламалар және халықты қорғау бөлімінің басшысы Е.Қазбеков , Жастар бастамалары орталығының, БАҚ өкілдері, кітапханашы К.К. Сыздықова мен М. Алмағанбетованың қатысуымен «Қазақстан — біздің ортақ үй» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара барысында жаңа мерекенің шығуы туралы түсіндіріп, «Достық, Қазақстан халқының Ассамблеясы» атты деректі фильм көрсетті.
6 наурыз аудандық кітапхананың мерекелі безендендірілген көрермен залында кітапхана ардагерлеріне арналған «Әйел деген әдемі, әдемі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеште ардагер әйелдердің ерен еңбегіне, олардың алғыс сөздерін айтып, оларға мерекенің тарихымен бірге, өлеңдер оқылып,бейнеролик көрсетілді.
6 наурыз аудандық мәдениет Үйі қызметкерлері жетімдерге және ата-анасының камқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа өздерінің мерекелік концертімен келіп, 10 номерден тұратын концерт көрсетіп, балалардың көңілін көтеріп кетті.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақан сері атындағы аудандық Мәдениет үйінде құттықтау салтанаты өтті. Залға жиналған асыл әжелер мен ардақты аналарды, аруларды көктемнің алғашқы мерекесі — әйелдер күнімен құттықтаған аудан басшысы адамзат өмірінің іргетасы әйел қашанда тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы екендігін ерекше атап өтті. Аудан өнерпаздарының әсем әндері де көрермен жүрегіне жол таба білді.
10 наурыз аудандық кітапхананың балалар бөлімінде «Природы мудрые советы» атты, халықаралық мамандандырылған көрме «ЭКСПО 2017» ге арналған іс-шара өтті. Викторинаның мақсаты мен міндеті-мектеп жастарының энергия үнемдеу проблемасын, табиғатқа қатысты белсенді ізгілікті ұстанымды қалыптастыра білу және Жер ғаламшары — біздің ортақ үйіміздің тағдырына деген жауапкешілікті түсіндіре білу болатын. Балалар дәстүрлі және баламалы энергетика мәселелерінде білімдарлықтарын көрсете білді, ЭКСПО-ның шығу тарихын, Астанадағы көрменің өзгешіліктерін, энергияны үнемдеудегі өз ойлары мен ұсыныстарын да айтып жатты.



10 наурызда дәстүрге айналған аудандық «Айыртау аруы-2017» байқауы болып өтті. Байқауға 16 мен 29 жас арасында 8 ару қатысып, 4 тур бойынша бақ сынасты. Бірінші тур әдеттегідей таныстырудан басталды. Екінші тур биыл жазда Астана қаласында өтетін Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне арналды. Әр қыз осы тақырыпта қолдан көйлектер жасау шарт болатын. Келесе сайыс өз өнерлерін көрсету сайысы болды. Соңғы кезең кешкі көйлек дефилесі болды. Сайыстын кезеңнен кезеңге өткен сайын тартысты өтуге атсалысқан әр аруды қолдауға келген көрермендер болды. Өздері қолдайтын ару сахнаға шыққан кезде қол шапалақтары таластамады.
16 наурыз аудандық кітапханада агротехникалық колледждің студенттерінің қатысуымен «Армысың — әз Наурыз!» атты іс-шара өтті. Студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрі туралы айта келіп, «Шашу», «Ұйқыашар», «Селтеткізер» салтын көрсетті. «Қош келдің, әз Наурыз!» атты кітап көрмесін рәсімделді.
20 наурыз күні Наурыз мерекесін шақырылған қонақтар мен оқырмандарға кітапхананің есігі айқара ашық тұрды. Қонақтардың арасында «Шаңырақ» клубының мүшелері, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері де болды. Әсем безендендірілген оқырман залына қонақтар мен іс-шараға қатысушылар жайланып отырып, Наурыз мейрамының шығу тарихымен танысып, өлең мен әсем ән тыңдады. Дәмді де, хош иісі аңқыған бауырсақтан ауыз тие отырып, қонақтар іс-шарадан жақсы әсер алып шықты.
Ал аудандық кітапхананың балалар бөлімінде Қ.Қ. Сыздықова «Сәлем, Наурыз!» атты әр елдің ұлттық костюмін киген оқушылардың қатысуымен әдеби — музыкалық кеш өткізді. Әр ұлт ұлттық костюмдері жайлы қысқаша айтып беріп, өлеңдері оқылды, бірақ қазақтың ұлттық дәстүрлеріне көбірек тоқталып, толық ашып жеткізе білді. Дәстүрлі «Шашу» шашуды да ұмыт қалдырмай, балаларды бір қуантып алды. Кештің соңында Қазақстан, көктем, наурыз мерекесі жайлы әдемі де, әсем ән орындалып, балалар мадақтама мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Имантау селолық кітапханасында «Наурыз келді» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Іс-шараға қатысушылар көктем туралы өлең оқып, әсем ән, мың бұралған би орындай білді. Қазақ мектебінің оқушылары «Көктем» деп аталатын лирика-музыкалық композиция көрсетті.
22 наурыз қүні Саумалкөл ауылының тұрғындары да, келген қоңақтар да Ұлыстың Ұлы күнін ерекше көңіл күймен қарсы алды. Орталық алаңда жиналған ұлттық нақышта безендірілген 6 киіз үй тігілген. Жайдары көңіл-күймен қарсы алған салтанатты мереке ауданның көркемөнерпаздар ұжымы, мерекелер мен ұйымдардаң қызметкерлерімен әзірленген театраландырылған көрініспен басталды. Орталық алаңға тігілген киіз үйлерде де мерекелік дастархан жайылып, меймандарға ұлттық тағамдар және 7 тағамнан әзірленген мәртебелі ас — наурыз көже де ұсынылды.



Аудандық кітапхананың балалар бөлімінде шарлар, неше түрлі гүлдермен мерекелі безендірілген оқырман залында 1-5 сынып оқушыларына арналған «Космосқа саяхат» атты балалар кітабы апталығының ашылуы өтті. Залдың ортасына үлкен кітаптың макетін орналастырып, оған ең кішкентай оқырман бүлдіршіндерге арналған әр түрлі кішкентай кітапшалар ілінді. Театрландырылған қойылымда ертегі кейіпкерлері Золушка, Дюймовочка, Незнайка, Чипполино, дядя Степа және әрине осы күні мейірімді болған мыстан кемпір балаларға мерекеде жұмбақ шешіп, белсенді ойынға қатысқан ғана бала космосқа саяхатқа шығатынын айтып, балаларды қызықтырып қойды. Осыдан кейін балалар қызыға, белсене ойынға араласып, сыйлықтар алып риза болып кетті.
Гусаковка селолық кітапханасында 3 сәуір күні «Книжные герои сходят со страниц» атты әдеби ойын өтті. Іс-шарада балалар өздерінің сүйікті ертегілерін, өлеңдерін жарыса айтып, тамаша, белгілі кітаптардың кейіпкерлерін естеріне түсірді. Оқушылар сүйікті ертегі кейіпкерлері жайлы викторинаға қатысты.
Констаниновка селолық кітапханасында да бірнеше қызықты іс-шаралар өтті. Кітапханашы оқушыларға кітап оқудың кереметтігін жеткізе білді. «От поэтического понедельника, до сказочной субботы» деп аталатын кітап мерекесін ұйымдастырды.
«Қазақстан — жарқын істердің жол ашары» — атты тақырыппен өткен көркемөнерпаздар байқауының аудандық қорытынды концерті 14 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде болып өтті. Қорытынды концертке жыл басынан бастап әр ауылдық округте болып өткен байқаулардың ең үздік деген өнерпаздары қатысты. Тыңғылықты дайындалған, тақырыпты кеңінен аша түсу, баспа өнімдері, сахнанаң безендірілуі, репертуар, орындаушылық шеберлік, жанр түрлілігіне аса қызығушылықпен қарап, жауапкершілік танытқандары бірінші номерден-ақ көрініп түрды. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі-талантты жас өнерпаздарды, ұжымдарды аңықтау болғандықтан, әр округ жыл сайын жаңа дарың иелерін көрсетуге тырысады. Байқау аясында келесе жаңа өнер ұжымдары да аңықталды. қорытынды концерт екі бөлімнен құрылған. Бірінші күндізгі бөлімде балалар, ал екінші бөлімде ересектер өнерлерін көрсетті.



Әр күнін үкілі үмітпен қарсы алып, дүбірлі еңбекпен батырған аудан жұрштылығы да Казақстан бірлігі күнін зор саяси еңбек өрлеуімен қарсы алды. Соңғы саусақпен санарлықтай жылдар ішінде жаңғырып, Жасара түскен аудан орталығы Саумалкөл ауылының 1 Мамырдағы сән-салтанаты да өзгеше болды. Мереке құрметіне орталық алаңға ат сайлысқан үлкен-кішінің жүздері жарқын, көнілдері шат. Көздің жауын алғандай көркемде әсем безендіріліп, көпшілік қауымға ерекше көніл-күй сыйлаған орталық алаңда мереке салтанатының шымылдығы ашылды. Достықтың туын көтеріп, кеудесін шаттық кернеген жұртшылық орталық алаңда ауданымызда тату-тәтті тұрып жатқан отыздан астам түрлі ұлт өкілдері, аудан басшысымен бірге орталық алаңғы бет алды. Салтанатты марапаттаудан соң ауданымыздың өнерпаздар ұжымы өздерінің 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шашуларың шашты. Сахна төрінен ауданымызды мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың әні мен билері төгілді.
Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осындай айтулы Отан қорғаушылар күні ауданымызда да ерекше бір салтанатпен аталып өтті. Ең алдымен Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ Монументіне және Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған Аллеяның тұсауын кесті. Мерекелік салтанатты шара 5510 әскери бөлімнің ауданның құқық қорғау органдары, аудан мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен оқушыларының колледж студентерінің, қатысуымен мерекелік шеруге ұласты. Сонан соң жиналған көпшілік 5510 әскери бөлімі сарбаздарының жекпе-жеген тамашалады.
9 Мамыр — Жеңіс күні айыртаулықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументінің жанына жиналды. Ауданның еңбек ұжымдары мен жас буын өкілдерінің гүл шоқтарын қойды. Жеңіс күніне арналған салтанат одан әрі Айыртау гарнизоны әскери қызметкерлерінің ауданның құқық қорғау, қызметшілерінің әскерленген өрт сөндіру бөлімінің, мектеп, колледж оқушыларының, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен мерекелік шеруге ұласты. Ауданның білім мекемелерінің қызметкерлерімен, оқушыларымен, еңбек ұжымдарымен, мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің ұйымдастыруымен қойылған соғыс кезендегі көріністер де ешкімді де бей-жай қалдырмады. Ол да көпшілік үшін әсерлі болды. Өйткені салтанатты шеру биылғы Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылған аудан жұртшылығының «Мәңгілік полк» жобасымен жалғасты. Салтанатты шеру соңында аудан орталығының балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының төменгі сынып оқышыларының, әскери шеруі де көпшіліктің көнілінен шықты. Осы күні кешкілік орталық алаңда мерекелі би кеші ұйымдастырылып, ауданның ардагерлер кеңесінің демеушілігімен Жеңіс күніне арналып отшашу шашылды.


