Меню

Страницы

Статья

Жалпы ақпарат

Бүгiнде бiлiм жаһандық үлкен реформаға айналды, негiзгi қағидасы жаңаша ойлау.

Реформаның басты мақсаты — инфоқұрылымның дамуы, жаңғыру әрi жаңа мазмұнды бiлiмге көшу.

2018 жылы ауданда бiлiм бөлiм ұйымында өзгерiс болды. Оқушылардың саны жағынан аз болуына байланысты, Борлық негiзгi мектебi жабылды. Әлжан орта мектебi биылғы жылдан бастап, Әлжан негiзгi мектебiне айналды, Всеволодская негiзгi мектебi бастауыш болды. Егiндi — ағаш негiзгi мектебi бастауыш, Ақан-Борлық негiзгi мектебi Ақан бастауыш мектебiне айналды.

Бүгiнгi күнге дейiн аудан бөлiмiнiң жүйесiне 58 ұйым қосылады: 48 жалпы бiлiм беретiн мектептер, солардың iшiнде 27 мектебi — орта, 9 — негiзгi, 9 — бастауыш, 3 Комплекс «мектеп-бала-бақша». 2 мекеме, кәсiби дайындықтарын iске асырды, Айыртау балалар үйi, психологиялық-педагогикалық кабинетi, 3 қосымша бiлiм беру ұйымы, 2 бала-бақша және Саумалкөлде 1 жеке меншiк шағын-орталығы жұмыс iстейдi.

Ауданда 34 халық тұратын село бар бiрақ онда бiлiм беру ұйымы жоқ. Бұл селолардың iшiнде 279 мектеп жасындағы балалар. Күнделiктi мектепке тасымалдауда 367 оқушы, 5 мектеп интернатында 152 оқушы тұрып жатыр.

Конституция құқығы бойынша оқушылар өз тiлiнде бiлiм алуға құқылы. Ауданда: 13 мектеп-мемлекеттiк тiлде оқытылады, 18 — аралас орысша-қазақша және 17 мектеп — орыс тiлдi оқыту мектептерi жұмыс жасайды. Мектепте тiлдер бойынша оқытуы 100 пайызға халықтың оқуға деген қажеттiлiгiн қанағат етедi.

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқу

Мектепке дейiнгi тәрбие беру әрi оқыту бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк бағдарламасы жақсарту әрi дамыту қадамдары үзiлiссiз болып табылады,ол үзiлiссiз бiлiм жүйесiнiң алғашқы қадамы.

Қазақ халқына Үндеуi «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi»Елбасы Н.Ә. Назарбаев балалардың қабiлеттiлiгiн арттыруда жаңа бiлiмдi меңгеруде үнемi бейiмдiлiк өзгерiс басымдылығын анықтады.

Балалар, мектепке дейiнгi ұйымдарда, барлық оқу деңгейiнде бiлiм жақсы меңгередi әрi өмiрде табысты болып келедi. Аудан базасы бойынша 42 мектеп жұмыс iстейдi 8 шағын-орталық толық күнгi балаларды қабылдау және 34 шағын орталық толық емес балаларды қамтамасыз етедi. Ауданымызда мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуда 3 жастан 6 жасқа дейiн балалар 100% қамтылған.

Мақсатты түрде мектепке дейiнгi педагогтарды тарту,мамандардың саны 93% көбеюi әрi Мемлекеттiк бакғдарламаны дамытуда және мақсатты индикатордың орындалуын қамтамасыз ету 100%.

Жағымды динамиканы айтуға болады тәрбиешiлердiң бiрiншi және жоғары бiлiктiлiк санаттары үлесiнде.

Интелектуальды, әлеуметтi әрi жеке тұлға ретiнде оқушыны дамытуда, бiлiм үрдiсiнде педагогтар жаңашыл әдiстемелердi және технологияларды шебер қолданылады.Оқушылардың мектепке дайындық динамикасын өткен жылмен салыстырғанда бiлiм сапасы елеулi 75%-тен 98%-ға дейiн, оқушылардың бiрiншi сыныпқа келуi еш қиындықсыз бейiмделуiне мүмкiндiк бередi.

Жалпы орта бiлiм

Жалпы бiлiм беретiн жүйеде Қазақстан Республикасы алдына қойған тапсырмасы оқушылрдың тәрбиесiнде ұлттық отансүйгiш өзiн-өзi бағалау әрi азаматтық және құқықтық жауапкершiлiк сезiмдi руханилық әрi мәдениеттi, инновация экономикасында табысты жұмыс iстеулерiне жағдай жасау.

Жаңа мазмұнды оқытуда кезең бойынша жалғастыруда. 1, 2, 5, 7 сыныптары жаңа кезеңге көштi. Ағымдағы қыркүйек айынан бастап 3, 6, 8 сыныптары көшедi.Жыл соңына дейiн 75% балалар жаңа мазмұнды бiлiммен қамтамасыз етiледi. 57% педагогтар, жаңа мазмұнды бiлiм беруде 30% еңбек ақылары көтерiлген.

79 қадам Жоспарын жүзеге асыруда жоғары сыныптарда ғылыми цикл сабақтары ағылшын тiлiнде жүргiзу жұмысы кезең бойынша басталады.

Өткен оқу жылында ауданда 3 — орта мектебiнде (Саумалкөл МГ №2, Рудный ОМ, Целинный ОМ) оқушылар мен ата-аналардың тiлегi бойынша «Физика», «Биология», «Химия», «Информатика» сабақтары 10-11 сыныптарда ағылшын тiлiнде сынамалы жоба ретiнде енгiзiлген.

37 педагогтар тiл жөнiнде курстан өттi, 30% жалпы мұғалiмдер жаратылыстану — ғылыми құрамын құрайды.

Педагогтар аттестациясы жөнiнде жаңа жүйе енгiзiлдi. Аттестацияға қатысқан педагогтар саны—  282,оның iшiнде — 170 өттi, 60% құрайды. Қыркүйек айынан бастап, бiлiктiлiгi санатты бойынша төлем ақысы төленедi.

Аудан педагогтарының бiлiм сапасын қамтамасыз етуде сандар ресурсы «Ағарту» порталы және «BiIim Lamd» платформасы бойынша табысты еңбек етедi.

Қала мектебi мен ауыл мектебiнiң бiлiм алу мақсаты мүмкiндiктерiн салыстыруда 2017 жылда Айыртау орта мектебi сынамалы жоба бойынша жұмыс жасады. Нақты жоба педагогтарға және мектеп оқушылары интерактивтiк кабинеттi « Bilim klass» оф-лайн режимiн мүмкiндiгiнiнше қолданды. Жұмыс нәтижесiнде мектеп пәндерiн оқытуда оқушылардың қызықтары және бiлiм сапасы үлгерiмi артты. Қазақстан Республикасы 2016-2019 жылдардарға арналған бiлiм және ғылым Мемлекеттiк бағдарламасы дамытуда шағын комплектi мектептер әрi оқушылардың сапалы бiлiм алуда Имантау орта мектебiнде және Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2 ресурстық орталығы қызмет етедi. Сандық жүйеге көшу аясында 43 мектеп (87,7%) интернетке қосылған, жылдам қашықтық 27 мектеп (55%), 22 мектеп Wi-Fi қосылған. 2020 жылы бұл сұрақтар толықтай шешiледi.

Әр оқушы — бiрегей тұлға қабiлеттiлiк әрi шексiз қажеттiлiк болып саналады. Тапсырма, жаңашыл мектептер алдыңа қойылған — құндылықтарды жоғалтпау. Бiлiм беру мекемесi — ерекше әлем, ата-аналар, тәрбиешiлер, мұғалiмдер, басқа да қызметкерлер яғни балалардың қызығушылығы қиылысады. Бiз бiрге барлық жағдайды жасауымыз керек, балаға ыңғайлы болуы үшiн,қауiпсiздiгiн бақылау мектепке немесе бала бақшаға қуанышпен баруы.

Ауданда 1108 педагогика қызметкерi бiлiм саласында қызмет етедi.Жоғары бiлiммен — 83%, орта бiлiммен — 17%. Педагогтардың жоғары және бiрiншi санатты үлесi 59,2% құрамын құрайды.

Жаңашыл мұғалiм алға жүруi керек өз шеберлiгiн арттыру педагогикалық ғылымда жетiстiктерiн қолдану. Жаңашылғ деген қабiлеттiлiгi өз кәсiби деңгейiн арттыруда бiлiм реформасындағы жалпы табыс кепiлi.

Аудан педагогтары — конференциялар және семинарларға белсендi қатысушылар, кәсiби сайыстардың жеңiмпаздары.

Жусупова Диана Мейрамбек қызы, Егiндi ағаш негiзгi мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет пәнiнiң мұғалiмi «Жүзден жүйрiк» облыстық сайыстың жеңiмпазы.

Қапешова Әсемгүл Айтбайқызы, «Родничок» бала бақшасының әдiскерi, «Колосок» бала бақшасының тәрбиешiсi Овтина Ирина Евгеньевна — педагогтардың Халықаралық сайысында «Воспитание изюминкой» атты II дәрежелi диплом иегерi.

«Колосок» бала бақшасы — Республикалық интеллектуальдық сайыс «Ханталапай» ойының жеңiмпазы.

Клименко Елена Николаевна, педагог-психолог Саумалкөл ОМ №1 — әдiстемелiк әзiрлеме жас өспiрiмдер арасындағы суиицидтiң алдын — алуда облыстық сайыстың Гран-при жүлдегерi.

Ушакова Галина Николаевна, әлеуметтiк педагог Саумалкөл ОМ №2 — республикалық сайыстың жүлдегерi «Үздiк әдiстемелiк әзiрлеме».

Жағдай жасауда, дарынды балалардың қызығушылығын дамытуда, жаңашыл бiлiм берудiң бiр тапсырмасы болып табылады. Мектеп тапсырмасы-оқушының қабiлеттiлiгiн дамыту және баланы қолдау, қажеттiлiгiн жүзеге асыру.

Сондықтан балалардың әр түрлi интелектуальдық сайыстар, олимпиадалар, марафонға қатысып, табысқа жетуге жағдай жасау.

Қорытынды бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерде облыстық тур және Республикалық олимпиадасының пән бойынша оқушылар арасында жүлдегелер:

  • Журина Светлана, Арықбалық ОМ, «Қазақ тiлi» пәнi бойынша (мұғалiмi Саликова Жаңылған Кенжебай қызы);
  • Құрманова Милана, МәдениетОМ, «Қазақ тiлi» пәнi бойынша (Қинаятова Бибiнұр Тлемiс қызы);
  • Қосжанов Әсет, Саумалкөл қазақ орта мектебi, «География» пәнi бойынша (мұғалiм Бақсыбаева Арман Қабжатқызы).

Жыл сайын бiздiң оқушыларымыз облыстық және республикалық сынамалы жоба сайыстарында жүлделi орындар иегерi. Соның iшiнде:

  • Белоног Оксана, Саумалкөл ОМ №2 — республикалық сынамалы жоба сайысының III дәрежелi диплом иегерi.
  • Агеева Милана және Огородникова Юлия, Лавров ОМ оқушылары — «Зерде » республикалық сайысы зерттеу жұмысы әрi шығармашылық жобаның III дәрежелi диплом иегерi.

Жыл сайын бiздiң ауданымыздың оқушылары әр түрлi интеллектуальдық сайыстардың жеңiмпаздары.

Аюпова Найля, Саумалкөл ОМ №1 оқушысы — «Ақбота» интеллектуальдық сайыстың сайысы, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында мәдени-танымдық сайысының қатысушысы.

Нижнеборлық Комплекс оқушылар командасы «Алуа» облыстық әскери-спорттық ойынында қола жүлдегерi.

Құрмаш Даулет, Дауқара ОМ 11 сынып оқушысы — «Жалынды жастар жырлайды» атты республикалық айтыстың Гран при жеңiмпазы М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының грантын иелендi. Мамандығы бойынша «Қазақ тiлi мен әдебиетi».

Салимова Саним, Рудный ОМ 11 сынып оқушысы — Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрiк университетiнiң «Тарих» факультетiнiң ректорының грант иегерi.

Мартыневская Валентина, Имантау ОМ 11 сынып оқушысы — М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының грант иегерi. Мамандығы— «Дефектолог».

Әлiбеков Заманбек, Дауқара ОМ — «Жалынды жастар жырлайды», «Жыр-алыбы Мағжан» облыстық айтыс кезеңiнiң жеңiмпазы. Облыстық Қ. Мырзалиев және Абай оқуларының II дәрежелi диплом иегерi.

Шығармалар сайысына қатысу оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, оқушылардың белсендi әрi өз бетiнше жұмыс жасау позициясын қалыптастырады.

Ақжiгiтова Ажар, Дауқара ОМ — облыстық «Шырайлы елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» шығармалар сайысының жеңiмпазы,облыстық Мағжан оқуларының III дәрежелi диплом иегерi.

Ақжiгiтов Алмас, Дакқара ОМ оқушысы — облыстық Қ. Мырзалиев оқуының III дәрежелi диплом иегерi.

Құрманова Милана, Мәдениет ОМ оқушысы, Саумалкөл қазақ орта мектебiнiң оқушысы Жанғожин Ыбырай республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңiнiң II дәрежелi диплом иегерi.

Құрмаш Алтын, Сәлiмбек Аққу, Бiрлестiк ОМ оқушылары облыстық М. Жұмабаев оқуының III дәрежелi диплом иегерi.

Шмидт Елена, Гусаковка ОМ оқушысы — психология және әлеуметтiк педагогика облыстық оқушылар жобасының өзектi мәселе бойынша облыстық сайыстың жүлдегерi.

Евдокимова Елена, Саумалкөл МГ №2 оқушысы — «Менiң балалық шағым» атты республикалық сайысының жеңiмпазы.

Бiздiң оқушыларымыздың бiлiм жолындағы жетiстiктерi мен табыстары, олимпиада, интеллектуальдық сайыстар, ғылыми жарыстар әр бiлiм ұйымында тиiмдi индикатор болуы шарт.

Мектептiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ету негiзгi сәттерiнiң бiрi, бiлiм сапасының бағасы болып келедi. Бiлiмдi бағалау мақсатында оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау үрдiсiнде оқушылардың жетiстiктерi (ОЖСБ) және ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ).

Биыл ағымдағы жылда ОЖСБ-да 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысты, 10 мектеп оқушылары (Айыртау ОМ, Гусаковка ОМ, Дауқара ОМ, Елецкая ОМ, Златогорка ОМ, Кирилловка ОМ, Лобанов ОМ, Нижнеборлық ОМ, Рудный ОМ, және Костантиновка Мектеп-ясли-бақша кешенi). Нәтиже бойынша 4 сынып оқушылары Константиновка Мектеп-ясли-бақша кешенi облыста үздiк нәтиже көрсеттi.

332 түлектiң 221 оқушылары ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсырды (66,5%).

2018 жыл аудан ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа балл 64,6 құрады.

Ең жоғары балл — 111 (Златогорка ОМ оқушысы), ең төменгi балл 33 (Целинный ОМ). 100-ден жоғары балл алған 5 түлек, төмен деңгейдегi балл 39 оқушы алды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша түлектердiң «Алтын белгi» аттестат иегерлерi — 14, солардың iшiнде — Ұлттық бiрыңғай тестiлеуде 13 оқушы қатысты.

91 түлектердiң оқуға түсу нәтижесiнде (27%) мемлекеттiк грант иегерлерi атанды, соның 4 грант — Солтүстiк-Қазақстан облысы әкiмiнен, 33 түлек Ресей Федерациясына оқуға түстi.

Қазiргi уақытта жастар мен балаларды патриоттық сезiмде тәрбиелеуде, үлкен қоғамдық мағына және мемлекеттiк маңызды тапсырма болып отыр. Қазақстан Республикасының Елбасы.

Мектеп қабырғасында өмiрi жалпыұлттық отансүйгiш идеясы — жаңа бiлiм беру жүйесiнiң бағасы — «Мәңгiлiк Ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, тәуелсiздiк құрлыс құрамы аңықталады, ұлттық бiрлiк, тұрақтылық, төзiмдiлiк, қоғамдық келiсiм, аумақтық тұтастық, егемендiк, тендiк жүзеге асыруды қаланған.

«Рухани Жаңғыру» Бағдарламасы бойынша тапсырмаларды шешуде жаңа ыңғай. Жаһандық шақыру, қоғамдық өмiрдiң құрылымы өзгерген және технологиялық платформа қажет етедi, қазақстан жаңа уақытқа сәйкес келуi керек. Бiздiң тапсырмамыз болып табылады, жас жеткiншектер, қазақстанда жақын арада тұратын, жаңа уақытқа сәйкес болуы керек.

Бiздiң ауданымыздың бiлiм беру ұйымдарында жаңа рухани өлшемдерiн бағалауда оқушыларға азаматтық-отансүйгiштiк жөнiнде жүйелi жұмыстар жүргiзiледi.

Бiлiм ұйымдарында осыған байланысты мақсатты түрде тәрбие жұмысы жүргiзiледi, тәрбие үрдiсiн оқытуда жұмыстар күшейтiлген.

Барлық аудан мектептерiнде «Жас ұлан» бiр тұтас балалар — жас өспiрiмдер ұйымы жұмыс жасайды,нақты ұйымда екi мыңға жуық мүшелерi бар.

Негiзгi бағдарды жүзеге асыруда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бiз үшiн iшкi бағдарлама «Тәрбие және бiлiм».

Аудан мектептерiнде өлкетану мұражайы бар, Әскери Даңқ залы, мектеп тарихының мұражайы, бұл жерлерде әскери сабақтар, Ескерткiш сабағы, еңбек ардагерлерiмен кездесу болып тұрады.

Жаңа оқу жылында, оқу бiрiктiрiлген курсы енгiзiледi, «Өлкетану» 5-7 сыныптарға арналған, «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиетi», «География», «Музыка» оқу пәндерi оқытылады.

Әр аудан орталығында бiлiм беру меңгерушiсiнiң жетекшiлiгiмен өлкетану бойынша аймақтық оқулықтар әзiрленедi.

Балалардың жазғы демалыс ұйымы — бiлiм үрдiсiнде қажет, бiлiм сапасы мен тәрбиеге ықпал етедi. Бiздiң ауданымыздың балалар жазғы демалысының ерекшелiгi Ботай ауылында профессор Виктор Федорович Зайберттiң жетекшiлiгiмен жыл сайын энеологиялық қазба жұмыстары жүргiзiледi. Туристер — палатка қалашығы этнопедагогикалық бағдарымен, Қарасай және Ағынтай батырдың мемориальдық комплексi әрi Ш. Уәлихановтың тарихи-этнографиялық мұражайына саяхат ұйымдастырылады.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда аудан бюджетiнен 5 миллион 439 мың теңге 300 балаға жеңiлдiк қарастырылған.

Мектеп алды сауықтыру лагерiнде 1-7 сыныптар аралығында 2400 балалар дем алуыда жұмыс iстедi.Балалар сауықтыру лагерiнде ақылы негiзiнде 600 оқушы (12,5%) дем алуына болады.

Салауатты өмiр салтын ұстану тәрбиесiне ұмтылу да, физикалық жетiлгендiк бiздiң республикамыздың табысын құрайды. Сондықтан да дене шынықтыру пәнi мұғалiмдерiнiң атқаратын ролi денi сауды қалыптастыру, бiздiң оқушыларымыздың денi таза рухы сау бәрiнен де қажет. Жыл сайын ауданымыздың әр түрлi спорттық жарыстар өткiзiлiп отырады, Денсаулық Фестивалi, республикалық акциялар, жеңiл атлетикалық жүгiрiстер, мектеп оқушыларының спартакиадасы — «Ақшақар», «Жұлдызша». «Жастар», «Құлагер» және ұлттық спорт түрлерi.

Аудан оқушылары Республикалық спартакиадасының жүлдегерлерi әрi чемпиондары атанды:

  • армрестлинг жарысынан — Құлманбетов Нұржан (Рудный ОМ);
  • жеңiл атлетикалық 4 — күресiнен «Достық» — Жақсылықов Диас (Қаратал ОМ), Гончарчук Артем (Антонов ОМ);
  • жеңiл атлетика бойынша — Морозова Кристина, Тыщенко Анастасия, Онищенко Артем, Черноконь Никита, (Саумалкөл ОМ№1) Агишев Денис, Астапенков Сергей, Спаский Степан, Ногавицин Данил, Обанин Иван (Агротехникалық колледж);
  • каратэ-киокушинкай бойынша — Аббасов Басау, Кошелев Данил (Саумалкөл ОМ №1);
  • еркiн және әйелдер күресi бойынша — Прудникова Софья, Ильящук Яков, Муратов Янис, Тупицин Матвей (Арықбалық ОМ).

Соңғы жылдары бiлiм бюджетiнде қаржы бөлу ұлғайды. 2018 жылға бiлiм бюджетiне бекiтiлген қаржы 3 миллиард 423 миллион 786 мың теңге, осы санның iшiнде республикалық бюджет — 225 миллион 256 мың теңге.

Сапалы орта бiлiмдi және жеңiл оқытуда әрi жалпыға мiндеттi оқу басты фактор болып саналады.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап «Мектепке жол» Республикалық акциясы бастау алды.Акция аясында, демеушiлер мектеп формаларын, спорт киiмдерi, мектепке қажеттi оқу құралдарын күн көрiсi төмен отбасына көмек көрсеттi.

Оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етiлуi-жеңiл және сапалы орта бiлiм — бұл да бiр фактор. Жаңа оқу жылына, жергiлiктi бюджеттен қаражатынан, оқулықтар және оқу-әдiстемелiк кiтаптары жаңа мазмұнды бiлiм 3, 6, 8 сыныптары үшiн әрi билингвальный әр түрлi тiлде оқулық информатика 10-11 сыныптарға аудан мектептерiне барлығы 54 миллион 822 мың 812 теңге бөлiндi.

Ауданымызда бiлiм жүйесiнде тиiмдi жақтары болғанымен кейбiр өзгерiстермен қатар өзектi мәселелер де баршылық. Бүгiнгi дейiн өзектi мәселер туындап жатыр:

  • бiлiм ұйымдарында математика, физика, ағылшын тiлi мұғалiмдерi жетiспейдi;
  • пәндер бойынша сапасыз бiлiм беру;
  • мүгедек-балалар мен ерекше бiлiм қажет ететiн балалармен жұмыс iстеуде мүмiндiктерiн жақсарту;
  • жасөспiрiмдер арасында суицид әрi құқық бұзушылықтың алдын алуда тәрбие компонентерiн күшейту.

Соңғы жылдар ағымында бiлiм сапасын арттыруда жаһандық көптеген жұмыстар жүргiзiлуде,заңнамаа сындарлы өзгерiстер енгiзiлдi,көптеген жаңа стандартты заңды әрекеттерi қабылданды.

Қуанышты жағдай, педагогтың кәсiби мәртебесiн арттыруда мақсатты түрде жұмыстар жүргiзiлуде.Жаңарған мазмұнды оқыту шарты бойынша әрi педагогтардың шеберлiк бiлiктiлiгiн арттыруда қосымша ақы тағайындалған.

Барлық жүргiзiлген жұмыстар қажет әрi өз уақытында. Кез келген бiлiм мекемесi — бұл ерекше әлем,яғни балалардың қызығушылығы, ата-аналардың, тәрбиешiлердiң, мұғалiмдердiң кездесетiн жерi.

Бiз мейiрiмдiлiк атмосферасын құруымыз керек, бiлiм үрдiсiндегi қатысушыларға құрметпен қарауымыз керек, мектепте оқушылардың тәрбиесi мен сабақ сапасының дайындығы бiзге байланысты. Бiз тек отан сүйгiштi дайындап ғана қоймай, бiлiммен қамтамасыз ету жөн, түлектерге лайықты өмiр деңгейiн кепiлдiк етуiмiз керек.

Айыртау ауданының бiлiм беру саласының жағдайы туралы ақпарат

2017 жылдың 1 қаңтар

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

Аталған бағыттың мақсаты мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың маңызын жақсарту болып табылады. Бүгiнгi күнi ауданда 5 балабақша қызмет етедi (Саумалкөл селосында — «Родничок» және «Колосок», Константиновка селосында — «Балапан», Нижний Бурлук селосында — «Балдырган» және Куспек селосында — «Карлыгаш»). 43 мектеп кешенiнде балалардың толық және толық емес тұру күнiмен шағын орталықтар қызметiн жалғастыруда.

2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» мектепке дейiнгi балаларды тәрбие мен оқыту бойынша қамту бағдарламасы мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту мiндеттерiн жеке меншiк кәсiпорындарды жұмылдыру арқылы белсендi шешедi. 2015 жылдың қыркүйек айынана бастап Саумалкөл селосында 50 орынға арналған «Балауса» жеке шағын орталығы қызмет етедi. Имнатау селосында 60 орынды жеке шағын орталық ашу жоспарлануда. Ауданда 3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту 100% құрайды.

Мектепке дейiнгi жастағы балалардың заманауи дамуы бiлiм құрылымымен қоса бiлiм берудiң инновациялық технологияларын қолданумен оқыту және тәрбие әдiсiнiң жетiлуiн қажет етедi. Мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiмнiң Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарты жаңартылды. Мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiмнiң жалпы бiлiм беру типтiк бағдарламасы және мектеп алды дайындықтың бiлiм беру бағдарламасы әзiрлендi.

Мектепке дейiнгi бiлiм берудiң дамуында едәуiр алға қадам басу жасалғанына қарамастан жоғары бiлiмдi тәрбиешiлер 9,5%, бiрiншi және жоғары санатты тәрбиешiлер үлесi — 16,3% құрайды, сондықтан мектепке дейiнгi ұйымдардың алдында кадырлық потенциялды көтеру мiндетi тұр.

Жалпы орта бiлiм

Бiлiм беру жүйесiнiң алдында жалпы орта бiлiм құрылымын жаңарту мiндетi тұр. Ол «Назарбаев Интелектуалды мектебi» (НИМ) ААҚ тәжiрибесi есебiнен жаңартылатын болады. Бiлiм беру құрылымын жаңарту — бұл бiлiм беру әдiсi бағдарламасының құрылымын мен құрамын қайта қарау. Бiз «бiлетiн адамнан» — «шығармашыл ойлай алатын, өздiгiнен дамитын адамға» көшемiз. Мұғалiмге ойлаудың салғырттығын жеңуге, оқушымен бiрге өзiде оқуға, оқушының қабылдауын өзгертуге, оқытудағы өктемшiлдiктен ынтымақтастыққа көшуге тура келедi. 2016-2017 оқу жылында оқытудың жаңаша құрылымына бастауыш мектеп көшедi. Бастауыш сыныпта сабақ беретiн мұғалiмдер дайындалды. 206 педагог орта бiлiм құрылымын жаңарту шеңберiндегi пәндер бойынша бiлiктiлiктi арттыру курстарынана өттi.

Тiлдерлi меңгеру ерекше маңызға ие болып, мектеп бiтiрушiлердi кешендi дайындаудың мiндеттi және бiртұтас бөлшегi болып табылады. Бiз үш тiлде жоғары деңгейде бiлiм берудi қамтамасыз ететiн мектептiн бiр типiне қарай жылжуымыз керек.

Көптiлдi оқытуды еңгiзу мақсатымен жаңа форматтағы мамандар қажет. Ауданда үш тiлдi меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын) циклi жаратылыстану-ғылыми мұғалiмдерi жоқ. Аталған мәселенi шешу ағылшын тiлдi жас мамандарды екiншi жоғары бiлiм алуға немесе жаратылыстану-ғылыми тәртiптегi мұғалiмдердi ағылшын тiлiн үйренуге бағдарлау және ынталандыру болып табылады. Ағымдағы жылда екi тiрек мектептерiнен 10 педагог (Саумалкөл қазақ ОМ және №2 Саумалкөл гимнанзия-мектебi) «Болашақ» бағдарламасы шеңберiнде бiлiктiлiктi арттырудың тiлдiк куртсарын өтедi.

Мемлекеттiк тiлдi үздiксiз оқыту деңгейi стандартына сәйкес ауданның барлық мектептерiнде бүгiнгi күнi «Қазақ әдебиетi» пәнi 5-11 сыныптарда мектептiң оқыту тiлiне қарамастан мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуде. Аталған пән мұғалiмдерiнiң алдында оқытуы орыс тiлдi сыныптарда мемлекеттiк тiлдi сабақ беру сапасын жақсапту мiндетi тұр.

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған бiлiм және ғылымды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру және шағын жинақты мектеп оқушыларын сапалы бiлiм алуға бiрдей қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында жаңа оқу жылынан бастап Имантау орта мектебiнiң негiзiнде екiншi ресурстық орталық ашыдатын болады. Шалқар орта және Верхнебурлук негiзгi мектептерi магнитткi мектептермен анықталды.

Ауданның бiлiм жүйесi 63 мекеменi қамтиды: 50 жалпы бiлiм беретiн мектеп, кәсiпқойлық дайындықты жүзеге асыратын 2 мекеме, жетiм және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты, психология-педагогикалық түзету кабинетi, қосымша бiлiм беретiн 3 ұйым, 6 мектепке дейiнгi бiлiм беретiн ұйым.

Ауданда бiлiм мекемесi жоқ 37 елдi мекен бар. Ол жерлерде мектеп жасындағы 250 бала тұрып жатыр. 310 оқушы күнделiктi тасымалдау жағдайында, 144 бала бес мектеп iшiлiк интернаттарда тұрып жатыр.

Әр бала — бұл әрқашан өзiнiң қабiлетiмен және қажеттiлiгiмен ерекшеленетiн тұлға. Жана мектеп алдында тұрған мiндет — осы ерекшелiктi жоғалтып алмау, сондықтан, мектептерге жаңашыл ұстаздар қажет.

Ауданда бiлiмдi 1203 педпгогикалық қызметкерлер қамсыздандырады. Жоғары бiлiмдi — 83%, арнайы орта — 17%. Жоғары және бiрiншi санатты мұғалiмдер үлесi 56,4% құрайды.

Жаңашыл ұстаз педагогикалық ғылымдағы жетiстiгiн пайдалана отырып, шеберлiгiн шындап, алға қадам басуы керек. Аудан педагогтары — конференциялар, семинарлар, кәсiпқойлық сайыстарға белсендi қатысады.

Мектептiң тиiмдi дамуының басты сәтiнiң бiрi — бiлiм сапасын бағалау. Бiлiм беру қызметi сапасын бағалау мақсатында 4 және 9 сынып оқушыларының оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау (ОЖСБ) және ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) жүргiзiледi. Ағымдағы жылы Бiрлестiк, Казанка, және Каменныйброд орта мектебiнiң оқушылары ОЖСБ-ға қатысты. Тестiлеудiң қорытындысы бойынша Бiрлестiк ОМ 4-сынып оқушылары обылыс бойынша үздiк нәтиже көрсеттi.

293 түлектен 217 оқушы ұлттық бiрыңғай тестiлеуден өттi (74%).

Биылғы жылы аудан бойынша орташа балл 70,06 құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 1,04 баллға төмен.

Рейтинг бойынша бес үздiк мектеп қатарына Ақан, Казанка, Шалқар, Карасевка, және Константиновка орта мектебiнiң ұжымы ендi. Шалқар және Константиновка мектептерiнiң оқушылары жыл сайын берiк бiлiм көрсеткiмен танылып жүргенiн атап кету керек.

Жоғары мектеп марапатына 15 үмiткердiң iшiнен №2 Саумалкөл МГ түлегi Виктория Черноусова (115 балл) мен Ақан ОМ түлегi Виктория Никитенко (112 балл) «Алтын белгi» аттестатын алды, 9 түлек — үздiк аттестат алды. Барлығы 9 түлек 100 және оданда жоғары балл жинады, тапсырушылардың жалпы санынан 4,1% құрады.

Жоғары оқу орынына түсу қорытындысы бойынша 50 түлек (23%) мемлекеттiк грант иегерi атанды.

Сонымен қатар әр үшiншi түлек межелi деңгейдi бағындыра алмады. 10 түлек «2» баға алды, оның iшiнде «Математика» пәнi бойынша — Қызыл-Әскер, Рудный, Саумалкөл қазақ және №1 Саумалкөл орта мектептерi; «Физика» — Саумалкөл қазақ ОМ оқушылары; «Дүние тарихы» — Қаратал ОМ оқушылары.

Златогорка және Кирилловка орта мектептерiнiң директорларымен өзiнiң басшылық функционалдық мiндеттерiн лайықсыз орындау барысы, олардың оқушылары жылдан жылға ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингiнде соңғы орындарға тұрақтады.

Бiлiм беру қызметiнiң және мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сәйкестiгiн бақылау мақсатында барлық бiлiм мекемелерi бес жылда бiр рет мемлекеттiк аттаестацияға iлiгелi. Ағымдағы оқу жылында 13 бiлiм мекемесiнен барлығы 5 атестатталды, бұл 38,3% құрайды. Тестiлеу қорытындысы бойынша Заря, Златагорка, Айыртау, Арықбалық орта және Всеволодовка негiзгi мектептерiнiң оқушылары төменгi бiлiм нәтижесiн көрсеттi.

ҰБТ сапа көрсеткiшiнiң және мемлекеттiк атестаттау барысында оқушылардың бiлiм көрсеткiшiн алу қорытындысының төмен болуы мектептердегi келесi мәселелердi көрсетедi:

  • оқушылардың бiлiм сапасын көтеру сұрақтары бойынша басшылық пен мұғалiмдер құрамының арасындағы атқарушылық тәртiптiң әлсiздiгi;
  • оқуға жiгерлендiрудi көтеру, оқуда қиындықтары бар оқушылармен жеке жұмыстар үшiн жағдайдың жоқтығы;
  • оқу-тәрбиелiк үрдiске оқушының позитивтi қатынасын қалыптастыру бойынша жұсытардың жүргiзiлмеуi.

Жоғарыда аталғандарға байланысты әр бiлiм мекемесiне қажет:

  • бiлiм сапасын көтеру үшiн — педагогтардың кадрлық құрамын жақсарту;
  • бiлiмде жақсы көрсеткiштерге жету үшiн — мектептiң тәртiптiк сабақ беру сапасын көтеру;
  • даму жоспарларын түзету бойынша шешiм қабылдаудағы анық ақпарат беретiн бiлiм сапасының мониторингiн жүргiзу;
  • мектепшiлiк бақылау жүйесiн заманауи талаптарға сәйкес қалыптастыру.

Тек қана басшының, әкiмшiлiк пен әр педагогтың мектепте iске асыратын жүйелi жұмысы оң нәтиже бередi. Бiлiм жүйесiндегi өзгерiстерге сәйкес мұғалiм өзi де өзгерiп, кәсiптiк қызметiндегi дағдысын өзгертуi керек.

Осы уақытта қоғамдық үлкен мағынаға ие болып, мемлекеттiк маңызды мiндетке айналып бара жатқан балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесi мәнiн қайта ойлау жүрiп жатыр,

«Мәңгiлiк Ел» — Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев көрсеткен жапыұлттық патриоттық идея ретiнде жаңа жүйе қалыптастыратын құндылық. Оны құрайтын құрылым ретiнде тәуелсiздiк, ұлттық бiрлiк, тұрақтылық, толеранттық, қоғамдық келiсушiлiк, территориялық бiртұтастық, егемендiк, теңдiк, өмiрде жүзеге асыратын, мектепте салынатын негiз болып анықталды. Осыған байланысты бiлiм мекемелерiнде мақсатты бағытталған тәрбие жұмыстары жүргiзiледi, оқудың тәрбиелiк құрамы күшейтiлген.

Ауданның барлық мектептерiнде «Жас Ұлан» бiрыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымы әрекет етедi, аталған ұйым құрамында 2 458 мүше бар.

Көшбасшылық қасиетке ие азамат және патриот қалыптастыру мақсатында, бiлiм мекемелерiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығын тойлауға дайындалу және өткiзу бойынша шаралар жүргiзiледi, оның негiзгi мақсаты мемлекеттiктiң әрiқарай нығайуы, халық бiрлiгi, отан алдындағы мақтаныш, «Мәңгiлiк Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеяны iлгерi бастыру.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру — бiлiм сапасына және тәрбиеге әсер ететiн, бiлiм үрдiсiнiң маңызды бөлiгi.

Аудан балаларының жазғы демалыс ерекшелiгi профессор Виктор Феодорович Зайберттiң басшылығымен Ботай энеолиттiк қонысының қазу жұмыстарына қатысу, этнопедагогикалық бағыттағы туристiк-палатка қалашықтары, Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешенiне экскурсия ұйымдастыру, Ш. Уәлиханов тарихи-этнографиялық мұражайы болып табылады.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастру үшiн аудан бюджетiнен 340 жеңiлдiк жолдамасын алуға 6 миллион 905 мың теңге қаралды. 3717 баланы қамтыған, 1-7 сынып оқушылары үшiн мектеп алды сауықтыру лагерьлерi жұмыс iстедi. 1459 бала (28,6%) ақылы негiзде балалар сауықтыру лагерьлерiнде демалды.

Салауатты өмiр салтына ұмтылуға тәрбие, республикамыздың алға бағытталған жетiстiктiң бөлiгi физикалық жетiлу. Сондықтан тәнi сау тұлға, ең алдымен оқушылардың сау рухын қалыптастыруда дене шынықтыру мұғалiмдерi маңызды рөл атқарады. Аудан мектептерiнде жыл сайын спорттық жарыстап, денсаулық Фестивалi, республикалық акциялар, жеңiл атлетикалық жүгiру сайыстары өткiзiледi.

Аудан мектептерiнiң оқушылары — аудандық және облыстық жарыстардың белсендi қатысушылары мен жеңiмпаздары. Аудан командасы — «Құлагер» және «Жастар» облыстық спартакиадасының, жеңiл атлетика бойынша облыстық жарыстың, жеңiл атлетикалық көпсайыстың, спорттық бағдарлаудың жүлдегерi. Ауданның 17 оқушысы жеңiл атлетикадан Республикалық оқушылар спартакиадасының чемпионы және жүлдегерi атанды: Алена Максимова, Анастасия Жирова, Кристина Морозова, Оксана Бычкова, Анастасия Тыщенко, Денис Агишев (№1 Саумалкөл ОМ); дартстан: Алмат Төреқұлов, Вероника Храмцова, Айтжан Асемгуль (Комаровка ОМ); армрестлингтер: Диана Усманова (Гусаковка ОМ); әйелдер күресiнен: Виктория Черникова, Айжан Букуева (№2 Саумалкөл МГ).

Соңғы жылдары бiлiмге бөлiнген бюджеттiк қаражаттың арту үрдiсi қалыптасты. 2016 жылы бiлiм саласына бекiтiлген бюджет 3 миллиард 362 миллион 767 мың теңге, сонымен қоса республикалық бюджеттен — 1 миллиард 136 миллион 162 мың теңге.

«Родничок» балабақшасының күрделi жөндеу жұмысына, Саумалкөл қазақ ОМ жанындағы интернат ғимараты шатырының жөндеу жұмысына 92 миллион 944 мың теңге бөлiндi.

«Жарқын СК» ЖШС басшысы Азамат Мерекеұлы Елмағанбетовке, «Всеволодовка-Север» ЖШС Владимир Михайлович Коваленко, «Златогорка» ЖШС Хамит Низамбекұлы Шоматов, «Достық Дән» ЖШС Райнгольд Райнгольдович Юстус, «Агро» АИК Александр Ефимович Абакумов, «Янко» ШҚ Николай Геннадьевич Запорощенко, «Максим» ШҚ Василий Николаевич Мелешенко, «Евгений» ЩҚ Виктор Владимирович Ластовицкийге Бiрлестiк, Дауқара, Аксеновка, Златогорка, Сырымбет орта мектебi және Всеволодовка негiзгi мектебi ғимаратынан қазандықтарды шығаруға көрсеткен демеушiлiк көмектерi үшiн алғыс сөздерiмдi бiлдiремiн.

Мектептердiң оқу және материалды-техникалық кешендерiн күшейту бойынша жұмыстар жалғасуда: 18 бiлiм ордаларында 6 миллион 221 мың теңге сомасына компьютерлiк техника паркi жаңартылды. Ауданның екi мектебiне (Саумалкөл қазақ ОМ мен №2 Саумалкөл МГ) 2 миллион 275 мың 198 теңге сомасына робот алынды. 33 миллион 957 мың 350 теңге сомасына 1 және 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк жиынтықтар алынды. 21 миллион 151 мың теңге жалпыға мiндеттi оқу желiсi бойынша салынды.

Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы