Меню

Страницы

Статья

Селолық округтер

«Антоновка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Жомарт Жетпiсбайұлы Оразалин, 2018 жылғы қараша айынан бастап жұмыс iстейдi.

Селолық округ отралығы — Антоновка с. Барлығы 8 елдi мекен. Селолық округтiң аумағы — 7,3 мың шаршы км. құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына селолық округ тұрғындарының саны — 2694 адам.

Ауыл шаруашылығы. Селолық округ аумағында 6 ЖШС, 7 шаруа қожалығы орналасқан. Жалпы егiс алқабы 44541 га, жайылым — 12274. Егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн қажет техника бар. Трактор мен комбайндармен қамтамасыз етiлу 100% құрады.

Мал шаруашылығы. Селолық округте мал шаруашылығымен «Көмек» ЖШС, «Нұрсам» ФҚ айналысады, сонымен қатар жеке аулада. IҚМ — 2265 (1118 сиыр), жылқы — 704, қой, ешкi — 2567, шошқа — 1070, құс — 18600 бас. Селолық округ аумағында қолдан ұрықтандыру пунктi жұмыс iстейдi, тұқымды бұқалар мен сүттi сиырлар сатып алынуда, село тұрғындарынан сүт сатып алу ұйымдастырылған.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Селолық округте 19 сауда орны, қоғамдық тамақтану — 1, 1 дәрiхана, 1 ТҚКС, 1 шиномонтаж шеберханасы тiркелген. 2013–2015 жылдары Лавровка және Антоновка селоларында екi дүкен және пилорама ашу жоспарлануда.

Бiлiм. Селолық округтiң аумағында 4 мектеп бар, оның 3 орта мектеп, 1 негiзгi мектеп, барлығы — 424 оқушы, Барлық мектептер телефондандырылған, компьютер сыныптары бар, интернетке қосылған. Интернатқа қызмет көрсету үшiн «Газель» автокөлiгi бар, Лавровка және Антоновка селоларында 38 орынға шағын орталықтар бар.

Денсаулық сақтау. Селолық округте 5 медициналық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: 3 медициналық пункт, 1 СДА. Антоновка дәрiгерлiк амбулаториясында 2 орындық күндiзгi стационар бар. Тұрғындарға қызмет көрсететiн «жедел жәрдем» автокөлiгi бар, «Адонис» дәрiханасы жұмыс iстейдi.

Мәдениет және спорт. Селолық округтiң аумағында 3 селолық кiтапхана бар. Спорт саласында 8 спорт имараты бар, соның iшiнде: 3 спорт залы, 3 футбол алаңы және 2 хоккей корты.

Көрiктендiру. 2012 жылы 580 көшет отырғызылды. Сонымен қатар селолық округ аумағын жарықтандыру жұмыстары жүргiзiлуде: Антоновка с. 2 орталық көшесi жарықтандырылған, шаруашылық ететiн құрылымдар есебiнен қосымша Лавровка с. 10 шам, Жұмысшы с. — 5 шам орнату жоспарлануда.

Жұмыспен қамту. Селолық округте 8 аз қамтылған отбасы бар. 2012 жылы жұмыспен қамтылуда 36 жұмыссыз көмек алды. Қазiргi уақытта 17 оралман отбасы тұрады, қоғамдық жұмысқа 11 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына 2 адам орналастырылды.

Сумен қамту. Селолық округ елдi мекендерiнiң барлығы жергiлiктi көзден (шахталық құдықтар, құбырлар) пайдаланады. Судың сапасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық нормаларға сәйкес. 2013-2014 жылдары Антоновка, Комаровка, Лавровка селоларын Сергеевский су жүйесiне қосу жоспарлануда.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 01.08.2017 ж.

«Арықбалық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Әшiмов Аян Әбуұлы — Арықбалық селолық округ әкiмi, лауазымда 2019 жылғы қазаннан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Әкiмшiлiк орталық: Арықбалық селосы. Елдi мекендер саны — 6: оның iшiнде Арықбалық с., Горный к., Ағынтай батыр а., а. Қарасай батыр, Наследниковка с., Целинное с. 2013 жылғы 1 қаңтарға тұрғындар саны 4298 адамды құрайды, оның iшiнде: қазақтар — 1312, орыстар — 2230, немiстер — 193, украиндар — 178, басқа ұлттар — 385.

Ауыл шаруашылығы. Селолық округ аумағында көптеген жылдар бойы 3 ЖШС, 28 ШҚ, 3 фермер шаруашылығы агроқұрылымдары табысты жұмыс iстейдi, олар жылдан жылға тұрақты өнiм алуда. 2012 жылы дәндi дақылдар 38184 га жер алқабына егiлдi, орта өнiмдiлiгi 23,7 ц/га құрады.

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының саласы ауылшаруашылық тұрғындарының жеке секторы, сонымен бiрге «Фирма Златогорка» ЖШС, «Арықбалық» ЖШС, «Қаракөз»ШҚ, «Миллениум» ШҚ, «Арна»ШҚ қамтиды.

Кiшi және орта бизнес. 2012 жылғы 1 желтоқсанға селолық округте: 24 кәсiпкерлiк нысандар, 1 қоғамдық тамақтандыру бөлiмi (дәмхана, барлар), 4 шаштараз, 3 дәрiхана, 1 мал дәрiханасы, 1 автобекет, 1 жанар май құятын станция, 2 көлiктiк қызмет, 1 дөңгелек жинайтын станция жумыс iстейдi, «Арықбалық» ЖШС, Горный кентiнде қоғамдық моншалар жұмыс iстейдi.

Бiлiм беру саласы. Бiлiм беру саласында 5 жалпы бiлiм беру мектептерi жұмыс жасауда, олар: Арықбалық мектеп-гимназиясы (346 оқушы), толық күндi (29 бала) бiр топ, жарты күндiк (26 бала) екi топ, жалпы балалар саны 55 бала тәрбиеленетiн шағын орталық бар, Целинное селосында 8 оқушыдан тұратын бастауыш мектебi бар, мектеп iшiнде шағын орталық орналасқан (5 бала), Ағынтай батыр ауылында орта мектеп (117 оқушы), мектеп iшiнде шағын орталық (30 бала), Қарасай батыр ауылында орта мектеп (99 оқушы), мектеп iшiндегi шағын орталық (10 бала), Баян ауылында негiзгi мектеп (29 оқушы), мектеп iшiндегi шағын орталық (10 бала).

Мәдениет. Селолық округта келесi мәдениет нысаналары бар, олар: Арықбалық селосы — селолық Мәдениет үйi, 3 клуб, 3 кiтапхана.

Денсаулық сақтау саласы: Арықбалық селосының дәрiгерлiк амбулаториясы; Айыртау ОА Арықбалық селолық бөлiмшесi; Целинное МП; Ағынтай батыр ауылының МП; Қарасай батыр ауылының МП; Баян ауылының МП.

Халықтың жұмыспен қамтылуы. 2013 жылдың 01 қаңтарында селолық округ бойынша ресми тiркелген жұмыссыздар саны — 93 адам, жұмыссыздық деңгейi 3,8% құрады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 01.04.2017 ж.

«Володар селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Володар ауылдық округiнiң әкiмi — Ермек Қалтайұлы Қасымғалиев, лауазымда 2018 жылғы қараша айынан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмдерi. Округ орталығының атауы — Саумалкөл селосы. Облыс орталығына дейiн 235 км. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмi 2 бiрлiк (Саумалкөл селосы, Новоукраинка селосы). Округ аумағы 6042 га құрайды. 2013 жылдың 01 қаңтарына селолық округтың тұрғындар саны — 11894 адам, ұлттар бойынша бөлгенде: қазақтар — 4475, орыстар — 5282, украиндар — 638, немiстер — 426, басқа ұлттар — 1073.

Ауыл шаруашылығы. 2013 жылдың 1 қаңтарына iрi қара мал — 694 бас, сиырлар — 268 бас, жылқы — 54 бас, ұсақ мал — 500, шошқалар 77 бас. Аудан орталығында iрi қара малдың жасанды ұрықтандыру пунктi бар.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округ аумағында 133 бөлшек сауда дүкенi, 7 дәмхана тiркелген. Тұрмыстық қызмет көрсетулер саласында 9 шаштараз, 2 сурет салоны, тұрмыстық техникаларды жөндеу жөнiндегi 3 пункт жұмыс iстейдi. Тұрғындарды газбалондармен 3 пункт қамтамасыз етедi. Округ аумағында 4 қоғамдық монша бар. Саумалкөл селосында макарон өнiмдерiн «Дюзбаев Д.И.» ЖК а», йналысады. Ет жартылай фабрикаттары мен кулинарлық өнiмдердi «Сухов» ЖК өндiредi, «Иктислямова ЖК, «Жуковская» ЖК, «Ткаченко» ЖК, «Популов» ЖК өндiредi. Округ аумағында «Войтенко» ЖК тiгiн цехы жұмыс iстейдi. Өңдеу өндiрiсi саласында құрылыс материалдарын шығаратын және пластикалық терезелердi жасайтын «Ғасыр Айыртау» ЖШС, жазғы уақытында шлакоблок шығарылады. Күрделi жөндеу белдiк, К-700-тарға артқы дөңгелек, асфальт бетонын шығаратын цехтар «Теодолит» ЖШС, жұмыс iстейдi. «Саумалкөл-Кұрлыс-Сервис» ЖШС жиһаздар дайындайды. ЖШС «Айыртау Құрылыс Транс» ағаш өндеу өндiрiсiмен айналысады. Аудан орталығында «Халық банкi» және «Туран Әлем банкi» бар. Саумалкөл селосында 3 банкомат «Халық банкi» акционер қоғамынан және 1 банкомат БТА банкiнен орналастырылған. Казпошта ғимаратында ломбард ашылған.

Бiлiм. Селолық округ аумағында 5 жалпы бiлiм беретiн мектеп орналасқан, 3 орта мектебi, 1 мектеп-гимназиясы және бастаүыш мектеп кiредi, мектептерде 1681 оқушылар оқиды. Аграрлық-техникалық колледжiңде — 183, электрмен дәнекерлеушi, фермер, құрылысшы мамандықдықтарын алады. Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты бар. Аудан орталығының екi балабақшасында «Родничок» және «Колосок» 469 бала тәрбие алады. Оқушылар арнайы көлiкпен оқуға апарылады. Кәсiби бiлiм беру бағдарламасын дамыту мақсатында Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясында облыстық гуманитарлық-техникалық колледжiнiң филлиалы ашылған.

Мәдениет және спорт. Селолық округ тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруды 380 орындық аудандық Мәдениет үйi жүзеге асырады, балалар жасөспiрiмдер спорт мектебi мәдение үйiнде орналасқан. Мектептерде спорт залдары бар, онда әр түрлi секциялар ашылған (жеңiл атлетика, күрес, футбол, шаңғы спорты, хоккей, ауыр атлетика, бокс). Мәдениет үйiнде 2 кiтапхана жұмыс iстейдi, интернетке шығуға болады, Новоукраинка селосындағы кiтапхана Рудный орта мектебiнде орналасқан 11128 кiтап қоры бар.

Халықты еңбекпен қамту. Округ бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарына ресми түрде жұмыссыздар — 19 адам тiркелдi, жұмыссыздық деңгейi — 0,16%.

Сумен жабдықтау. Саумалкөл селосың сумен жабдықтау жағдайымен «Айыртау-сервис» МКК және «Якубенко» ЖК айналысады. Аудан орталығында 2 су құбыры, 33 ұңғыма, 4 терең құдық, таратып қоюшы желi 22,2 км. 5 терең ұңғыма бар. Саумалкөл селосындағы шағын ауданда 12,5 км. су құбыры, темiр жол шағын ауданында — 12,7 км.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 жылдың 1 тамыз

«Гусаковка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Оспанов Самат Нұрланұлы — Гусаковка селолық округ әкiмi, лауазымда 2019 жылғы қазаннан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiм. Селолық округтiң орталығы — Гусаковка с. Облыс орталығына дейiн қашықтығы — 370 км. Аудан орталығына дейiн қашықтығы — 90 км. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк — 5 (Гусаковка с., Новосветловка с., Береславка с., Корсаковка с., Красный Кордон с.). Округ аумағы — 70502 га құрайды. Тұрғындар саны 01.01.2013 жылға — 1721 адамды құрайды, соның iшiнде ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 281, орыстар — 878, басқа ұлттар — 562.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылықтармен ұсынылады: «Гусаковка» ЖШС, «Новосветловка Алиби» ЖШС, «Луч» ЖШС, 11 шаруа қожалығы. Жерлердiң жалпы көлемi 52899 га құрайды, соның iшiнде егiстiктер — 36640 га. Егiс алаңы — 30593 га. құрайды. 2012 жылы дәндi дақылдардың өнiмдiлiгi — 1 гектарынан 16,3 центнердi құрады.

Мал шаруашылығы. Iрi қара мал басы 1629 бас, соның iшiнде: сиырлар — 721 бас, жылқы — 393 бас, барлық тұқымдағы қой — 1067 бас, шошқа — 2056 бас. «Гусаковка» ЖШС iрi қара мал басы — 1450, жылқы — 105 бас.

Кәсiпкерлiк. Округте 12 дүкен, 1 кафе-бар, 1 асхана. 2 наубайхана ЖШС «Новосветловка Алиби», ЖШС «Гусаковка».

Бiлiм. Селолық округтiң бiлiм беру жүйесiнде 2 орта мектеп Гусаковка с., Новосветловка с., 1 негiзгi мектеп Береславка с., 1 бастауыш Корсаковка с., округ бойынша оқушылар саны — 273 құрайды.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау саласына Гусаковка дәрiгерлер амбулаториясы, 3 медициналық пункт Новосветловка с., Береславка с., Корсаковка с.

Мәдениет. Округ аумағында 2 селолық кiтапхана Гусаковка с., Новосветловка с., 1 мәдениет үй Новосветловка с., 1 селолық клубы Береславка с., Демалыс орталығы Гусаковка с.

Халықты жұмыспен қамту. 2013 жылдың 01 сәуiрiне округ бойынша ресми жұмыссыз болып 1 адам тiркелдi, жұмыссыздық деңгейi — 0,0005%.

Сумен қамтамасыз ету. Орталықтандырылған су құбыры бар. 3 елдi мекенде орталықтандырылмаған Гусаковка с., Новосветловка с., Береславка с. сумен қамту жүйесi. 2 елдi мекенде 4 құдық Гусаковка с., Корсаковка с. Судың сапасы стандартқа сәйкес.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 01 тамыз

«Елецкий селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Сүлейменов Дулат Қабдрашитұлы, лауазымда 2017 жылғы қыркүйектен бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Селолық округтiң орталығы Елецкий с. Облыс орталығына дейiн қашықтығы — 258 км. Аудан орталығына дейiн қашықтығы — 20 км. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк — 5 (Елецкий, Айыртау, Колесниковка, Кругловка, Междуозерное). Округ аумағы — 42612 га құрайды. Тұрғындар саны 01.01.2013 жылға — 694 адамды құрайды, соның iшiнде ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 234, орыстар — 378, басқа ұлттар — 82.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылықтармен ұсынылған: «Елецкое шаруашылығы, «Агрофирма Жер-Ана» ЖШС, 1 фермер шаруашылығы, 1 шаруа қожалығы. Жердiң жалпы көлемi 17332 га құрайды, соның iшiнде егiстiк — 6953 га. Егiс алаңы 4436 га құрайды. 2012 жылы дәндi-дақылдардың шығымдылығы гектарынан 16,7 центнер. 2012 жылы 6,5 млн. теңге сомасына екi МТЗ-82 жаңа тракторы сатып алынды.

Мал шаруашылығы. 2012 жылдың 1 қаңтарына iрi қара малдың басы 807 құрады, соның iшiнде: сиыр — 319 бас. Елецкое с. қолдан ұрықтандыру пунктi бар. 2012 жылы «Агрофирма Жер-Ана» ЖШС 42 бас IҚМ сатып алды. Базаны қайта жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округте 3 дүкен және 2 үй iшiнде сататындар бар. Бөлшек сауда көлемi 2012 жылы 2 млн.тенгеден астам құрады. Тұрғын халықтан сүт жинау жүргiзiледi. 2013 жылы Кругловка селосында ағаш өндеу цехы ашылды. 2013 жылы тағы да 2 тұрақты жұмыс орнын құруға жағдай жасайтын тағы да бiр ағаш өндеу цехын ашу жоспарланып отыр. 2012 жылы мал шаруашылығымен айналысуға 2 селолық округ тұрғындары И.Қ. Ғабдуллин мен А.С. Байтұрғанов несие алды. «Көкшетау» МҰТП» ММ Айыртау бөлiмшесi орман қорғау, орман қорын есепке алумен, аң шаруашылығы қызметтерiмен айналысады. Ағаш өндеу цехы тұрғындарға ағаш материалдарын сатады. 2012 жылы 3579000 теңге сомасына материал сатылды, отырғызу материалдары 4038800 тегеге, отын 13887600 теңгеге сатылды.

Бiлiм. Селолық округтiң бiлiм беру жүйесiне Елецкое селосында орналасқан бiр орта мектеп кiредi. Округ бойынша оқушы саны — 98 бала. Елецкое орта мектебi iшiнде интернат орналасқан, онда 28 бала тұрады. Шағын орталық жұмыс iстейдi, онда 15 бала қамтылған. 2012 жылы «Агрофирма Жер-Ана» ЖШС домбыра үйiрмесi үшiн 10 домбыра сатып әпердi.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесiне 1 медициналық пункт кiредi. Округте екi медициналық қызметкер жұмыс iстейдi.

Мәдениет және спорт. Округ аумағында 1 кiтапхана, Елецкое с. спорт алаңы жұмыс iстейдi. 2013 жылы Елецкий орта мектебiнiң жанында 375 мың теңге сомасына балалар алаңын салу жоспарланған.

Сумен қамту. Халықты сумен қамтамасыз ету 13 құбыр, 21 құдықтан жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамту. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны 408 адамды құрайды, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған 97 адам. 2012 жылы ресми тiркелген жұмыссыздардың саны — 2 адам, жұмыссыздық деңгейi — 0,45%.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 1 тамыз

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 1 шiлде

«Имантау селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Сердюк Любовь Владимировна, лауазымда 2013 жылғы қыркүйектен бастап iстейдi.

Селолық округ отралығы — Имантау с. Аудан орталығына дейiн 54 шақырым. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк: Имантау с., Верхний Бурлук с., Цуриковка с.) Селолық округтiң аумағы — 66357 гектарды құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына селолық округ тұрғындарының саны — 2724 адам. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 397, орыстар — 1212, немiстер — 97, украиндар — 109, татарлар — 620, басқа ұлт өкiлдерi — 289.

Ауыл шаруашылығы. Селолық округ аумағында «Восход Имантау» ЖШС, «Лобаново» ЖШС, «Земля и птица» ЖШС, «Арықбалық» ЖШС, «АгроКомМадениет» ЖШС, 10 шаруа қожалығы орналасқан. Жалпы егiс алқабы 17081 га, орташа шығымдылық 12,0% құрады.

Мал шаруашылығы. 01.01.2013 ж. жағдай бойынша IҚМ — 2207, сиыр — 895, жылқы — 520, қой — 1520, шошқа — 801, құс — 47400 бас. Құс басының өсуi «Дзауров и С» шаруа қожалығының есебiнен. Шаруашылықта жалпы құс саны 30000 бас, оның iшiнде: қаз 10000 бас, үйрек 20000 бас.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Селолық округте 25 жеке кәсiпкер тiркелген. Имантау с. 2 дәрiхана, 16 дүкен, 1 наубайхана, 1 жанаржағармай құю стансасы, 1 шиномонтаж шеберханасы бар, Верхний Бурлук с. 4 дүкен.

Бiлiм. Селолық округтiң аумағында Имантау с. 1 орта мектеп — 250 оқушы, Верхний бурлук с. 1 негiзгi мектеп — 46 оқушы орналасқан. Мектептер телефондандырылған, компьютер сыныптары бар. Балаларды тасымалдау үшiн «Газель» автокөлiгi бар.

Денсаулық сақтау. Имантау с. селолық дәрiгерлiк амбулатория жұмыс iстейдi, 12 адам медперсонал. Верхний Бурлук с. — ФАП. Медициналық мекемелер кадрлармен толық қамтылған. Тұрғындарға қызмет көрсететiн «жедел жәрдем» автокөлiгi бар.

Мәдениет. Селолық округтiң аумағында селолық кiтапхана бар, қазiргi уақытта 10500 дана кiтап қоры бар. Ғимараттың болмауына байланысты кiтапхана мектепте орналасқан.

Жұмыспен қамту. 2013 жылдың 01 қаңтарында селолық округ бойынша ресми тiркелген жұмыссыздар саны — 2 адам.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 01.08.2017 ж.

«Казанка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Городецкий Алексей Владимирович, лауазымда 2013 жылғы қыркүйектен бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi. Селолық округ орталығының атауы — Казанка селосы. Облыс орталығына дейiн — 281 шақырым. Аудан орталығына дейiн — 45 шақырым. Барлық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi — 7 (Прекрасное селосы, Всеволодовка селосы, Бурлық селосы, Никольское-Бурлукское селосы, Никольское селосы,Аксеновка селосы, Казанка селосы). Округ аумағы — 59818 гектарды құрайды. Селолық округ тұрғындары саны 2013 жылғы 29 сәуiрiне — 2266 адам, соның iшiнде ұлттық құрамы: қазақтар — 842 адам, орыстар — 1047 адам, басқа ұлттар — 377 адам.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылық серiктестер өкiлдерiмен ұсынылған: «Достық элеваторы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «Всеволодовка Север» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «Достық Дән» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «Ермек» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi және 10 шаруа қожалығы бар. Жалпы ауылшаруашылық жерлерi — 42835 га құрады, соның iшiнде 35498 га жер жыртылады. Егiстiк жер 30668 гектарды құрайды. 2012 жылы егiн түсiмi гектарына 17 центнердi құрады.

Мал шаруашылығы. Қара мал саны 1952 басты құрады. Мал шаруашылымен «Достық Дән» ЖШС айналысады (140 бас қара мал бар).

Кәсiпкерлiк. Округ бойынша отыз бiр шағын кәсiпкерлiк бар, соның iшiнде алты заңды тұлғалар, он қожалық шаруашылықтар, он бес жеке кәсiпкерлер. 15 дукен жұмыс iстейдi, 2 наубайхана, диiрмен бар.

Бiлiм беру. Округта бiлiм саласында 6 жалпы бiлiм беру мектебi кiредi. Соның 2-i орта, 1-i орталау, 3-i бастауыш мектеп. Онда 331 бала оқуда. Казанка орта мектебiнде 40 балаға арналған интернат бар.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау мекемелерден селолық округ аумағында: 1 дәрiгерлiк амбулатория және 5 медициналық пункт кiредi. Казанка дәрiгерлiк амбулатория жедел көмек автокөлiгiмен жабдықталған. Казанка дәрiгерлiк амбулаториясында тұрғындардың дәрi сатып алуға мүмкiндiктерi бар, әлеуметтiк дәрiхана қызмет етедi.

Мәдениет. Округ аумағында Казанка селосында бiр мектептiк кiтапхана жұмыс iстейдi, Никольское-Бурлукское, Никольское және Аксеновка селоларында демалыс орталығы бар.

Тұрғындарды жұмыспен қамту. 2013 жылғы 29 сәуiрде 5 адам ресми түрде жұмыссыз ретiнде тiркелген. Сумен қамтамасыз ету: жергiлiктi халықты сумен қамыту 8 құбырлармен және 9 құдықпен қамытылады. 2010 жылы халықты ауыз сумен қамту үшiн жаңа автокөлiгi сатып алынған көлiкпен Казанка және Никольское Бурлукское селоларына жеткiзiледi. Жергiлiктi көздерден пайдаланатын су санитарлық нормаға сәйкес келедi.

Солтүстiк Қазахстан облысы Айыртау ауданы Казанка ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 01.08.2017 ж.

«Қамсақты селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Беркiмбай Жақсылық Әбдiрұлы, лауазымда 2013 жылғы қыркүйектен бастап iстейдi.

Қамсақты селолық округiнiң аумағы 92399 га құрайды, соның iшiнде 52820 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Селолық округ отралығы — Карасевка с. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк: Светлое с., Бiрлестiк с., Үкiлi Ыбырай а., Құмтөккен а., Орлиногорское с. және Карасеква с. Селолық округ тұрғындарының саны — 2565 адам.

Ауыл шаруашылығы. «Жарқын СК» ЖШС, «Құмтөккен» ЖШС, «Ратмир» ЖШС ұсынылған. Мал басы округтегi жеке сектор негiзiнде шоғырланған. Iрi қара мал саны — 2550 басты құрайды, жылқы 1230 бас, қойлар және ешкiлер — 3164 бас, шошқа — 167, құстар — 13700. Жеке кәсiпкер Воробьев Николай Петрович iрi қара малмен айналысуды бастады. Орлиногор селосында керектi қоралар құрылысы салынып, iрi қара мал саны 60 басқа дейiн жеттi. Асыл тұқымды тайпалық бұқалар Карасевка селосына «Гусаковка» ЖШС-iнен және Орлиногор селосына «Заградовка» ЖШС-iнен әкелiндi.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округте 14 кәсiпкерлiк нысаны бар. 2012 жылы ИП «Воробьев» Орлиногор селосында офисiн ашты. Офиста: кафе-бар, дүкен, сауна, қонақ үйлiк нөмiрлер және банкеттiк зал салынды. Үкiлi Ыбырай ауылында ЖК «Шаймуханов» картоп шаруашылығын ашты, 3 га аумаққа картоп отырғызылып алынды.

Бiлiм. Селолық округте 4 орта, 1 негiзгi және 1 бастауыш мектеп жұмыс iстейдi. Оларда 540 оқушы бiлiм алуда. ҰБТ нәтижелерi бойынша Қызыл-Әскер орта мектебiнiң оқушылары аудан бойынша 2 орын алды.

Денсаулық сақтау. Карасевка селосында 1 дәрiгерлiк амбулатория, бес елдi мекенде дәрiгерлiк пункттер бар. Карасевка ДА және Светлое МП — терде әлеуметтiк дәрiханалар жұмыс iстейдi.

Мәдениет. Селолық округте 2 мәдениет үйi, 3500 астам кiтап қорымен жабдықталған 4 мектептiк және 1 ауылдық кiтапхана жұмыс iстейдi. 2012 жылы Бiрлестiк домбыра ансамблi «Халықтық» атағын растады. Әкiмшiлiк орталық Карасевка с. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына гүлзар ашылды.

Әлеуметтiк қорғау. 2013 жылдың 1 қаңтарына белсендi 1117 адам тiркелдi. Соның iшiнде: 554 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 519 адам өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, 44 адам жұмыссыздар санатына жатады.

Сумен қамту. Халықты сумен қамтамасыз ету 8 құбыр мен 4 құдықтан жүзеге асырылады. Судың сапасы стандартқа сәйкес.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қамсақты селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 жыл 01 тамыз

«Қаратал селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Шаймерденов Ардақ Бекетұлы, лауазымда 2017 жылғы тамыздан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Әкiмшiлiк орталық: Қаратал селосы. Облыстық орталыққа дейiн 271, аудан орталығына дейiн 35 шақырым. Елдi мекендер саны — 6 (Қаратал с., Шүкiрлiк с., Высокое с., Сары-Өзек с., Қоскөл с., Ботай с.). Округ аумағы 45146 га құрайды. 2013 жылғы 1 қаңтарға тұрғындар саны 1039 адамды құрайды, оның iшiнде: қазақтар — 969, орыстар — 45, немiстер — 193, украиндар — 6, басқа ұлттар — 29.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылықтармен: «Агрофирма Жер-Ана» ЖШС, «Шаңғал» ЖШС және 21 фермер қожалықтарымен ұсынылған. Егiс алқабы — 12971 га, орта өнiмдiлiгi 18 ц/га құрады.

Мал шаруашылығы. Iрi қара малдың басы 1560 құрайды, соның iшiнде: сиыр — 675. Екi ұрықтандыру пунктi бар.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округте 6 дүкен қызмет көрсетедi, Қаратал с. — 3, Высокое с. — 1, Шүкiрлiк с. — 2, қалған елдi мекендерде үйдегi дүкендер.

Бiлiм беру саласы. Селолық округтiң бiлiм жүйесiне Қаратал с. 1 орта мектеп, Шүкiрлiк с. 1 негiзгi мектеп, Қоскөл, Высокое селоларында 2 бастауыш мектеп, оқушылардың жалпы саны-147.

Денсаулық сақтау саласы. Қаратал селосының дәрiгерлiк амбулаториясы, Ботай, Қоскөл, Шүкiрлiк, Высокое, Сары-Өзек селоларында 5 медициналық пунктi.

Мәдениет және спорт. Округ аумағында Шүкiрлiк және Қаратал селоларындағы мектеп жанында 2 кiтапхана қызмет етедi, 1 стадион.

Халықтың жұмыспен қамтылуы. 2013 жылдың 01 қаңтарында селолық округ бойынша ресми тiркелген жұмыссыздар саны — 14 адам, жұмыссыздық деңгейi 1,2% құрады.

Сумен қамту. Халықты сумен қамтамасыз ету 7 құбыр мен 14 құдықтан жүзеге асырылады. Барлық елдi мекендерде сумен қамту орталықтандырылмаған.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 1 тамыз

«Константиновка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бос орын

Әкiмшiлiк орталық: Константиновка селосы. Облыстық орталыққа дейiн 316, аудан орталығына дейiн 80 шақырым. Елдi мекендер саны — 6 (Матвеевка с., Құспек с., Ақанбұрлық с., Ақшоқы с., Красново с., Константиновка с.). Округ аумағы 70683 га құрайды. 2013 жылғы 1 қаңтарға тұрғындар саны 2512 адамды құрайды, оның iшiнде: қазақтар — 216, орыстар — 1846, басқа ұлттар — 450.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылықтармен ұсынылған: «Константиновка-2004» ЖШС, «Исағали» ЖШС, «Алға-Агро» ЖШС, «Константиновка ХПП» ЖШС, 19 шаруа қожалығы және 1 «Арыкбалыкский ГСУ» сұрып сынау учаскесi. Жерлердiң жалпы алаңы — 53508 га, соның iшiнде жыртылған жерлер — 43564 га. Егiс алқабы 32714 га.

Мал шаруашылығы. Округ бойынша 2143 бас қара мал, соның iшiнде сиыр — 1052, 2085 бас шошқа, 2727 бас қой, 784 бас жылқы, құстар — 5053 құрайды. Округтiң барлық селоларында ет пен сүт сатып алынады.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округте 28 дүкен, 3 дәрiхана, 2 дәмхана-бар, кулинар цехы жұмыс iстейдi.

Бiлiм. Округ аумағында 4 мектеп (2 орта мектеп: Константиновка с. және Құспек с., 1 негiзгi: Ақанборлық с., 1 бастауыш: Матвеевка с.) жұмыс iстейдi. Онда 350 оқушы оқиды. Құспек с. 25 орынға мектеп жанындағы интернат бар. Мектеп жанындағы интернатта балаларды тасымалдау үшiн УАЗ автокөлiгi бар, Константиновка орта мектебiнде «Газель» бар. Константиновка селосындағы «Балапан» балабақшасында 2 топ жұмыс iстейдi. Құспек селосында 40 орынды «Қарлығаш» балабақшасы қызмет көрсетуде. Құспек селосында мектеп жанындағы интернат бар, онда көршi селолардан 15 бала оқып жатыр.

Денсаулық сақтау. Округте 1 селолық дәрiгерлiк амбулатория (Құспек с.) және 1 фельдшерлiк акушерлiк пункт, 3 медициналық пункт бар. Құспек дәрiгерлiк амбулаториясында физиокабинет жұмыс iстейдi. Округте 3 дәрiхана бар.

Мәдениет және спорт. Константиновка және Құспек селоларында 2 кiтапхана жұмыс iстейдi. Константиновка с. орталығында 2012 жылдың маусым-шiлдесiнде шағын стадион салынды: волейбол, баскетбол, футбол алаңдары. 2012 жылдың желтоқсанында мұз айдыны салынды.

Халықты жұмыспен қамту. 2013 жылдың 01 қаңтарында селолық округ бойынша ресми тiркелген жұмыссыздар саны — 13 адам, жұмыссыздық деңгейi 1,23% құрады.

Сумен қамту. Халықты сумен қамтамасыз ету 11 құбыр, 122 колонка, 54 құдықтан жүзеге асырылады. Судың сапасы стандартқа сәйкес.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 01.08.2017 ж.

«Лобаново селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Олещук Владимир Михайлович, лауазымда 2016 жылғы маусымнан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Селолық округтiң орталығы — Лобаново с. Облыс орталығына дейiн қашықтығы — 280 км. Аудан орталығына дейiн қашықтығы — 37 км. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк — 4 (Лобаново с., Шалқар с., Заря с., Әлжан а). Округ аумағы — 4,3 мың шаршы км құрайды. Тұрғындар саны 01.01.2013 жылға — 2400 адамды құрайды, соның iшiнде ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 1409, немiстер — 70, орыстар — 737, басқа ұлттар — 143, украиндар — 41 адам.

Ауыл шаруашылығы. Қазiргi уақытта селолық округтiң аумағында 3 ЖШС, 6 ФҚ және 10 ШҚ жұмыс iстейдi. Селолық округтiң ауыл шаруашылығы алқаптары 37438 га құрайды, соның iшiнде егiстiк 25164 га, жайылым 12278 га. Дәндi және бұршақ тұқымдастардың егiс алқабы өткен жылдармен салыстырғанда 7,2% өстi. Селолық округте егiн орағын өткiзу үшiн әр түрлi маркалы 60 трактор, 31 астық жинау комбайны, 3 егiс кешенi, 94 дән себушi және басқа техника бар. Трактор және комбайнмен қамтылу 100%. Лобаново селосындағы бидайды өндеу және уақытша сақтауға арналған тоқ, ұн шығаратын диiрмен және бiр сменада 450 бөлке нан пiсiретiн шағын наубайхана ашылды. Олар тұрғындарды қажет ұн және нанмен қамтамасыз етедi. Нанның бағасы орташа аудандық көрсеткiш деңгейiнде.

Мал шаруашылығы. Селолық округте мал шаруашылығымен «Ключи» ЖШС, екi ФҚ, сонымен бiрге жеке қосалқы шаруашылық шұғылданады. Қосалқы шаруашылықтағы iрi қара малдың 2305 басты құрады, жылқы 824 бас, шошқа 833 басты құрады, қой мен ешкi 2357 бас, құс 18605. Лобаново, Шалқар, Әлжан және Заря селоларының тұрғындарынан сүт сатып алу жалғасуда.

Шағын және орта бизнестi дамыту. 2012 жылы селолық округтiң аумағында 37 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелдi. Селолық округтiң аумағында 21 шағын бизнес нысаны iстейдi, соның iшiнде сауда кәсiпорны — 18, қоғамдық тамақ кәсiпорны — 1, тұрмыстық қызмет көрсету нысаны — 1, дәрiхана — 1. 2008–2012 жылдары 6 дүкен, 1 дәмхана, 1 шаштараз ашылды. Оларда 20 жұмыс орны құрылды.

Бiлiм. Селолық округтiң бiлiм беру жүйесiне 4 жалпы бiлiм беру мектебi кiредi (3 орта, 1 бастауыш). Оларда 358 оқушы бiлiм алады, 1 ауылшаруашылық колледжi (110 оқушы), 1 мектеп жанындағы интернат (17 бала). Селолық округтiң мектептерiнде 82 мұғалiм жұмыс iстейдi. Мектептер компьютерлiк техникамен жарақтанған және Ғаламторға қосылған. Лобанов, Шалқар және Әлжан селоларында шағын 25 орынға орталықтар ашылды.

Денсаулық сақтау. Селолық округтiң 4 елдi мекенiнде 5 медициналық нысан қызмет көрсетедi, соның iшiнде 4 медициналық пункт, 1 дәрiгерлiк амбулатория. Лобаново дәрiгерлiк амбулаториясында 2 орындық күндiзгi стационар ашылды. Тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшiн, жедел жәрдем автокөлiгi бар. 2013–2015 ж. Лобаново селосында дәрiгерлiк амбулатория құрылысы жоспарланып отыр.

Мәдениет және спорт. Селолық округте әртүрлi меншiк түрiндегi 8 мәдениет нысаны қызмет көрсетедi: 3 клуб, соның iшiнде 1 мемлекеттiк (ауылшаруашылық колледж), 2 шаруашылық субъектiнiң меншiгiнде («Ермоленко» ЖК Заря с.). Бұдан басқа да 5 кiтапхана жұмыс iстейдi (2 мемлекеттiк, 2 мектепте және 1 ауылшаруашылық колледжiнде). Селолық округтiң спорт саласында 8 спорт ғимараты бар. Соның iшiнде 4 спортзалы, 2 футбол алаңы және 2 хоккей қорабы.

Халықты жұмыспен қамту. Селолық округте 7 аз қамтылған отбасы бар, ол — 34 адам, соның iшiнде 4 отбасы 116,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтiк көмек алады. Қазiргi уақытта селолық округте 49 оралмандар отбасы тұрады, онда 122 адам. Оралмандардың 14 адамы қоғамдық жұмыстарға, 2 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылды.

Сумен қамту. Селолық округтiң 4 елдi мекенiнiң барлығы жергiлiктi су көздерiнен (құдықтар, ұңғымалар) алынған суды пайдаланады. Қолданыстағы су микробиологиялық және санитарлық-химиялық талаптарға сәйкес. Лобаново селосындағы су тарату жүйесiнiң қайтадан жөндеу жұмысы аяқталды. Су құбырын қайта жөндеуге республикалық бюджеттен 259,3 млн. теңге бөлiндi. Барлығы 34 колонка мен 11 өрт сөндiргiш гидрант орнатылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 1 тамыз

«Нижнебурлук селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шарапов Қалымтай Қаратайұлы — Нижнебурлук селолық округ әкiмi, лауазымда 2019 жылғы қазаннан бастап iстейдi.

Селолық округ отралығы — Нижний Бурлук с. Аудан орталығына дейiн 65 шақырым. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк: Жалғызтау с., Нижний Бурлук с.) Селолық округтiң аумағы — 52003 гектарды құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына селолық округ тұрғындарының саны — 1093 адам.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылықтармен ұсынылған: «Бабык-Бурлук» ЖШС. Жерлерiнiң жалпы алаңы — 52003 га, соның iшiнде егiстiк алқабы — 23063 га.

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығымен «Бабык Бурлук» ЖШС айналысады. Онда қазақтың ақ басты тұқымды iрi қара малдары, едiлбай тұқымды қойлар өсiрiледi. Сондай-ақ «Августин» шаруа қожалығы жылқы ұстайды.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округте 10 дүкен, кафе-бар, столярлы цехпен бiрге пилорама қызмет етедi. Селолық округ аумағында 2 қоғамдық монша бар.

Бiлiм беру. Округте жалпы бiлiм беретiн 2 мектеп жұмыс iстейдi: Нижнебурлук орта мектебi мен Жақсы Жалғызтаудың негiзгi мектебi. Оқушылардың жалпы саны — 152. 53 бала тәрбиеленетiн 1 бала бақша бар.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесiне Нижний Бурлук с. 1 фельдшерлiк-акушерлiк пункт және Жақсы Жалғызтау с. медициналық пункт енедi.

Мәдениет. Селолық округ аумағында 2 селолық кiтапхана, 2 селолық клуб және жазғы би алаңы қызмет көрсетедi.

Жұмыспен қамту. 2013 жылдың 1 қаңтарына тiркелген жұмыссыздардың саны — 1, жұмыссыздық деңгейi — 0,1%.

Сумен қамту. Халықты сумен қамтамасыз ету 14 құбыр мен 10 құдықтан жүзеге асырылады. Судың сапасы стандартқа сәйкес.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Нижнебурлук селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 1 тамызға

«Сырымбет селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Қасенов Серiк Оралбекұлы, лауазымда 2017 жылғы тамыздан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Селолық округ орталығының атауы: Сырымбет селосы. Аудан аралығынан — 30 шақырым, Барлық әкiмшiлiк бiрлiк саны — 10 (Дауқара, Егiндiағаш, Қарақамыс, Качиловка, Юдинка, Сарыбұлақ, Сулыкөл, Шоққарағай, Шолақөзек ). Селолық округ аумағы — 78767 га. Округ тұрғындарының саны 2013 жылғы санақ мәлiметтерi бойынша 1873 адамды құрады. Ұлттық құрамы былайша көрiнiс тапты: қазақтар — 1705 адам, орыстар — 108 адам, немiстер — 29 адам, украиндер — 21 адам, басқа ұлттар — 10 адам.

Ауыл шаруашылығы. Сырымбет селолық округi аумағында келесi шаруашылық серiктестiктерi кызмет етедi: ЖШС «Сырымбет-1» басшысы Махметов Қ.Ғ.; ЖШС «Жаркын СК» басшысы Елмағанов А.М.; ЖШС «Арай-1» басшы Құрманғожин Т.Н.; ЖШС «АиК АГРО» басшысы Абакумов А.Е.; ЖШС «Ағайын» басшысы Казбеков А.К.; ЖШС «Риыздык» басшысы Оспанова Р.М. және 14 шаруа кожалығы бар. Майлы дақылдар және тұқым 26740 га алаңына себiледi, оның iшiнде жеке шаруашылықтарда 5600 га. 2012 жылы әр гектардан 15,0 центнерден өнiм алынды.

Мал шаруашылығы. Селолық округтiң мал шаруашылығының дамуы жеке аулаларда шоғырланған. 2012 жылы iрi қара мал саны — 2024 басты құрады, оның iшiнде: сиырлар — 895 бас, жылқы — 1980 бас, қойлар — 3304 бас, құстар — 13950 бас. Ауыл шаруашылығымен айналысуды ауылшаруашылық құрылымдарышұғылданады. «Арай»ЖШС бүгiнгi күнде 107 бас қара малы бар, «Аи К» ЖШС бүгiнгi күнде 200 қара мал, 160 жылқы және 500 шошқа бар. «Ақбай»шаруа қожалығында 62 бас қара мал бар.

Кәсiпкерлiк. Округ бойынша 10 жеке кәсiпкер еңбек етедi. Сырымбет (4), Дауқара, Қарақамыс, Шоққарағай. Сырымбет, Шоққарағай, Егiндiағаш селоларында жеке кәсiпкерлер үйден сауда — саттықпен айналысады. Сырымбет селосында бiр наубайхана қызмет етедi.

Сумен қамтамасыз ету. Халық iшетiн сумен 15 ұңғыма және 3 кұдықтан камтамасыз етiледi. Судың сапасы стандартқа сәйкес.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау мекемелерiнен селолық округ аумағында 8 медициналық нысан жұмыс iстеуде, соның iшiнде 1 дәрiгерлiк амбулатория, және 7 медициналық пункт.

Бiлiм беру. Округте бiлiм саласына 6 жалпы бiлiм беру мектебi кiредi. Соның 2-i орта (Сырымбет, Дауқара), 2-i негiзгi (Қарақамыс, Егiндiағаш), 2-i бастауыш мектеп (Сулыкөл, Шолақөзек). Округ мектептерiнде 90 мұғалiм жұмыс iстейдi, 304 бала оқуда. Мектептерде 5 компьютерлiк сыныптар ашылды. Сырымбет орта мектебiнде 40 балаға арналған интернат бар. Интернатта демалыс күндерi таситын «УАЗ» автоколiгi бар. Округ бойынша 5 шағын орталық кызмет корсетедi. Дауқара орта мектебiне «УАЗ» автокөлiгi бөлiндi.

Пошта байланысы. Сырымбет селосында Айыртау аудандық пошта бөлiмшесi қызмет көрсетедi. Қалған елдi мекендерде пошташылар бар.

Мәдениет және спорт. Округ бойынша 4 мәдениет орны бар: Демалыс орталығы, Ш. Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражайы, 2 селолық кiтапхана Сырымбет және Дауқара селоларында. Республикалық маңызды 1 ескерткiш-Айғаным қонысы және соғыста қаза тапқандарға арналған 10 ескерткiш бар. Округте 2 ұжым «Халық» атағына ие болып отыр. Дауқара домбыра ансамблi (жетекшi Т.К. Жанысова) жене «Ажар » би ансамблi (жетекшi З.К. Айтжанова). Сырымбет селосында 1 стадион, спорт алаңында 1 хоккей корты бар. Дауқара селосында 1 стадион бар.

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет селолық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 ж. 01 тамызға

«Украин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Селолық округ әкiмi — Мұқашев Жеңiс Ботабайұлы, лауазымда 2014 жылғы тамыздан бастап iстейдi.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Селолық округтiң орталығы — Кирилловка с. Облыс орталығына дейiн қашықтығы — 271 км. Аудан орталығына дейiн қашықтығы — 35 км. Барлығы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк — (Бурлык с., Каменный Брод с., Карловка с., Кирилловка с., Кутузовка с., Сарысай с., Сарытүбек с., Петропавловка с.). Округ аумағы — 79721 га құрайды. Тұрғындар саны 01.01.2013 жылға — 2559 адамды құрайды, соның iшiнде ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 1365, немiстер — 92, орыстар — 719, украиндар — 329, басқа ұлттар — 54 адам.

Ауыл шаруашылығы. Келесi шаруашылықтармен ұсынылған: «Кирилловка-Айыртау» ЖШС, «Кутузовка-Алиби» ЖШС, «Грейн Компани» ЖШС, «Профессионал Агро» ЖШС, 20 шаруа қожалығы, Кирилловка с. Казанка сұрып учаскесi. Жерлердiң жалпы көлемi — 79721 га, соның iшiнде егiстiк — 46952 га, егiс алқаптары 42239 га құрайды. 2012 жылы астық шығымдылығы гектарынан 19,5 центнердi құрады.

Мал шаруашылығы. Iрi қара малдың басы — 3100 құрайды, соның iшiнде: сиыр — 1674 бас. Кирилловка және Каменный Брод селоларында 2 қолдан ұрықтандыру пунктi бар.

Шағын және орта бизнестi дамыту. Округте шағын бизнестiң 31 нысаны тiркелген, соның iшiнде 3 заңды тұлға, 20 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсiпкер. 9 дүкен, 2 дәрiхана, 1 шаштараз, киiм тiгу ательесi, 2 наубайхана жұмыс iстейдi.

Бiлiм беру. Селолық округтiң бiлiм беру жүйесiне Кирилловка және Каменный Брод селоларында 2 орта мектеп, Бурлук, Карловка, Петропавловка және Кутузовка селоларында 3 негiзгi мектеп кiредi. Оқушылардың жалпы саны 370 адам. 2012 жылы Кирилловка с. 240 орынға мектеп қолданысқа енгiзiлдi.

Денсаулық сақтау. Селолық округке дәрiгерлiк қызмет 1 дәрiгерлiк амбулаториямен, 7 медициналық пунктiмен, 2 дәрiханамен көрсетiледi. Медициналық кадрлармен толық қамтылған.

Мәдениет және спорт. Округте мәдени мекемелер 3 кiтапханамен, 2 клубпен, демалыс орталығымен ұсынылады. Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшiн округте 2 стадион, 2 хоккей корты бар.

Халықты жұмыспен қамту. 2013 жылдың 1 қаңтарына ресми тiркелген жұмыссыздардың саны — 4 адам, жұмыссыздық деңгейi — 2,0%.

Сумен қамту. Халықты сумен қамтамасыз ету 3 су жүргiзу құбыры және 1 локалды сумен қамту пунктiмен, 5 құбыр, 1 құдықтан жүзеге асырылады. Судың сапасы стандартқа.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлау – 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы