Айыртау ауданының әкiмi Б.Қ. Исманов
Әкiм аудан аумағында мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмдi қызмет етуiн, жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын жергiлiктi атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңы, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлер негiзiнде жүзеге асыратын Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiн басқаратын Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылады.
Аудан әкiмi дара басшылық қағидатында әрекет етедi.
Әкiм аудан аумағында экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын орындауды, Президенттiң және Үкiметтiң, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң актiлерiн орындауды, заңдарды сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi.
Ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң ұлтаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.
Мыналардың қызметтерiне тiкелей басшылық етедi:
- аудан әкiмдiгiнiң;
- аудан әкiмi орынбасарларының, аудан әкiмi аппараты басшысының және ауылдық округтерi әкiмдерiнiң;
- аудан әкiмiнiң құқықтық мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсiнiң, аудан әкiмiнiң жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсiнiң және аудан әкiмiнiң көмекшiсiнiң;
- аудандық бюджеттiк комиссияның.
Мыналардың келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi:
- ауданда мемлекеттiк саясатты жүргiзу бойынша аудандық және аумақтық атқарушы органдардың;
- аймақаралық ынтымақтастық, инвестиция тарту, табиғи ресурстарын пайдалану, ұлтаралық қатынастар мәселелерi;
- құқық қорғау органдары қызметiнiң, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелерiн шешудi.
Мыналармен өзара әрекеттеседi:
- аудандық мәслихатпен;
- аудандық прокуратурамен;
- аудандық соттармен;
- ауданның iшкi iстер бөлiмiмен;
- Айыртау ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi департаментi аудандық бөлiмшесiмен;
- Айыртау ауданы бойынша қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiмен;
- аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен.
Мына комиссияларға, үйлестiру кеңестерiне басшылық етедi:
- аудан әкiмдiгi жанындағы терроризмге қарсы комиссияға;
- аудан әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға;
- құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерi жөнiндегi ведомство-аралық комиссияға;
- ауданның жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi кеңеске;
- құрметтi азамат атағын беру тәртiбi талаптарына сәйкестiк материалдарын қарастыру жөнiндегi топтың құрамына.
Аудан әкiмi мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан мүдделерiне өкiлдiлiк етедi.
Аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Е.Ж. Жанапин
Әлеуметтiк-экономикалық дамыту, ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мәселелерi жөнiндегi аудандық және аумақтық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру, аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, жер қатынастары, аграрлық ғылым, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, қаржылық, салықтық және тарифтiк саясат, коммуналдық меншiк және жекешелендiру, кәсiпкерлiктi, жаңа технологияларды, сауданы, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту, бюджеттiң табыс бөлiгiн толықтыру бойынша мәселер, геология және қойнауларды пайдалану, өнеркәсiп, шығарылған өнiмдердiң түрлерiн көбейту және сапасын арттыру, өнеркәсiптiк өндiрiске инновациялық технологияларды және үздiк жобаларды енгiзу, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастары, ауыл аумақтарын кешендi дамыту мәселелерi; ауылдық экономиканың iшкi құрылымының, азық-түлiк рыногының, жаңа технологияны енгiзудiң, тұқым шаруашылығы және малды асылдандыру iсiнiң мониторингi.
Лицензиялау, стандарттау және сертификаттау мәселелерiне жетекшiлiк етедi.
Мыналардың қызметiне жалпы бақылауды жүзеге асырады:
- ауданның ауыл шаруашылық бөлiмiнiң;
- ауданның ветеринария бөлiмiнiң;
- ауданның жер қатынастары бөлiмiнiң;
- ауданның экономика және қаржы бөлiмiнiң;
- ауданның кәсiпкерлiк бөлiмiнiң;
- жетекшiлiк ететiн бағыттары бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң.
Жетекшiлiк ететiн салалар бойынша бақылайды:
- Елбасының, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Үкiметтiң, облыс және аудан әкiмiнiң тапсырмаларының орындалуын;
- мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасының жүзеге асырылуын;
- аудан әкiмi рейтингiсi көрсеткiштерiн;
- мемлекеттiк қызмет көрстеу сапасын.
Мыналармен байланыста болады:
- Айыртау ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасымен;
- Айыртау аудандық Қазынашылық басқармасымен;
- екiншi деңгейдегi банкiлердiң филиалдарымен, несиелiк серiктестiктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң АӨК-дегi Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Айыртау аудандық аумақтық қадағалау және бақылау инспекциясымен;
- Айыртау ауданының статистика бөлiмiмен;
- «ҚазАгроМаркетинг» АҚ Айыртау филиалымен;
- «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстiк Қазақстан филиалының Айыртау аудандық бөлiмiмен;
- Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының Жұмыспен қамту орталығымен;
- «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Айыртау аудандық филиалы бөлiмiмен;
- ШЖҚ «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының Айыртау аудандық бөлiмшесiмен;
- Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментi Айыртау ауданының әдiлет басқармасымен;
- өнеркәсiп, экология және қоршаған ортаны қорғау кәсiпорындарымен;
- «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғатты қорғау паркi және орман шаруашылығы филиалдарымен;
- ҚР АШМ КМИ фитосанитарлық диагностикалау және болжау республикалық әдiстемелiк орталығымен.
Мына комиссияларға басшылық етедi:
- бюджеттiң табыс бөлiгiн толықтыру бойынша жұмыс тобына;
- жалақыны уақтылы төлеу және жоғарлату жөнiндегi жұмыс тобына;
- халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобына;
- жергiлiктi бюджеттен өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң сапасын және түсiмiн жоғарлатуды қаржыландыру бойынша ведомствоаралық комиссияға;
- жер учаскесiн беру немесе жер учаскесiн беруден бас тарту бойынша;
- құс, шошқа тұмауының таратылының және пайда болуының алдын алу бойынша;
- мүлiктi жекешелендiру бойынша;
- иесiз мүлiктi тексеру және анықтау бойынша;
- жетекшiлiк ететiн салалар бойынша басқа консультативтiк-кеңес органдарына.
Аудан әкiмiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi, автомобиль жолдары және құрылыс мәселелерi жөнiндегi орынбасары Е.А. Исин
Ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамыту, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, коммуналдық меншiк және жекешелендiру, жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи зiлзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру, энергетика және отын-энергетикалық кешенi мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мен орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiру.
Құрылыстың барлық түрлерiнiң, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, инженерлiк коммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, коммуналдық саладағы, сумен қамтамасыз етудегi тарифтi қалыптастыру және су шаруашылығы шараларын жүзеге асыру, тұрғын үй және әлеуметтiк-өнеркәсiптiк инфрақұрылымдар нысандарын жылыту кезеңiне дайындау, елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi.
Индустриалдық-инновациялық даму және инвестициялық саясат бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерi.
Жұмылдыру жұмыстары және азаматтық қорғаныс мәселелерi.
Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:
- ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң;
- ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң;
Жетекшiлiк ететiн салалар бойынша бақылайды:
- Елбасының, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Үкiметтiң, облыс және аудан әкiмiнiң тапсырмаларының орындалуын;
- мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасының жүзеге асырылуын;
- аудан әкiмi рейтингiсi көрсеткiштерiн;
- ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiн;
- мемлекеттiк қызмет көрстеу сапасын.
Мыналармен байланыста болады:
- «Айыртау-Су» ЖШС;
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министрлiгi Айыртау ауданының төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмiмен;
- Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар бойынша департаменттiң «Өрт сөндiру және авариялық-құтұару жұмыстары қызметi» ММ Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы №7 өрт сөндiру бөлiмiмен;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның Айыртау аудандық телекоммуникация торабы;
- ауданаралық электр жүйесi;
- Айыртау аудандық электр жүйесi;
- коммуналдық және жол қызметi кәсiпорындары;
Келесi комиссияларға басшылық етедi:
- тұрғын үй;
- нысандарды пайдалануға қабылдау жөнiндегi;
- көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi;
- шекара мәселелерi бойынша үйлестiру кеңесiне;
- мемлекеттiк қабылау комиссиясына;
- төтенше жағдайлар бойынша;
- жетекшiлiк ететiн салалар бойынша басқа консультативтiк-кеңес органдарына.
Аудан әкiмiнiң әлеуметтiк сала мәселелерi жөнiндегi орынбасары Г.А. Әбiлқайырова
Ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамыту, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, сауда, iшкi саясат, әлеуметтiк саланы, бiлiмдi, денсаулық сақтауды, мәдениеттi, дене шынықтыру және спортты, тiлдердi дамытуды, жастар саясаты, ұлтаралық қатынасты, көшi-қон, демография, дiни, бұқаралық ақпарат құралдары, дiни конфессияларды, нашақорлықпен күрес, туризмдi дамыту мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мен орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiру.
2017-2021 жылдарға өнiмдi жұмыспен қамту және жалпы кәсiпкерлiк бағдарламасын, құқық бұзушылықтың профилактикасы бағдарламасын орындау.
Кiшi кәсiпкерлiктi, өнеркәәсiптi қолдау және дамыту, шығарылған өнiмдердiң түрлерiн көбейту және сапасын арттыру, өнеркәсiп өндiрiсiне инновациялық технологиялар мен ұтымды жобаларды енгiзу, азық-түлiк нарығы, негiзгi капиталға инвестициялар тарту мәселелерi.
Оралмандарды қабылдау және орналастыру, кедейшiлiк және жұмыссыздықпен күресу мәселелерi.
Жеке кәсiпкерлермен, сауда және өнеркәсiп кәсiпорындарымен, ардагерлер, жастар мен әйелдер ұйымдарымен, партиялармен және қоғамдық бiрлестiктермен, мемлекеттiк емес ұйымдармен өз-ара әрекеттестiктi жүзеге асырады.
Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:
- ауданның кәсiпкерлiк бөлiмiнiң;
- ауданның iшкi саясат бөлiмiнiң;
- ауданның бiлiм бөлiмiнiң;
- ауданның дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң;
- ауданның мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң;
- жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң.
Жетекшiлiк ететiн салалар бойынша бақылайды:
- Елбасының, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Үкiметтiң, облыс және аудан әкiмiнiң тапсырмаларының орындалуын;
- мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасының жүзеге асырылуын;
- аудан әкiмi рейтингiсi көрсеткiштерiн;
- ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiн;
- мемлекеттiк қызмет көрстеу сапасын.
Мыналармен байланыста болады:
- Сауда және өнеркәсiп кәсiпорындарымен, жеке кәсiпкерлермен;
- Айыртау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығымен;
- Айыртау аудандық тұтынушылар құқығын қорғау бойынша басқармасымен;
- Айыртау ауданы бойынша қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен;
- 5510 әскери бөлiммен;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Айыртау аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
- Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының «Айыртау әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы» КМК;
- «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының Айыртау аудандық архивi» МКК;
- «Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Айыртау ауданы Саумалкөл а. агротехникалық колледжi» КММ;
- «Агротехникалық колледж» КММ;
- «Айыртау ауыл шаруашылығы колледжi» КММ;
- «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернаты» КММ;
- «Қазпошта» АҚ Айыртау аудандық пошта байланысы филиалымен;
- «Айыртау таңы» және «Айыртауские зори» газеттерiнiң редакцияларымен;
- кәсiби одақтармен, ардагерлер, жастар мен әйелдер ұйымдарымен, партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен, үкiметтiк емес ұйымдармен;
- зейнетақы жинақтау қоры филиалдарымен, әлеуметтiк блок мәселелерi бойынша, әлеуметтiк серiктестiк, ардагерлер қозғалысы филиалдарымен.
Келесi комиссияларға, үйлестiру кеңестерiне басшылық етедi:
- отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi;
- жастар iстерi жөнiндегi;
- кәмелеттiк жасқа толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi;
- дiни бiрлестiктерiмен байланыс жөнiндегi;
- қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi Айыртау ауданының әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органға;
- жұмыс iстеу және тұру үшiн ауылдық елдi мекендерге келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау көрсету комиссиясына;
- аудан әкiмдiгi жанындағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң сапалы тамақтандыруды қамтамасыз етуiне;
- мемлекеттiк рәмiздердi оқу, насихаттау және қолдану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды;
- денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiне;
- мүгедектер iстерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiне;
- тұрғындардың аз қамтылған бөлiгiне материалдық жәрдемақы көрсету жөнiндегi;
- Тұрғындардың денсаулығын қорғау жөнiндегi үйлестiру кеңесiне;
- үкiметтiк емес ұйымдардың өзара әрекеттестiгi мен ынтымақтастығы жөнiндегi кеңеске;
- эвакуациялық комиссияға;
- эвакуациялық қабылдау комиссиясына;
- Семей ядерлiк сынақ полигонында ядерлiк сынақ зардаптарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тiркеу жөнiндегi;
- әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу бойынша аудандық үшжақты комиссияға;
- жетекшiлiк ететiн салалар бойынша басқа консультативтiк-кеңес органдарына.
Аудан әкiмi аппаратының басшысы Ә.Қ. Қожахметов
Аудан әкiмдiгi қаулыларын, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын дайындау бойынша және қол қойылғаннан кейiн олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және атқарушылық тәртiптi қамтамасыз ету, жергiлiктi мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру бөлiгiндегi жергiлiктi атқарушы органдар мен орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволардың қызметiн үйлестiру.
Әкiмнiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi аудан әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi аппарат жұмысын ұйымдастыру.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратымен, облыстық атқарушы және аумақтық органдардың, аудандық мәслихаттың, құқық қорғау органдарының, ауылдық және селолық округ әкiмдерiнiң, халыққа қызмет көрсету орталығының Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындалуын ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзара әрекетiн қамтамасыз етедi.
Аудан әкiмдiгiнiң, аудан әкiмi жанындағы консультативтiк-мәжiлiстiк органдардың өңiрлiк саясатты iске асыру жөнiндегi жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Аудан әкiмдiгi жұмысы, аппарат, кадр жұмысы регламентiн сақтау, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оқыту, марапаттау iсiн дайындау, мемлекеттiк құпияны қорғау, атқарушы органдарды ақпараттандыру, ресми тұлғалар мен делегациялардың сапары мен қабылдауын ұйымдастыру, электрондық үкiмет бағдарламасын жүзеге асыру.
Азаматтық жағдайлар актiлер мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiгiне берiлген үлгiде қол қою.
Негiзгi қызмет бойынша бұйрықтар шығарады.
Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:
Аудан әкiмi аппаратының, соның iшiнде:
- ұйымдастыру-бақылау бойынша құрылымдық бөлiмшенiң;
- персоналды басқару қызметiнiң;
- құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлiмшенiң;
- жалпы мәселелер бойынша құрылымдық бөлiмшенiң;
- қаржылық-шаруашылық мәселелерi бойынша құрылымдық бөлiмшенiң.
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң СҚО бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет жөнiндегi департаментiмен;
- ауылдық округ әкiмi аппараттарымен;
- аудандық сайлау комиссиясымен.
Мына комиссияларға басшылық етедi:
- ауданның әкiмшiлiк-аумақтық орналасу мәселелерiн қарау жөнiндегi;
- «Б» корпусына әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi бос қызмет орындарына конкурстық iрiктеу жөнiндегi;
- мемлекеттiк қызметшiлердiң өтiлiн айқындау жөнiндегi;
- тәртiптiк комиссия жөнiндегi;
- «Б» корпусы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметiн жылсайынғы бағалауға.