Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

 

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Айыртау ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасынақатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесі бекітілсін.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Айыртау ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасынақатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері айқындалсын.
  3. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы                 15 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген);

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы               11 наурыздағы № 61 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6088 болып тіркелген).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданының

әкімі

                   

 

 М. Меңдібаев

     

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысының

Ішкі істер департаменті

Айыртау ауданының ішікі істер

бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы 

М. Нұрахметов

2026 жыл «___» ақпан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 

2026 жылғы «___» ақпандағы

№ «___» қаулысымен бекітілген

 

 

Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

 

 

Осы Ереже Айыртау ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасының азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

  1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі құрған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
  2. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды (қолдаухатты) «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі»мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) Комиссияның қарауына енгізеді.
  3. Комиссиядақабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
  4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін Комиссия көтермеленушінің құқық бұзушылық профилактикасынақосқан үлесінескере отырып белгілейді.
  5. Ақшалай сыйақы төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданы ПБ бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.
  6. Ақшалай сыйақыны төлеуді облыстық бюджет қаражаты есебінен СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ жүргізеді.
  7. Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттау, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хатын тапсыру, құқық бұзушылық профилактикасынақосқан үлесі үшін қоғамдық көмекшілерге ақшалай сыйақы төлеуді СҚО ПД Айыртау ауданы ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
  8. Комиссия, егер олар құқық бұзушылық профилактикасы, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, Айыртау ауданының әкімдігінде қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.

 

 

 

Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» ақпандағы № «___» қаулысына қосымша

 

 

Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері

 

 

  1. Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
  2. Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаты.
  3. Айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
  4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.
  5. Ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу.
  6. Құқық бұзушылықпрофилактикасына елеуліүлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

 

Дата публикации
12 марта 2026