ХАБАРАЛАМА

2026 жылғы 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар және Казанка ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44 бабы 2-тармағына, 113-10 бабына сәйкес және Айыртау ауданы Володар және Казанка ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Володар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Володар сайлау округі:

 

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9624 азамат енгізілді, оның 5331 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны -79, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 335. Есептен шығару куәліктері бойынша жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер - 26.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

 

Аиров Т.З. – 482; Бестаев Д.Ж. – 3839; Дүйсембинов Н.Қ. - 596.

 

Володар ауылдық округінің әкімі болып Данияр Жанболатұлы Бестаев сайланды, 1986 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Айыртау ауданы Саумалкөл а. мекенжайында тұратын, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды.

 

Казанка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Казанка сайлау округі:

 

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 893 азамат енгізілді, оның  450 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 28, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 38. Есептен шығару куәліктері бойынша жоқ,  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер - 27.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

 

Кәкеев А.Т. – 9;  Сәкенов С.Ә. – 264; Тушанов И.Ғ. - 111.

 

Казанка ауылдық округінің әкімі болып Серік Әміржанұлы Сәкенов сайланды, 1990 жылы туған, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, құқық бөлімінің басшысы, Айыртау ауданы Борлық а. мекенжайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 февраля 2026