«2026-2028 жылдарға арналған Айыртау
ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық
мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 8-36-1 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 835 279,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 682 154,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43 151,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 086 974,0 мың теңге;
2) шығындар – 3 848 681,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 206 664,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер –337 350,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 130 686,0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо –0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу–0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -220 066,0 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)- - 220 066,0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 220 066,0 мың теңге:
қарыздар түсімі –337 350,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 179 139,0 мың тенге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 61 855,0 мың теңге.»;
келесі мазмұндағы 9-1- тармағымен толықтырылсын:
«9-1. Аудан бюджетінде 2026 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттерді қайтару есебінен 6-қосымшаға сәйкес шығыстар қарастырылсын.»;
көрсетілгін шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 6-қосымшасымен толықтырылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |