Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2026 жылғы 20 қаңтардағы сағат 18.00-де Айыртау ауданы Володар және Казанка ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Володар ауылдық округіне барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде үш кандидат «өзін-өзі ұсыну» қағидаты бойынша өтті және бір кандидат «AMANAT партиясы» ҚБ ұсынылды.
Казанка ауылдық округіне барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде барлық бес кандидат «өзін-өзі ұсыну» қағидаты бойынша өтті.
2026 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша 8 кандидаттың сәйкестігі анықталып, 1 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы