2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы
Украин ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 85-бабының 3-тармағына, 89-бабына, 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 99 080,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 23 000,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 76 080,0 мың теңге;
2) шығындар – 99 080,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)- 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2026-2028 жылдарға арналған Украин ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.
Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2026-2028 жылдарға арналған Украин ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |