2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы

Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының           4-тармақшасына,  85-бабының 3-тармағына, 89-бабына, 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Гусаковкаауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 124 495,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 19 000,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 105 495,0 мың теңге;

2) шығындар – 124 495,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)-                                 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.
  2. 2026 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі  30 135,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 33 890,0 мың теңге сомасында ескерілсін.

Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі                 2026-2028 жылдарға арналған Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 41 470,0 мың теңге сомасында ескерілсін.

Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі                 2026-2028 жылдарға арналған Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
22 декабря 2025