«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы
Имантау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08мамырдағы
№ 8-26-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Имантау ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 182 552,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 21 600,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 097,4 мың теңге;
трансферттер түсімі – 156 854,1 мың теңге;
2) шығындар – 186 370,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 818,1мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)- - 3 818,1мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 818,1 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 818,1мың теңге.»;
5- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 80 450,3 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2025-2027 жылдарға арналған Имантау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.».
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |