«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы
Арықбалық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 8-26-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 194 180,9 мың теңге:
салықтық түсімдер – 20 948,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 635,2 мың теңге;
трансферттер түсімі – 172 579,1 мың теңге;
2) шығындар – 197 698,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 517,6 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)- -3 517,6 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –3 517,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 517,6 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 31 308,1 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2025-2027 жылдарға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 105 739,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2025-2027 жылдарға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
көрсетілгін шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |