Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-6) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің бюджеттік комиссиясы құрылсын және құрамы осы қаулыға 1 - қосымшаға сәйкес бекітілсін (бұдан әрі-Комиссия).
- Комиссия туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қзақстан облысы
Айыртау ауданының
әкімі
|
М.Меңдібаев
|