Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мекемелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің" Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі М. Меңдібаев