«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты шешіміне баспасөз релизі

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты

шешіміне баспасөз релизі

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртауауданының мәслихаты «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.

Осы жобаның мақсатыСолтүстік Қазақстан облысы Айыртауауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінқолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендету.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында                  2025 жылғы 30 қазанынан бастап  14 қарашаға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтемеhttps://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15625632

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

 

СҚО Айыртау ауданы

әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм

бөлімінің басшысы                                                                    А. Махметов

Дата публикации
31 октября 2025