Сайланған әкімдерді тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

 

 

Сайланған әкімдерді тіркеу туралы

ХАБАРЛАМА

 

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 және 113-11 баптарына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 17 маусымдағы шешімдермен 2025 жылғы 15 маусымда сайланған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді: 

      

 Елецкий ауылдық округі бойынша

 

Ғабдуллин Жандос Игілікұлы, 1990 жылы туған, Елецкий ауылдық округінің әкімі, Елецкий ауылдық округінің Елецкий ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған.

 

Имантау ауылдық округі бойынша

 

Сейітқалиев Қазбек Кенжеғалиұлы, 1967 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған.

 

Қаратал ауылдық округі бойынша

 

Айтқожин Жәнібек Нұржанұлы, 1992 жылы туған, Айыртау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылында тұрады, «Respubliсa» партиясының мүшесі, «Respubliсa» партиясы атынан ұсынылған.

 

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
17 июня 2025