ХАБАРАЛАМА

ХАБАРАЛАМА

 

2025 жылғы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44 бабы 2-тармағына, 113-10 бабына сәйкес және Айыртау ауданы Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Елецкий  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Елецкий сайлау округі:

 

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 335 азамат енгізілді, оның 292 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 11, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 10. Есептен шығару куәліктері бойынша және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер жоқ.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

 

Ғабдуллиин Ж.И. – 204;  Жартанов А.С. – 25; Мұханбетжанова С.Т. - 42.

 

Елецкий ауылдық округінің әкімі болып Жандос Игілікұлы Ғабдуллин сайланды, 1990 жылы туған, Елецкий ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарған, Елецкий ауылдық округінің Елецкий ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған.

 

Имантау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Имантау сайлау округі:

 

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1443 азамат енгізілді, оның 818 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 5, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 62. Есептен шығару куәліктері бойынша және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер жоқ.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

 

Құсайынов М.Ж. – 66;  Рахиева А.С. – 55; Сейітқалиев Қ.К. - 630.

 

Имантау ауылдық округінің әкімі болып Қазбек Кенжеғалиұлы Сейітқалиев сайланды, 1967 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған.

 

Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Қаратал сайлау округі:

 

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 362 азамат енгізілді, оның 313 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 7, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 18. Есептен шығару куәліктері бойынша және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер жоқ.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

 

Азбергенов Р.С. – 17;  Айтқожин Ж.Н. – 250; Кәкеев А.Т.- 21.

 

Қаратал ауылдық округінің әкімі болып Жәнібек Нұржанұлы Айтқожин  сайланды, 1992 жылы туған, Айыртау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылында тұрады, «Respubliсa» партиясының мүшесі, «Respubliсa» партиясы атынан ұсынылған.

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 июня 2025