Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2025 жылғы 20 мамырда сағат 18.00-де Айыртау ауданы Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша барлығы 3 сайлау округінде 9 кандидат, оның ішінде 3 (30%) - саяси партиялармен, 6 (70%) - өзін - өзі ұсынумен ұсынылды.
"AMANAT" партиясы 2 сайлау округі бойынша 2 кандидатураны ұсынды, 1 кандидат «Respublica» партиясынан.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
2025 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша 9 үміткердің сәйкестігі анықталды.
Ұсынудың соңғы күніндегі ақпарат бойынша 2 кандидаттан кем тіркелген ауылдық округ жоқ.
Ағымдағы жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген кандидаттар жоқ.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.