Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары туралы ҚАУЛЫСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау және негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары туралы

ҚАУЛЫСЫ

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының                1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Айыртау ауданының Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған, Айыртау ауданы Елецкий, Имантау және Қаратал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.

 

 

                                        Р.Дәулетов

аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

Саумалкөл ауылы

2025 жылғы 7 мамыр № 18/01

 

 

 

 

Дата публикации
07 мая 2025