Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау туралы
ХАТТАМА
Саумалкөл а. 2025 жылғы 7 сәуір
Төрағалық етті:
аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Д. Мажғұлова
Қатысқандар: мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бас мамандары.
КҮН ТӘРТІБІ
1.Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Мажғұлова оқыды
Ұсыныс сұрақтары бола ма?
Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
- қолданыстағы заңнамаға, ережелер мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ филиалы және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
- тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы арқылы және «электрондық үкімет» порталында (аудандық БАҚ, жергілікті тұрғындармен жиындар, билбордтарды ресімдеу және т. б.) хабарлау;
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- келесі айдың 1 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ішкі бақылау бойынша ақпараттың сапалы және уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізу;
- жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып, есептерді жария талқылауды жүргізу.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Л.Биксандаева. - Айыртау ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау жөніндегі бас маманына жүктелсін.
Айыртау ауданы әкім аппаратының басшысы Д.Мажғұлова
Айыртау ауданы әкімі аппаратының
ішкі бақылау бойынша бас маман Л.Биксандаева