ХАБАРАЛАМА
2025 жылғы 16 наурызда Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44 бабы 2-тармағына, 113-10 бабына сәйкес және Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сырымбет сайлау округі
Сырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 762 азамат енгізілді, оның 643 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 18, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 10. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер - 1.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Бекенов М.Ж. – 512; Жақыпов Ә.Б. – 56; Серғазин Д.Т. - 47.
Сырымбет ауылдық округінің әкімі болып Медетбек Жұмабекұлы Бекенов сайланды, 1983 жылы туған, Казанка ауылдық округінің жерге қоныстандырушы - бас маманы болып жұмыс атқарған, Казанка ауылдық округінің Казанка ауылында тұрады, «АҚ ЖОЛ» партиясының мүшесі, «АҚ ЖОЛ» партиясы атынан ұсынылған.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы