«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-22-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау

ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық

мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-22-1 шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-22-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205622 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1- тармақ жаңа  редакцияда жазылсын:   

«1. 2025-2027  жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде                    2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 940 218,8 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 022 120,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 31 421,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 200,0 мың  теңге;

трансферттер түсімі – 7 877 477,3 мың теңге;

2) шығындар – 9 947 204,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 30 341,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер –151 382,0 мың теңге;                                                   

бюджеттік кредиттерді өтеу – 121 041,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу –0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -37 326,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                         –  37 326,6 мың теңге:

қарыздар түсімі –151 382,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 121 041,0 мың тенге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6 985,6 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 12-1- тармағымен толықтырылсын:

«12-1. Аудан бюджетінде 2025 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2024 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттер мен кредиттерді қайтару есебінен                     4-қосымшаға сәйкес шығыстар қарастырылсын.»;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 марта 2025