«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Имантау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы

      Имантау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы                     

 № 8-22-8  шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Имантау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-8  шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар  енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:   

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Имантау ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 236 228,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 20 388,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 215 840,0 мың теңге;

2) шығындар – 240 046,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 818,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

3 818,1 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 818,1 мың теңге.»;

5- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:   

«5. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 139 532,0 мың теңге сомасында ескерілсін.

Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі                 2025-2027 жылдарға арналған Имантау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;

келесі мазмұндағы 6-1- тармағымен толықтырылсын:

«6-1.  4- қосымшаға сәйкес ауылдық округінің бюджетінде қаржылық жыл басына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындары қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес 4- қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 марта 2025