«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы

Антоновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 8-22-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихаттының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-3 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 67 761,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 11 700,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 56 061,0 мың теңге;

2) шығындар – 68 952,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 191,9  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 191,9  мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 191,9  мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:

«5-1. 4-қосымшаға сәйкес ауылдық округінің бюджетінде қаржылық жыл басына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындары қарастырылсын.»;

көрсетілгін шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 марта 2025