Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Айыртау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Айыртау аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Барлығы 3 кандидат ұсынылды: оның 1 – саяси партиядан, 2 – өзін-өзі ұсынды.

Ағымдағы жылғы 23 ақпандағы сағат 18.00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның 1 – саяси партиядан, 2 – өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта кандидаттардың барлық құжаттары арнайы тексеріске жіберілді.

Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алды, сайлау бюллетеніне енгізілді.

Айыртау ауданның Сырымбет ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша тіркелген кандидаттардың тізімі:

- Бекенов Медетбек Жұмабекұлы, 1983 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Қазанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маман-жерге орналастырушы, Айыртау ауданы Казанка ауылында тұратын, "АҚ ЖОЛ" партиясынан ұсынылды;

- Жақыпов Әділ Бекболатұлы, 1973 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маман-жерге орналастырушы, Айыртау ауданы Кирилловка ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

- Серғазин Дәулет Тоқтамысұлы, 1986 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
23 февраля 2025