Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі
әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
Айыртау ауданының сайлау комиссиясы
ХАБАРЛАЙДЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес Айыртау ауданының сайлау комиссиясы 2025 жылғы 18 ақпанда келесі кандидаттарды тіркеді:
Сырымбет ауылдық округі бойынша
Жақыпов Әділ Бекболатұлы, 1973 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Айыртау ауданы Кирилловка ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Бекенов Медетбек Жұмабекұлы, 1983 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Қазанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Айыртау ауданы Казанка ауылында тұратын, «АҚ ЖОЛ» партиясынан ұсынылды;
Серғазин Дәулет Тоқтамысұлы, 1986 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Саумалкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы