Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы ҚАУЛЫСЫ

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Сырымбет ауылдық округінің әкімін сайлау

бойынша сайлау округін құру туралы

ҚАУЛЫСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына,  21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Сырымбет ауылдық округі әкімінің шекарасында - Сырымбет сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімін оның шекараларын және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Айыртау ауданы әкімінің интернет-ресурсында және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.

 

 

Р. Дәулетов

                    Аудандық сайлау

      комиссисының төрағасы

Саумалкөл ауылы

2025 жылғы 5 ақпан

№ 3/01

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2025