Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Сырымбет ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау және негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары туралы
ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айыртау ауданының Сырымбет ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған, Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.
Р.Дәулетов
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Саумалкөл ауылы
2025 жылғы 5 ақпан № 3/02