2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Қамсақты ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

  

2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы

 Қамсақты ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Қамсақты ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 109 834,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 260,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 105 574,0 мың теңге;

2) шығындар – 109 834,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.
  2. 2025 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі  23 854,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 81 720,0 мың теңге сомасында ескерілсін.

Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі                 2025-2027 жылдарға арналған Қамсақты ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
18 декабря 2024