2025-20267 жылдарға арналған Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

2025-20267 жылдарға арналған Айыртау ауданы

 Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 106 1880,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 13 150,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 93 038,0 мың теңге;

2) шығындар – 106 188,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.
  2. 2025 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 22 102,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 70 936,0 мың теңге сомасында ескерілсін.

Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі                 2025-2027 жылдарға арналған Гусаковка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. 5. Осы шешім 2025 жылғы1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
18 декабря 2024