2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

      

 

                             

 

2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы

Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданы Володар ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 187 500,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 187 500,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі –  0 мың теңге;

2) шығындар – 187 500,0,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.

Көрсетілген аудандық бюджеттен 2025-2027 жылдарға арналған Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
18 декабря 2024