2025-2027 жылдарға арналған Айыртау
ауданының бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабы 2-тармағына, 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 3 456 908,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 144 599,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 31 421,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 200,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 276 688,0 мың теңге;
2) шығындар – 3 456 908,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 121 041,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер –0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 121 041,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу –0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) –121 041,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 121 041,0 мың теңге:
қарыздар түсімі –0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 121 041,0 мың тенге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
3) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
6) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;
7) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға акциздер;
8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
9) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
10) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
11) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
12) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
13) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
14) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
15) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
5) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
6) шетелдіктер үшін туристік жарналар;
7) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.
Бюджеттік кредиттердің сомаларын бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.
Көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.
Антоновка ауылдық округіне – 23 632,0 мың теңге;
Арықбалық ауылдық округіне – 35 407,0 мың теңге;
Гусаковка ауылдық округіне – 22 102,0 мың теңге;
Елецкий ауылдық округіне – 12 822,0 мың теңге;
Имантау ауылдық округіне – 31 560,0 мың теңге;
Казанка ауылдық округіне – 22 009,0 мың теңге;
Қамсақты ауылдық округіне – 23 854,0 мың теңге;
Қаратал ауылдық округіне – 16 629,0 мың теңге;
Константиновка ауылдық округіне – 25 111,0 мың теңге;
Лобанов ауылдық округіне – 19 671,0 мың теңге;
Нижнебурлук ауылдық округіне – 15 359,0 мың теңге;
Сырымбет ауылдық округіне – 22 107,0 мың теңге;
Украин ауылдық округіне – 26 064,0 мың теңге.
Көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «2025-2027 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.