«2024-2026 жылдарға арналған Айыртау ауданы
Константинов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 8-11-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Айыртау ауданы Константинов ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 54 418,7 мың теңге:
салықтық түсімдер – 13 432,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 738,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 40 248,7 мың теңге;
2) шығындар – 57 120,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 701,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 701,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 701,6 мың теңге.»;
5-2- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5-2. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 888,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2024-2026 жылдарға арналған Константиновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.