Константиновка және Лобанова ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРАЛАМА
2024 жылғы 4 тамызда Айыртау ауданы Константиновка және Лобанова ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2 тармағына, 113-10 бабына сәйкес және Айыртау ауданы Константиновка және Лобанова ауылдық округтері әкімдері сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Константиновка сайлау округі
Константиновка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 275 азамат енгізілді, оның 905 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 32, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 43. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер жоқ.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Бекенов М.Ж. – 61; Орлов С.В. – 692; Сексенбаев А.А. - 77.
Константиновка ауылдық округінің әкімі болып Сергей Валентинович Орлов сайланды, 1980 жылы туған, Антоновка ауылдық округінің жерге қоныстандырушы - бас маманы болып жұмыс атқарған, Володаровка ауылдық округінің Саумалкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған.
Лобаново сайлау округі
Лобаново ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1197 азамат енгізілді, оның 854 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны - 21, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 45. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар – 9.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Ақжолов А.А. - 49; Әбілдин Е.Ж. - 62; Қошқарбаев С.Б. – 677
Лобанова ауылдық округінің әкімі болып Саят Біржанұлы Қошқарбаев сайланды, 1980 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Володар ауылдық округі Саумалкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы