Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Лобанов ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Айыртау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Лобанов ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Айыртау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

Константиновка ауылдық округі бойынша

Барлығы 3 кандидат ұсынылды: оның 1 – саяси партиядан, 2 – өзін-өзі ұсынды.

Ағымдағы жылғы 14 шілдедегі сағат 18.00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның 1 – саяси партиядан, 2 – өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта кандидаттардың барлық құжаттары арнайы тексеріске жіберілді.

Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алды, сайлау бюллетеньге енгізілді.

Айыртау ауданның Константиновка ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша тіркелген кандидаттардың тізімі:

- Бекенов Медетбек Жұмабекұлы, 1983 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Қазанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

- Сексенбаев Ақан Алтайұлы, 1976 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы мәслихатының аппараты» КММ бас маманы, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

- Орлов Сергей Валентинович, 1980 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Саумалкөл ауылында тұратын, "АMANAT" партиясынан ұсынылды.

 

Лобанов ауылдық округі бойынша

Барлығы 3 кандидат ұсынылды: оның 3 – өзін-өзі ұсынды.

Ағымдағы жылғы 14 шілдедегі сағат 18.00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның 3 – өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта кандидаттардың барлық құжаттары арнайы тексеріске жіберілді.

Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алды, сайлау бюллетеньге енгізілді.

Айыртау ауданның Лобанов ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша тіркелген кандидаттардың тізімі:

  • Әбілдин Еркен Жаңабайұлы, 1991 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

 

  • Ақжолов Айдос Айтқожаұлы, 1992 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Антонов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұратын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
  • Саят Біржанұлы Қошқарбаев, 1980 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2024