Айыртау ауданы бойынша ауылдық округтері әкімдеріне
кандидаттарды тіркеу туралы
Айыртау ауданының сайлау комиссиясы
ХАБАРЛАЙДЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес Айыртау ауданының сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 шілдеде келесі кандидаттарды тіркеді:
Константиновка ауылдық округі бойынша
Бекенов Медетбек Жұмабекұлы, 1983 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы Қазанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Айыртау ауданы Новоукраинка ауылы, Шоссейная көшесі, 275/ 2 үй мекен-жайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Сексенбаев Ақан Алтайұлы, 1976 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы мәслихатының аппараты» КММ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы, Саумалкөл ауылы, М. Янко көшесі, 9 үй мекен-жайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Орлов Сергей Валентинович, 1980 жылы туған, бас маман-жерге орналастырушы, «СҚО Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, Саумалкөл ауылы, МКР, 49/9 үй мекен-жайыда тұратын, "АMANAT"партиясынан ұсынылды.
Лобанов ауылдық округі бойынша
Әбілдин Еркен Жаңабайұлы, 1991 жылы туған, «СҚО Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы, Янко көшесі, 20 үй мекен-жайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Ақжолов Айдос Айтқожұлы, 1992 жылы туған, СҚО Айыртау ауданы Антонов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ауылдық аумақтарды дамыту және жастармен жұмыс жөніндегі бас маман - салық агенті, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы, М. Янко көшесі, 179 үй мекен-жайы бойынша тұратын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Саят Біржанұлы Қошқарбаев, 1980 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы, МКР 78/55 үй мекен-жайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Айыртау аудандық сайлау комиссиясы